«Күзгі жапырақтар» сагасының аяқталуына аз қалды…
2008 жылдан бері теледидардан көрсетіліп келе жатқан «Күзгі жапырақтар» түрік сериалы біздің елде үлкен аудитория жинай алды. Бізде ғана емес, Түркияның өзінде сериал бес маусымында да үлкен рейтингпен өткен екен. Тіпті «Манчестер Юнайтед» пен «Бешикташ» арасында өткен матч та көрермендер арасында осы сериалдың рейтингісіне жетпепті.
Түрік классигі Решат Нури Гүнтекиннің «Күзгі жапырақтар» романы бойынша түсірілген бұл сериал 17 марапат алған, ал басты рөлдердегі Халил Ергүн (Али-Рыза Текин) және Бенну Йылдырымлар (Фикрет) өз рөлдері үшін бірнеше рет үздік актер/актриса атанған. Сериал түсірілген «АйЯпым» киностудиясында жас мамандар жұмыс істейді екен. Және көбіне әйелдер. Барлық маусым 39-жасар продюсер Месуде Ерасланның жетекшілігімен түсірілген. Сонымен қатар сценаристер Эдже Йоренч пен Мелек Генчоглудың да еңбектері зор.
Отағасы Әли-Рыза Текиннің рөлін Түркияға танымал актер Халил Ергүн ойнайды. 1946 жылы 8-қыркүйекте туылған актер 46 жылын театрға, 36 жылын кино мен теледидарға арнапты. 71 фильм мен телесериалдарға түскен. 7 рет үздік актер атанған. Сонымен қатар 2,5 жыл түрмеде де отырыпты. 1994 және 1999 жылдары Стамбулдың Бейоглу ауданының әкімдігіне ұсынылып, бірақ жолы болмаған екен. Өзінің айтуы бойынша өмірінде 5-6 рет ғашық болған, бірақ осы уақытқа дейін отбасын құрмаған.
«Күзгі жапырақтардағы» рөлі жайлы Халил Ергүн былай дейді «Осы рөл қаншалықты жауапкершілігі мол, әрі қиын екенін түсінемін. Сериалды әртүрлі жастағы адамдар көреді. Адамдардың санасына әсер етеміз. Кейде жағымды, кейде жағымсыз. Қалай болғанда осылай әсер ете алатынымыз бізге үлкен жауапкершілікті арттырады. Сериал көрген әрбір адам өзіне жақын образды іздейді. «Күзгі жапырақтарда» болатын оқиғалар кез-келген адамның өмірінде болған болуы мүмкін. Біз де актерлер өз кейіпкерлеріміздің өмірімен өмір сүреміз. Көрермендер мен актерлер арасында осындай достық болғанына қуаныштымын».
Актриса Гүвен Хокна (Хайрие) 1946 жылы дүниеге келген. Тегінде болгар қаны бар екен. Бірақ өзі Стамбулда туып өскен. 45 жыл бойы театрда жұмыс істеген, бірнеше фильмдерге, сериалдарға түскен. Жас кезінде балетпен айналысқан екен, алайда жарақат алып, кейін балетті тастап кеткен. Бірақ өнерге деген құлшынысының жоғалмағандығын айтады.
Бір қызы және бір немересі бар. Өзінің экрандағы Хайриемен ұқсастығы құбылмалы мінезінде шығар дейді. Алайда мамандандырылған актриса болғандықтан әртүрлі кейіпкерлерді салу қиын еместігін айтады.
