Обшым, былай ғой, бұл нақты кесірткенің атауы емес Анау әшки киген баланың /есімді/ ойлап тапқаны ғой Ал шынымен осы кесірткенің есімін /түрін/ білмеймін?
Біздің ауылда мұны «батпа» дейді. Айбат шеккенде құлақ тұсынан айдаһар секілді қалқан айдаршалар атып шығады. Батпа деп, құмға секунд ішінде тез кіріп кететіні үшін атаған болса керек. Өте жылдам жануар.
Ия, батбат дейді. Біз жақта сексеуілдің басына да шығады, құмға да сүңгиді. Андай кесіртке сияқты емес, балпаңдап жүгіре алмай жатқанда оп-оңай ұстап алуға болады.
Кесірткенің бәрі бөлшектеп тастасаң бөлшектері жыбырлай бере ме? Боқмұрын шақта кесірткелердің құйрықтарын кесіп кесіп бөлшектеп тастап, ары бері секіретінін қызықтап тәнті болатынбыз.
Бір қызығы ол кесілген құйрықтың орнына басқасы өсіп шығады. Аңыздардағы басын кессе, қайтадан басқа бас өсіп шығатын айдаһар туралы әңгімелер осыдан қалса керек.
Керемет сурет. Қалай түсіргенсіңдер? Біздің ауылда кесіртке адам көрсе тұра қашады. Қуып жете алмайсың. Мақтағанның өзінде жетіп құйрығын басып қалсаң сопаң етіп құйрығын қалдырып кете барады.
Лібә, біздің үй жақ құмды жер да. Алдында адамның таңдай қаққаны сияқты дыбыстар еститінмін, «ц, ц, ц, ц» деген сияқты. Мен торғай деп жүрмін ғой. Сөйтсем кәдімгі кесіртке екен. Көрген соң «Юра кезеңінің паркі» деген фильмдегі кесірткелер есіме түссін. Сосын ойладым, ол неге өйтеді екен деп. Бір күні оны да көрдім. Айбат шеккеннен емес екен. Ондай дауыс еркектерінің «ысқырығы» көрінеді (айғырлардың кісінегенін де осындайға жатқызуға болатын шығар). Ойда жоқта «махаббат ойындарына» да куә болдым. Еркегі «ц, ц, ц, ц» деп қырындап келді де, үндемей тұрған ұрғашысын ыңғайлап алып, тәңкілдеткені. Ой, ептінемелер… Адамнан айнымайды қимылдағандары, бұлтың-бұлтың етіп. )))) Жүре берсең көре бересің деген осы.
кесіртке көрсем, тура бір құбыжық көргендей болам. сондай древний сияқты)
Дәйнозаврлардың заманынан келе жатқан шыныменен древнии жорғалаушылар емес пе…
бірақ сене алмаспын соған)))
рас айтады екенсің, Патрик! /Бат-бат/ екендігіне көзім жетіп тұр
Бат-бат кесірткесі жатырқамайтын кесірткеге ұқсайды
жақсылап тұрып бағалайық…