Сайтыңызды оңай тапсын десеңіз...


Осында бір жазбада біреу сайтының іздеу моторларында (google, bing, yahoo, yandex...) табылмағанын айтыпты. Оның бірнеше себебі бар. Мысалы, кейбір сайттарды өзіңіз қоспасаңыз немесе қосылатындай әдістерді жасамасаңыз, әлгі іздеу жүйелері сайтыңыздағы контентті индекстемейді. Индекстелмеген контент іздегенде шықпайды.

Кеш индекстелу
Іздеу жүйелері барлық сайтты бірдей индекстей бермейді. Бір сайтты ерте, бір сайтты кеш индекстейді. Индекстелу үшін де аздап әрекеттену керек. Сайтыңыз кеш индекстелетін жағдайда Гуглдан іздеп, таппай қалған болуыңыз мүмкін.
Сайтыңыздың тезірек индекстелуі үшін жасалатын әрекеттердің бірі мынадай:
Сайтты іздеу жүйелеріне тікелей қосу:
a) Google үшін www.google.ru/addurl
b) Bing үшін www.bing.com/webmaster/SubmitSitePage.aspx
c) Yahoo үшін siteexplorer.search.yahoo.com/submit
d) Yandex үшін webmaster.yandex.ru/addurl.xml
e) Mail.ru үшін go.mail.ru/addurl

Бұл іздеу жүйелеріндегі іздеу нәтижелері бірдей бола бермейді. Мысалы, Яндекстегі іздеу нәтижесінде (тізімде) бірінші тұрған сайт Гуглде 3-4 төртінші тұруы мүмкін.
Бөлісу:

2 пікір