Керек-Айтыс басталады жақында

Айтыстың электронды түрін өткізіп көрсек деген ұсыныстар бар. Админ ретінде ұйымдастыру жағын өз мойныма алып жатырмын.
Өтетін орны — осында арнайы қауымдастық ашылады, сол жерде әр жұп өз шумақтарын пікір ретінде жазып отырады.
Қатысушылар саны — 8 ақын 4 жұпқа бөлінеді. Одан кейін жартылай финал, сосын 3-ші орынға талас және финал.
Алғашқы төрттікке жүлдеміз бар.
Тақырып — Интернет төңірегінде болғаны дұрыс шығар деп ойлаймын.
Қатысуға өтініш — қатысқысы келетіндер маған жекеге жазсын. Тақырыбын Айтыс деп жазсын.
Жеребе — маған келген өтініштер реті бойынша жүргізіледі, яғни 1 — 5, 2 — 6, 3 — 7, 4 — 8
1-ші өтініш білдірген адам 5-ші өтініш білдірушімен жұптасады.

Ережелер және қосымша ұсыныстарыңызды осында пікір қылып жазыңыздар.
bk
Бөлісу:

153 пікір

satibaldi
1-ші өтініш білдірген адам 5-ші өтініш білдірушімен жұптасады.
Амиго, жынысымыз бірдей боп қалса ше?..
asaubota
жұптасу тек жыныстық қатынас деген мағынада емес қой
just19
Өлең шығару дарыным болғанда, мен де қатысар едім. Ақындықты қорлап қайтемін.

Айтыс қарағанды қатты ұнатамын. Жаңа түрін көрейік қалай болатынын. Жалғасын табар сәтті бастама болсын.
omarbirat
Дауыс беру жағы? Сауалнама арқылы?
asaubota
соны білмей отырмын қалай болатынын. жюри сайлаймыз ба әлде біреуі жеңілдім дегенше айтыссын ба?
qisyq
Екі қызылкөтен кездесіп қалып, екеуі де жеңілдім деп айтпай қойса, отыз күнге созылған баяғының айтысы болып кетіп жүрмегей. Оның үстіне, шілденің басында ауылға баруым керек.
asaubota
жюри сайлаймыз және уақытын да белгілейміз. 24 сағат жететін шығар деп ойлаймын.
asaubota
тәәәк 1-ші қатысу өтініші келді, енді қалған 7 адамды күтеміз сосын жұптарды жариялаймын.
seken
Сонымен кім ЖЮРИ болады?
Qojeke
Айтақтап отырғаннан басқа шарам жоқ.
asaubota
жюрилікке рейтингі жоғары мына кісілерді ұсынсам дұрыс болатын сияқты деп ойлаймын:

