Академиктер елі Баянауылда

Мен үшін қазақтың кез-келген жері қымбат. Қазақтың керемет жерлеріне керемет ғұламалар дүниеге келген ғой. Ал, Баянауыл өңірінен Мәшһүр Жүсіп атамыздан бастап өткен ғасырдың ортасындағы Қазақ КСР ғылым академиясын тізгінін ұстаған академиктер Қаныш, Әлкей, Ермахан сияқты ғұламалрмен бірге қазақ киносының атасы Шәкен, Кәукен сияқты нар тұлғалар дүниеге келегенін бәріміз білеміз.
Сол ғұламалар елінен фотолардан үзінді тамашалаңыздар.
Мұса мырза мешітінің алды
Мұса мырза мешітінің алды.


Қажымұқан көтерген тастың жанында.


Қажымұқан сүбек ұстаа сыйға тартқан тас.


Қаныш Сәтбаевтың мұражайында


Әріптестер ботаникалық бақта!


Жасыбай көлінің жағасы


Түнгі Жасыбай жағасында.


Үңгірге апатын көпір.


Үңгірдің аузынан көрініс


Тауға шығамыз деп шаршаған апайлар.


Жасыбай көлі…
Бөлісу:

21 пікір

AKY
Жасыбайдың сұлуын-ай! Былтыр құрбым шақырғанда бара алмап едім…
izbasar
Құрбыңызға қайта хабарласыңыз өкінбейсіз!
AKY
Хе-хе, байға тиіп кетті, енді қолы босаса, қайдам...))))
izbasar
Жарайды бақытты болсын, сенде жұбыңмен барасың. Отбасылық достар!
Kozy
Кажымуканнын котерген тасы, керемет кой
izbasar
Расымен керемет, құшағың жетпейді, биіктігі менің бойымдай.
Altygradus
көлді түсіргенде бұлтты боп қалғаны өкінішті
izbasar
Кешке жақын түсірілген ғой!
patick
"Қажымұқанның тасы" таң қалдырды
edige
Тас десе тас екен…
izbasar
Тас емей не картондейсіңбе?
qisyq
Жарықтық, тастың төресі екен.
izbasar
Қажекең көтергелі 90 жыл өтседе далада қалмай ескерткіш болып тұр ғой. Расымен төре ьолып баянның төрінде тұр!
Arhun
осындай тасты көтеретіндігіне — сеніріңкімей тұрғанымды қарашы
Мүмкін емес қой…
Пікір түзетілген: 17 маусым 2011, 10:55
izbasar
Архун мырза! Ол қазіргі балуандар көтере алмауы мүмкін. Ломды білегіне орағанғой атамыз. Аллаһ ерекше күш берген. Қажымұқан атаңды танымағаның.
Arhun
Қажмұқанды танимын ғой: тіпті сол кісі жайлы бір кітапшаны оқыған кездерім болған
Қалай ойлайсың мына тастың массасы қандай болады екен?
Пікір түзетілген: 17 маусым 2011, 11:03
izbasar
Оны таразы салып көрмесек көтеріп біле алмаймын )
Arhun
түсінікті
Атқаты Баянаул — тамаша жер екен!
izbasar
Иә, көруге тұрарлық жер. Қазақтың әр жері керемет!
satibaldi
Көкшетаудың осындай суреттері бар ғой нақ. Бояннауыл!
izbasar
Қазақтың ұсақ шоқыларының ішінде Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау таулары ұқсас келеді де нақ.