Бенну Йылдырымлардың (Фикрет) 8 жылы осы Фикретпен байланысты екен. Бастапқы төрт жылда Фикреттің рөлін Стамбулдық театрда ойнаған, ал кейін 4 жыл сериалда сомдаған. 1969 жылы 22-қарашада дүниеге келген актриса негізінде театр актрисасы бойынша білім алған, және көп жылдарын театрға арнаған. Сонымен қатар бірнеше фильмдерде, сериалдарда ойнаған. Өзінің әріптесімен тұрмыс құрған, бір қызы бар. «Күзгі жапырақтардағы» рөлі мен өзінің өмірінде ешқандай ұқсастық жоғын айтады. «Ол образ тек экрандағы образ ғана. Экрандағы менің кейіпкеріме қарап менің де өмірімде осындай жағдайлар бола ма деп ойлайтын шығар. Жоқ, болмайды. Мен өте тынымсыз адаммын, және күйеуімнің ондай әрекеттерін құптамас едім. Ешкімге Фикреттің тағдырын тілемеймін» – деген екен.
Лейланың рөлін сомдаған актриса Гөкче Бахадыр 9-қараша 1981 жылы дүниеге келген. Радио және телевидение мамандығы бойынша білім алған. «Күзгі жапырақтардағы» рөлінен кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. Лейланың образын келтіруде аса қиындық туындамағанын айтады. «Романдағы Лейла мен сериалдағы Лейланың мінездерінде көп айырмашылық бар. Лейла менің ішкі натурамнан көп нәрсе алды, сонымен қатар оны сезімтал еттім. Әрбір актер өзінің кейіпкерін өте жақсы түсінуі керек. Түсінбеген уақытта ойын шынайы шықпайды».
Алғашқы маусымда Текиндердің жалғыз ұлы Шевкеттің рөлін актер Жанер Куртаран сомдаған. Ол 1978 жылы туылған. Алайда кейін шамадан тыс наркотик қабылдағаны үшін айыпты болып, сериалдағы ойынын тоқтатуға тура келді. Кейін емделіп, қазіргі уақытта теледидардағы жұмыстарын жалғастыруда.
Соңғы маусымдарда Шевкеттің рөлін 1981 жылы туылған актер Хасан Күчүкчетин жалғастырды. Осы уақытқа дейін аса танымал болмаған актер, сериалдан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды.
Түрік Моника Беллучиі саналатын Фахрие Евжен де (Неджла) танымалдылығы үшін осы «Күзгі жапырақтарға» рахметін айтса болады. Фахрие 1986 жылы 4 маусымда Германияда дүниеге келіп, балалық шағын сонда өткізген. Әкесі Солоникидан, ал анасы ұлты бойынша – черкес. 19 жасында анасымен бірге Стамбулға қыдырып келіп сериалға түсуге ұсыныс алыпты. Міне осыдан бастап теледидарға жолы ашылған екен.
Дүйім жұртқа осы сериалдан кейін танымал бола бастапты. Және танымалдылығына әйгілі түрік әртісі Озжан Денизбен 2 жылдық қарым-қатынасы да әсер еткен.
Басты зұлым – Ферхунденің рөлі түрік актрисасы Дениз Чакирға бұйырған екен. Ол 31-желтоқсанда 1982 жылы Анкарада туылған. Сериалда жағымсыз кейіпкерді ойнаса да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, көптеген сауалнамалар бойынша жұрт Ферхунденің істерін бақылайтынын айтқан екен. «Көрермендер арасында танымал болуым менің өнерге табынушылығым болар. Осыны бастан-аяқ алып шыға алдым ба осы мен мазалайды. 26 жасымда жағымсыз кейіпкерді сомдаймын деп көрерменнің ықыласына бөлендім. Бірге ойнаған әріптестерім де ойыныма жақсы баға берді, көмектесті. Сериалда атам болып ойнайтын Халил Ергүнге алғысым шексіз. Актерлық өмірімде осы адамды жолықтырғаныма бақыттымын. Ол өз ісінің маманы ғана емес, керемет адам. Мен оған қарыздармын, әрбір актрисаға өмірінде осындай талантты адамнан сабақ алу бұйырмайды» – деп сұхбат берген екен.
Сериал барысында Дениз бен Нихат Алтынкайа (5-маусымда Серхатты ойнайды) арасында сезім пайда болған екен. Бірақ соңғы уақытта түрік прессасында олардың айрылысып кеткендігі жайлы хабар тараған.