@satibaldi @Aizhantabyn @omarbirat @Gastarbaiter және өзім

@Abilakim айтысқа қатысатын шығар деген ойламын, сондықтан қоспадым оны.
Abilakim
Жарайды, жори болады десең боламын ғой.Басшылық айтса бас шұлғимыз)))
asaubota
жюри болмай айтысқа қатысатын шығарсың деймін
alisha
дұрыс-дұрыс, қатыссын!
konvict
@sammita-ны қосқанда болар еді.
alisha
өте дұрыс, бірақ оны біраз күтуге тура келетін сияқты ғой
konvict
Үйбу, есімнен шығып кетіпті ғой.
edige
@teriskeyде де бар қосары
edige
Қазылар алқасына «Тоңазытқышында маргарині жоқтар» @satibaldi болып жүрмесін тағын
alisha
Жақсы бастама екен.
19852407
Айтыс басталса, жұмыс жайына қалады десеңші!
Jacqabaies_Chirac
Цеван Рабтан vs 777 студияға нақтар кілең
Gastarbaiter
))))))))Лібә, лібә уфф уфф. Ол ережесіз айтысқа жетер айтыс көрмедім десем Жамбылдың әруағы домбырамен тасымды жарып жүрмей ме екен?))))
Мен жюри болайын жарайды. Бірақ менің мінезіммен Больцман би сияқты түлкіні даулап келген екі аңшыға " ешқайсыңа бұтақ та жоқ, түлкі менікі, қойымды істейсіңдер ме?" деген үкім шығаруым әбден мүмкін.
Jacqabaies_Chirac
тарих аннальдарында "*уйым айтыс Цеван Рабтан vs 777 " деген аттікімен қалған жахуйттардан үзінділер келтіргенді жүн көріп отырымын ептібайымайдтар:
(13.96 Kb, 150x226)
(18.48 Kb, 182x122)
(29.84 Kb, 169x202)
(14.1 Kb, 176x208)
О қу дұния ол да бір дәурен екен шешесстің ((((((
Gastarbaiter
Тбаймайттың херсалаңы-ай, сенімен де боқ жағысып едім. Кәрі жау жаңа жаудан ыстық болады екен-ау)
Jacqabaies_Chirac
кәзір бір құдды бал қосылған пибі ішіп жүргендей жаздың ғой түге жасыл ит-ай ә )))))))))
Gastarbaiter
Басқаға зәр шашқаннан аздау ләззат алатынымды айтам, шопақбас-ау)))
Dinara
Жақсы бастама
Бұрынғы қайым айтыс деген есімде, қызығып оқушы едік қой
serjan
Қуана-қуана қатысар едім, жақынғы бірнеше күнде инт-ке шыға алмайтын сияқтымын. Айтысып болғандарды «сынау» жағын қатырамыз ғой әрине.
patick
Айтысқа түспеуден жарыс болса қатысар едім. Ал енді мына сайысқа түсе алмаймын — ақындық өнер бұйырмапты.
Dinara
бізге сол, шәй құйып беру, 1-раунд, 1+1-Екінші раунд деп саусақпен көрсетуге көмек қажет болса айтарсыздар
Gastarbaiter
Фигураң жынды екен!
satibaldi
@admin, рахмет! Қазылыққа әлгілікке, кешірерсіздер — мүшелікке қабылдағандарыңызды көріп, баллдық жүйе жасауға кірісіп кеттім, бітті, мен алып қойдым!
konvict
Негізі сізді Сатекесі, айтысқа қатыстыру керек еді. Төрешілікке @urimtal-ды алса дұрыс болар еді деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Үрімтал құрығанда бәріне бір-бір пішінәдан таратып беріп, бәрін жеңімпаз қылады ғой)
konvict
Әбіл-ай! Ол жағы да бар екен ғой. Қойдым.
ИМХО, Сатыбалды айтысқа қатысса мықты болар еді. Бір жағынан жастарға да орын беріп төреші болғаны да дұрыс екен
serjan
@satibaldi қазы болса физиканың заңдарын бір оқып шығыңдар ақындар.
Maya
Аздап өлең шығаратыным бар, бірақ айтысу қолымнан келмес. Айтысқа Бабайка жақсы еді, ол кісі осында бар ма өзі???
Zilola
Ол Шанхайға кеткелі, қытайлармен айтысып жүрген шығар ))
babaika
Нихауың нихау нихау аааай деп па
Zilola
йе-хоу!!!
Сәлем жан!!!
babaika
салем Зилола ханым!
Zilola
Қояндардың қызығын жазшы, тақырып ашып, плиииз
babaika
Әлемде бір халық бар "қоян" деген,
Ойнаған қиын дейді ел қоянменен.
Жетінші атасы оның түлкі дейді,
Жүреді екен жауды оқсыз жоям деумен.
Беті күліп бұлардың еті күлмес
Күліп жатып Арыстан қоянда өлген.
Біз де жүрміз қоянның сырын аңдып
Бір күні оны мақтамен соям деумен!
AKY
Айжантабын өзі айтыспай ма?
Gastarbaiter
Оның қонжығы айтысады
asaubota
бүгін тек 3 адам ғана өтініш жіберді
Aizhantabyn
ооо, күшті))) Жюри болуға дайынмын, бірақ жасы үлкен, тәжірибесі мол юзер боламын десе, қарсылығым жоқ))))))

