"Бір физиктің махаббаты"
Өмірде әр түрлі топтағы адамдармен кездесесің. Оның барлығымен ортақ тақырыпта сөйлесе бермейтінің анық. Жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жаманмен өткізген мың күнге татымас дейді ғо. Кеше сондай бір жақсы ақын Әкім аға Ысқақпен болды. Бұл кім десеңіздер айтайын, Маржан Арапбаева айтатын «Соңғы вальс» әнінің, «Нұр-Мұқасан» тобы орындайтын «Іздеймін сені» әндерінің, сонымен бірге кім айтатынын білмеймін «Көңіл қымбат, адамдық сезім қымбат» деген өлеңдердің авторы. Кеше Астанадан Алматыға емделуге келген ағамыз қонақ үйге орналаспай, өзін іздеп жүріп оқитын, әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандарымен кездесіп жүр екен. Тіпті ол кісі: «Маған жастармен кездесіп тұрған ұнайды. Өйткені, біздің кезімізде біз мүшайраға қатыссақ сол кездерде Жарасқан Әбдіраштар сияқты ақындар-жазушылар біздермен бірге әңгімелер айтып, ой бөлісетін. Сөйтсем соның барлығы үлкендер мен жас буын арасындағы байланыс екен ғой» — деді. Ия, шынымен де Әкім аға айтқан әңгімеден рухани байып, ерекше шабытпен қайттық. Ол кісінің оқуға түскенінің өзі бір қызық әңгіме. Әкесі ҚазҰУ-дың журфагына тапсыруға жібермейді. Оның себебі, Алматыда ешбір туысының жоқтығы. Содан жақын тұрған Шымкентке филологияға тапсырмақшы болады. Ол оқуға танысың болмаса түсе айлмайтынын сонда жүрген лаборнаттар ескертеді. Содан не болса да, оқуға түсу керек деген алдына мақсат қойып, физика факультетіне барады. Соңғы емтиханы басында қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма болады делінсе, дәл сол күні орыс тілі мен әдебиетінен ауызша емтихан болатынын біледі. Сонда дайындалып жүрген бір студенттің қолындағы кітаптан Пушкиннің туылған мен қайтыс болған жылын жаттап алады. Содан дәл емтиханда Пушкиннің туылған жылын сұрайды. Бір де бір орысшаны білмейтін ауыл баласы бұл сұраққа жауап бергенмен, келесі сұрақтарға жауап бере алмай, емтиханнан келесі жылы тапсыруға қалады. Ол қайта тапсыратынын естігенде, тағы сұрақ беріңізші дегенді орысшалап «Дайте, еще папирос» дейді. Емтихан алып отырған әйел одан сайын, ашуланып оны сыртқа алып кетуін сұрайды. Қайта сұрақ беріңізші деп орысшалап жылап тұрып алады. Сонда ортада отырған емтихан қабылдаушы, бұл баланың мән-жайымен танысады. Ағаның өзі: «Қандай сұрақ берсе де, жауап бере алмайтынымды білсем де, жалған көкірек бой бермеді» дейді. Сондан ортада отырған емтихан комиссиясының төрайымы маған орысша бір өлең айтып бер дейді. Сонда ағамыз алтыншы сыныпта жаттаған Пушкиннің бір өлеңін жатқа соғып, сол емтиханнан бес алып шығады. Содан оқуға түсіп кетеді. Кейін физика факультетінде оқыған ағамыз студенттік жылдарында «Бір физиктің махаббаты» деген өлеңімен «Жігер» фестивалінің лауреаты атанып, Әбділда Тәжібаевтан бата алған екен.
Әкім ағаның «Махаббат хаттары» атты кітабы жарық көрген болатын. Содан жоғары аталған «Бір физиктің махаббаты» деген өлеңді де қоса ілейін.
Айым, саған телескоппен қарадым,
Найзағайдай жарқ еткен жанарың,
Жүрегіме милиампердей ток беріп,
«Броундық қозғалысты» өткеріп,
Күйіп – жанамын.
Өн бойымда молекулалар соғысы,
Әйтеуір тынышсызданамын.
Вакуумдегі ойларымның есебін,
Таба алмастан еш емін,
«Изохоралық процесті» кешемін.
Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы,
Неге сенің көңіл-лампың жанбады?
Айтсаң айтшы,
Жүрсең егер жаратпай,
Болмайықшы аттас зарядтай.
Физиканың заңдарына бағынып,
Жарықтардай толық шағылып,
Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.
Жарықтардың интерференциясы сияқты
Қосыла алам ба деп қоям сұрақты.
Естимісің жүрегімнің ультрадыбысын?
Жаным, бұл қай тұрысың?!
Берші маған энергияны, қуатты.
Күнім, түсін,
«Больцман тұрақтысындай»,
Махаббатым тұрақты!
Әкім ағаның «Махаббат хаттары» атты кітабы жарық көрген болатын. Содан жоғары аталған «Бір физиктің махаббаты» деген өлеңді де қоса ілейін.
Айым, саған телескоппен қарадым,
Найзағайдай жарқ еткен жанарың,
Жүрегіме милиампердей ток беріп,
«Броундық қозғалысты» өткеріп,
Күйіп – жанамын.
Өн бойымда молекулалар соғысы,
Әйтеуір тынышсызданамын.
Вакуумдегі ойларымның есебін,
Таба алмастан еш емін,
«Изохоралық процесті» кешемін.
Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы,
Неге сенің көңіл-лампың жанбады?
Айтсаң айтшы,
Жүрсең егер жаратпай,
Болмайықшы аттас зарядтай.
Физиканың заңдарына бағынып,
Жарықтардай толық шағылып,
Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.
Жарықтардың интерференциясы сияқты
Қосыла алам ба деп қоям сұрақты.
Естимісің жүрегімнің ультрадыбысын?
Жаным, бұл қай тұрысың?!
Берші маған энергияны, қуатты.
Күнім, түсін,
«Больцман тұрақтысындай»,
Махаббатым тұрақты!
3 пікір