Огуз Айханды актер Толга Карел сомдайды. Актер 12-қазан 1978 жылы туылған.
Ал сүйкімді көршісі, Шевкетке жауапсыз ғашық болып жүрген Седефті Седа Демир ойнайды. Өкінішке орай интернетте ол туралы мағлұмат аз.
Ал ең танымал кейіпкер – ұрысқақ кемпір Джеврие ханымды Гүлер Өктен сомдайды. Ол 1941 жылы туылған екен. Бүкіл ғұмырын театр мен киноға арнаған. Күйеуі де Түркияға танымал режиссер – Зеки Йоктен. Танымал отбасының балалары болмапты. Бірақ бұл екі жұптың 40 жыл отасуына еш кедергі болмаған екен. Ол өзінің сұхбатында маған барлық марапттаулардан осы 40 жыл құрған отбасым артық дейді. Сонымен қатар көптеген фильмдерде екінші пландағы рөлдерді сомдағанмен менің образдарым мықты болған, ешқандай өкінішім жоқ деп сыр бөліседі. «Күзгі жапырақтардағы» Джеврие ханымның рөлі жайлы «Менің енем ондай емес. Тіпті енем анамнан да асып түсті. Анам біраз қыңыр кісі болған» – дегенді айтады. «Джевриені түсінуге болады. Ол күйеуінен ерте айрылған. Сол себепті де ұлын ешкіммен бөліскісі келмейді».
Міне, басты кейіпкерлердің өмірімен біраз да болса таныс болдыңыздар. Сериалдың соңы жайлы біраз нәрсе біліп қалдым, қазір соны ойласам біртүрлі өкініш билеп барады. Бірақ бәріміз бірге соңына дейін көрейік. )
шынымен мықты сериал. фавориттерім Неджла мен Седеф.
Седеф бесит)
Неджла дура.
құдай бар екен…
соңында өледі екен ғой, мұнда да хит болған сол сериал, осы қыста ма жақында бітіпті әйтеуір
Сериалға келетін болсам, маған ұнады.
Мен 58-ші ма сериясынан бастап қарадым, түсініп кеттім.
Дениз Чакир актриса ретінде менің фавориткама айналды. Неджланың талантына да, сұлулығына да тәнті болдым.
Актерлардың барлығына респект! Образға ене білді, сонымен де сериал шынайы шыққан. имхо
www.youtube.com/watch?v=yBgAPvWMO-M
түсіріп алу үшін keepvid.com сайты арқылы түсіріп алуға болады.
31-канал финалды келесі дүйсенбі қайталап көрсететін шығар.
1.09 дағы Tebessum әні ұнап қалды.
бітеді бүгін. орнына мына сериал басталады, «Фатмагүлдің кінәсі не» деген. былай нормальный сериал сияқты, қарауға болады. 31-канал жаман сериал қоймайды.
P.S Көкжалдар мекеніндегі Искендер де ойнайды екен.
Алла разы болсын!!!
мына музыка сен үшін: www.kerekinfo.kz/blog/turkserial/13.html#comment60427
сосын ссылканы қой да, басып жібер. сосын 3 түрлі вариант береді түсіру үшін солардан mp4 дегенді басып, түсіріп ал.
Туріктердің fox каналында Дениздің 432-ші сериясы болып жатыр, соны қарап журмін
Ара арасында ауыстыршы мынаны, өзімнің проблемам аздай деп қойым қаламын, сіңілім кетЧ деп қуып шығады
Берна ханымды корсем жынданып кетіп калатын едім көрмей, бірак кейін ол істегендерінің сазайын тартатын болад…
осы «Күзгі жапырақтар» сериалы тым кайгылы ма бірдене болды гой, сол сериялды коргенде қатты шаршап кететін едім, кейін узіліп калган кейін кормей кеттім, мындагы соңгы сериясын коріп отырмын, койгандарга рахмет
Осы корей сериялдары унайды маган, турік сериялдарындай ұзак емес,іш пыстырмайды,қызыгып бір демде коріп шыгасың.