З.Ы. өмірімдегі позитивтің жарқын нұры болатын түрі бар))))))))))
meirzhan
Мәә, күшті екен.  Қатысқым келеді, бірақ көрермен, тойыс оқырман боламын.
alisha
Айтыс қашан болатын болды? Жақындаға жақындауға әлі көп бар ма?
asaubota
әлі 4 адам керек
alisha
қатысуға ынталылар аз болса, қатысушылар санын, тиісінше жүлделі орындар санын азайтуға болады ғой...үш жұп шықса жарамай ма?Сонда Қара Сақал қатыспай ма не?
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 15:19
satibaldi
Сен ше? Әншейінде ауыз жаппастың кері келгені ме саған да (ох епті, @kilyzaman -ның стилистикасы дендеп кетіпті, нвқтың).
alisha
Неге? Жоғарыдағы көненің көзіндей айтыстарды көріп, шарқымды тағы бір мәрте шамалап ап, белді бекем буып отырған жәйім бар, жаным!
satibaldi
Ойбай бәсе, сен қатыспасаң құрығанымыз да. Комиссия мүшесі ретінде Сізге тіпті жүзім жыламайтынын ескерте кетіп, тек өз талантыңызға ғана сенуіңізді сұраймын.
P.S. @KILYZAMAN,
alisha
Мынау әлгі ана дүниеде ел-жұрттың күнәсін салмақтайтын объективті адамның пікірі ме? Әлде «жаным» дегенімнен жағымпаздық көріп отырсың ба? Интонациясын дұрыс келтірмегенге ұқсайсың.
satibaldi
Ия, объективтілігіме екі дүниеде де уайымдап жүрмін: о дүниеде — күнәһарларды анықтатып, бұ дүниеде — Медеу Аудандық Сотының төрағасы қылып қоя ма деп, тығылып күн кешуге мәжбүрмін.
alisha
Маған неғылдейсің? Қайғы жарыстырмақсың ба әлде?
satibaldi
Саған бірдеңе дегені несі нақ? Айтысқан кезде біреулер кездейсоқ ұтып кетпес, қазы әділ ғой деп, екілене отырып айтысуға психологиялық жағдай жасап отырм мен нақ!
Судьяға арпылдағаның үшін бір ұпай шегеріледі. -1 -ден басауға мәжбүр боласыз, ренжімеңіз.
alisha
тығылып күн кешуге мәжбүрмін 
дегеніңді айтам да…
satibaldi
Жақсы, бір ұпай қостым: 0-ден бастайсың ел қатарлы.
alisha
Дисквалификацияға жібермегеніңе Шиваңа шүкір!
alisha
психологиялық жағдайыңа болайын… маған тіпті жүзі жылымайтын адамның алдында психологияма «комфорт» қайдан?
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 17:50
satibaldi
Мынауың алдын-ала жеңілуге сұранып тұрған не ақын өзі? Әділ қазыға шапқаны несі, тап қазір 3 ұпай шегерсем, орны толмас қайғы болар деп қорықпайсың ба? Тыныш жүр ей қарағым, ел қатарлы айтыс.
alisha
Сатеке, өзіңе тым көп алып қойған жоқсың ба???
Айтыс басталған жоқ қой әлі. Сосын мына сөздеріңізден қорқайын дедім. Бағалау ережесін алдын ала мақұлдап алу керек сияқты.
satibaldi
Ереже жоқ. Тек Менің ғана Құдіретіме және Әділеттілігіме үміттенуіңе тура келеді. Мен патшалардың патшасы Хаммурапи, өзіме Құдайдың берген өкілдігімен ұкім етемін: кімде-кім біреудің өгізін өлтірсе — орнына өгіз төлесін.
alisha
Құдіреттің не керегі бар, әділдік болса жарайды, Сатекс!
satibaldi
Әділдікке кепілдік беремін дедім ғой енді! Әділдігім сондай, мұндай әділдікті қалай ғана қиып біреуге беремін деп қам жеп отырмын осы отырғанда, айтыс күні жақындаған сайын ішім удай ашид.
alisha
Әділдігің әбден сарқылып, ана дүниедегі миссияңды орындай алмай қап жүрмеші тек
serjan
объективтілігіме екі дүниеде де уайымдап жүрмін:
Пара беретіндер табылса обьективтілігің адра қалып, бұтыңның астында қалатын шығар.
asaubota
сонымен әзірше мына кісілер өтініш білдірді:

Abilakim, AKY, alisha, Erbol, Nurgisa, qisyq

реттік сандары емес алфавит бойынша жазып отырмын, ал реттік санын тек мен білемін, өйткені жеребе сол бойынша

енді 2 адам керек, келесі дүйсенбі бастап кетеміз
alisha
Ескі жау атыспаққа жақсы...Бұйымтай сұрауға болмас па???
patick
Не ғо, чемпион болғаны ЕуроЛигаға жолдама ала ма?
AKY
Дүйсенбі күні таңертең 9-дан бастайсыңдар ма? Менің 3 сағ айырмашылығымды ескерулеріңізді сұраймын.
sammita
жұмысқа 6-да келудің еш сөлекеттілігі жоқ. Организмің украинаға сатылып кетпесе
asaubota
5 жюри екі ақынның біріне береді дауысын, сосын жалпы нәтижесін мен шығарып отырамын. таза жеңгендер 5-0, 4-1 қылып жеңеді. ал әзер жеңгендер 3-2
alisha
арық 5-тен толық 4 жақсы дейтін еді бір мұғаліміз
әзер жеңгеннен, абыроймен жеңілген жақсы сияқты
Beytanis
Жеңілістер ұмытылады, жеңістер есте қалады дегенге қалай қарайсыз?
VKM
Бабайка да қатыссыншы. Ол өлеңді қатырады
satibaldi
Саған-ақ ұнамайтын адам жоқ екен нақ.
VKM
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 21:38
satibaldi
babaika
саған ақ ұнайтын адам жоқ екен нақ
babaika
ВиКи досым, сәлем! өлеңді қатырамыз ғой, өздерін ақын санайтын ақындар айтыса берсін. Жеңіп шыққанымен айтысуға болады.
Қазылар бұл қайдан шыққан дәу деп келіспейтін болса, айтыстың келесі додасына бірінші үміткер болып жазыламын.
Әлемнің жарығын көрсетеміз, қорқпа!
Zilola
қатыса салсаң нең кетеді, сөз маржандары деген сенің аулаңда шашылып жатыр емес пе
babaika
термосқа шай құйып қойдым, өздеріңіз ағызып іше беріңіздер айтысым бар еді деп, той үстінде өлең құрап отырайын ба фатаның астынан?
Zilola
ой, кетЧ
жазасың-ау сен де, просты сені сағынып қалыппын
alisha
өздерін ақын санайтын ақындар айтыса берсін
мысалы, мен өзімді ақын санымаймын, олар қайда, біз қайда?
Пікір түзетілген: 24 маусым 2011, 15:02
VKM
Алиш, сен қатыспасаң кім қатысады? Мен фанатеть етемін саған
alisha
жоқ, қатысамын ғой, бірақ «ақындық» деген атаққа таласпаймын деп жатқаным ғой Рахмет саған! Қазір аса мәртебелі әбілқазы Сатекс келіп «Сен кімге фанатеть етпей жүрсің?» деп тиісетін болды-ау…
VKM
айтаверсін)))Алиш, сен менің кумирымсың
alisha
Жұлдыз ауруға шалдығып, жарысқа шықпай қалмасам жарар еді
babaika
Зилола, қатысқым кеп тұр, уақыт тапшы. Егер осы жобаларыңыз сәтті өтіп, тағы аламан болып жатса, міндетті түрде қатысамын, жаным!
Zilola
ОК, келесі жолғы айтыста саған шәй таситын қыздың рөлін өзім атқарамын
satibaldi
Сіз шәй тасуға тұратын адамның да болуы мүмкін бе, бұ қу дүнияда?
Zilola
не бопты? Микошқа шәй тасымасам, қазнетте неменеге жүрм?
satibaldi
Лібә, Микош деге кім тағы?
Zilola
@babaika ғо, няғып естен танып қалдыңыз? ))
VKM
Сонымен айтысты күтудеміз)))
satibaldi
Күт, күт, үлкендеу шелек ала кел.
alisha
Сенбейсіздер ғой… Түсімде Қисықпен жұптасып, айтысайын деп жатқан жерімде :"Қисық өлеңдері біраз жерге дейін барған ақын, менің атымнан шыққан бір өлең көріп пе едіңіздер?" деп, айтыстан бас тартып жатыр екем. Бас тартқанда, бір төрт шумақпен жолымды Қисекеңе беріп жатырмын.

Айтысты түсімізде көретін болдық… Бір болса, Сатана күні болар деп, біраз заготовка дайындап қойған ек, ол да қалды
sammita
іштей дайындалып жүрген екенсің ғой, түсіңе дейін еніп жатса (Админнің кіндігіне мыс пирсинг)
alisha
жоға, түсімде солай "қуатыным" бар
meirzhan
фантазияңыз бай екен онда. Жалпы түсті көп көріп, шамамен "қуу" онша жақсы емес. Қайта түс көрмей ұйықтау — жақсы.
alisha
солай ғой, түс көрсем, ұйықтамағандай болып оянамын
AKY
Өзім түс көргенді жақсы көрем))) Өткенде түсімде бір қызды өлімші қып сабаватыр екем
meirzhan
түстеріңіз комменттер сияқты десем шындықтың ауылына жақын болам ба?
AKY
Кетей кімге тиісіппін соншама? Ол түс қой: жай менің подсознанием))
konvict
Түсімде мені аямағаныңызды білемін
qisyq
Алдындағы әңгімеден кейін менің көрген түсімді білсең ғой, @AKY…
AKY
Ойыбай, ойыбай… Үндеме!
sammita
кекшіл екенсің, түс кейіпкері бұжыр бет шығар.
AKY
ол емес)) Ващще танымайтын біреу)) Но енді өлтірдім, беттен де, белден де теуіп)
Zilola
мен бір жолы бір таныс емес жігітті тура тұмсықтан жұдырықтап жатыр екенмін, анау былқ етпейді ей, бет-аузы қан жоса болғанымен.
AKY
Іштен теппейсің бе))) Мен сөйтем))) Тимей қалса, жақындатып алып, көздеп тұрып)))) Ощм, шала ұқтап жатам ғой дим)))
Zilola
түсімде былай жасаймын деп алдын-ала алгоритм құра алмайды екенмін, құрғанның өзінде, ұйықтап жатқанда бәрі басқаша ғо, ощм түсім мен өңім екі бөлек дүние
VKM
мяяя, Айгера,қандайсыңи?
meirzhan
менікі де сол ғой.
qisyq
Түсіңде не көрсең, өңіңде керісінше болады.
Beytanis
"Өзі болатын айтыс па, болмайтын айтыс па, бұл" деп қамшылап қояйын…
asaubota
2 адам керек әлі.
Cevan_Rabtan
Ей, албасты, үш жеті!
Тірі болсаң, шық бері!
Біз де қарап тұрмайық.
Хуйым айтыс бастыйық!
qisyq
Үш жетісі кім, Scheschesse? Әй, зарлатпай, шықсаңдаршы! Берекемізді алып болды ғой, түге!
Zilola
777 келмей ақ қойса екен, бұлардың айтысы жестки айтыс
Gamk
Мен қатыссам жеңіліп қаламын. Сондықтан тілімді тістеудемін.
alisha
енді екі аптадан соң еңбек демалысына кетемін… Оған дейін басталмаса, 3 үміткер іздеу керек әлі
sammita
осы аптада басталар деп отырмыз.
alisha
қызып кетіп, демалысқа кетпей қалмасам жарар еді
sammita
сыйлыққа путевка алып кетерсің бәлкім
alisha
жүлдеден дәмелі емеспін, қызық үшін ғой Әйтпесе, аты мәшһүр ақындардың қатарындағы "әуесқойы" мен ғана
asaubota
2 адам келу керек немесе 2 адам кетуі керек
KILYZAMAN
Логикаңды өңгере алмай отырмын... Кворум сияқты бірнәрсе ме?
asaubota
6 адам еді өтініш білдіргендер. маған 4 немесе 8 керек, ең соңында финалда 2 адам қалу үшін.

Қара сақал қатысамын деді, енді 1 адам керек.
sammita
қазылардан біреуін алсаң қайтеді? Нағыз мықтылар сонда тұр. Айтыстың көркін ашар сабаздардың бірін босат қазылықтан. 4 адам болса да жеткілікті Аршаттың жүйріктеріне.
TERISKEY
"@sammita-ны қосқанда болар еді." ©Konvict
sammita
Менде ондай өнер жоқ қой, рахмет
konvict
Қазының біреуін айтысқа жіберіп, сізді төрешілікке сайлайық
AKY
Теріскей, сен қатыс.
sammita
ол уже бар шығар «ақ тізімде»
TERISKEY
ааа, біздікі тасада тұрып тас ату жағы болмаса, мұндай шаралардан тыс қалуды жөн көрівотрмыз (өз кезегімізде Қарасақалға еті-бауырымыз езіле бәлет етіп, үкілі үмітіміз де сол екендігін тілге тиек еткім келедЧе)
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 15:51
konvict
Бәріміз біргеміз, берік іргеміз. Қарасақал мен саған өз аруағымды жіберемін
alisha
Конвикт, сені ВКМ деп отырсам… оның осыған ұқсас аватары болып еді ғой
VKM
соны айтам, шатастырып
alisha
Мен қызғанып жатыр ем, жанкүйерім әп-сәтте Қарасқалдың жағына шығып кетіпті деп, бәсее
VKM
Алиша,я твоя навекисендікпін ©
Altygradus
өзі басталад дегеніне біраз болды күтіп жүрміз ғой жанкүйер болуға дайындалып
meirzhan
Ұйқассыз, ережесіз айтыстар болса жақсы болушы еді. Бәрі қатыса беретіндей. Жай пост ашып, сонда еркін жаза берсе. Ермек үшін.
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 22:59
aikarakoz
Осындай көгала айтыс неге болмайды қазір, а?