Жігіт қызды ұнатса...

Бұл түріммен нағыз жауыз қыз мен болатын сияқтымын бұл дүниеде.

Барлығы айтады: «неге сен сондайсың?», «неге тырысып көрмейсің?», «неге дереу өзіңнен адамды алыстатасың?» — деп…

Ал мен айтам: «А жақындатқаннан не пайда?»… «Жақындағысы келетін адам өзін өзі олай ұстамайды...». Сосын барлығы бірден: «А, қалай ол солай ұстамайды деген?» — деп қызығады…

Жігіт қызды ұнатса, оған бір құшақ раушангүл береді…

Жігіт қызды ұнатса, ешнәрсеге қарамай, жан-жақты пікірлерді елемей ұнатады…

Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады.

Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады.

Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.

Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді

Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді.

Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды.

Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады.

Жігіт қызды ұнатса, оны шексіз құрметтейді.

Жігіт қызды ұнатса, оған сенеді, еркелігін көтереді, жылағанын көтере алмай, ол үшін барлығына дайын екендігін көрсетеді.

Жігіт қызды ұнатса, оны жылатпайды.

P.S. Әрине, бұл менің ойым енді. Сенікі дұрыс емес десеңдер, өздерің біліңдер. Бірақ ішімде жиналып қалған заттар бұл, так что переубедить не получится.
bk
Бөлісу:

184 пікір

AKY
Хмм… Бұл жазбаға не түрткі болды екен?
madlen
Сен ойлаған зат емес. Оның қатысы жоқ, ол адам золотой
Zilola
біреуге хат жазып жатыр едім, жақсы болды арасына осыларды қосып қоям
AKY
Ніқұя себе))) Хатыңды пост қылып жариялай салЧ сосын
Zilola
жөғей, болмайды
Біреудің хатын басқа біреу оқыған дұрыс емес
Оның үстіне бұл идея алмасу хаты
madlen
бұларды қоссаң, сенен де қорқып кететін болады адамдар. Қоссаң да, абайлап, подтекстке келтіріп ал.
Altygradus
мынан ұнатқандар өңкей қыздар екенбіз
madlen
ия, плюстер тек қыздардікі
zhanara2013
енді жігіттер жұмған ауыздар ашпай отыра тұрсын да…
Dinara
осы тақырыпта бір құрбыммен сөйлесіп болғаным осы еді. мұнда да сол әңгіме
VKM
Мадлен, маладес))) Ризамын)
direct
мойындаймын, мен ешқашан ешқашан мына жазбадағы қалау/талап/стандарттағы жігіт емеспін/болмаймын, дәл осындай қадам жасау ойымда жоқ)))
«Жақындағысы келетін адам өзін өзі олай ұстамайды...»
ия, барлық жігіттер кино/кітап/мөлтік/риуаят/әпсанадағыдай жақындай бермейді қыздарға))))))))
Makhabbat
madlen-нің айтып турган талаптары онша киын емес кой
madlen
айтқым келгені — жігіттер кішкене де болса тырысып, біраз жертваға бара алатындарын көрсетсе, болды ғой. Сол да жоқ уже, шын айтам.
Dinara
көп жігіт батыл емес, тәуекелге бел буатындары саусақпен санарлық… сыртыңнан жүреді сосын ақпар жинап, барлығын сұрастырып  Мадлен сенің айтқандарыңды жасағысы келетіндер де бар, бірақ басыма шығарып алам ба әлден деп қорқады.
ал негізі ғашықтық деген намаз сияқты болу керек, ниет еткеннен соң жан жаққа қарауға болмайды ©
madlen
бар шығар…
«я себя в мусорке не нашел» деген фразаны пір тұтатын адамды құлай сүйгем өзім.
direct
«я себя в мусорке не нашел»
кезінде менде осындай празыны айтатын қызды кәдімгідей құламай сүйгем, рас айтам))
madlen
@direct, сен шынымен 1983 жылғысың ба? сенің өзбектер туралы жазған посттарыңнан басқасының бәрі жасыңа сай келмейтін сияқты.
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 20:55
direct
ия, шынымен 1983 жылғымын.
мен бұл жерде ақтарылып жазып жүрген постым жоқ.
жасыма сай/сай емес жазбаларым жеке пырталым дайын болған кезде сол жаққа ілемін.
Кезінде Зере шақырып еді осы жерге, содан жоқтан бары деп жәй бірдемелерді түртіп жүрмін))
«Адамның жандүниесі терең тұңғиық...» деп жазыпты бір аптыр, так ышто
TERISKEI
@Dinara ханым! «негізі ғашықтық деген намаз сияқты болу керек, ниет еткеннен соң жан жаққа қарауға болмайды» — мына сөзіңізге құладым! Кім айтса да, айтқыш екен!!!
Dinara
кім айтқанын білмеймін, мен оқыған асылы түрікше болатын бұл сөздің
AKA
Күшті айттыңыз + сізге, мен де қосыламын соңғы сөзіңізге , жан-жаққа қарамағанын қалаймын түрік тілін білетіндерді жақсы көрееем, респект
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 22:50
direct
жоға, мадленнің айтқанын қиын деп жатқаным жоқ, бірақ, жақын арада қиындықтың көке/жәке/мәке/сәкесін көрейін деп жатырмын)))) ол қиыншылықты мадленнен көру пешенеме жазылмапты))))
direct
біз жақта сондай жұптар бар — сенің мына жазбаңнан өте өте далеко далеко)))) ну, сонда да араларында махаббаттары в полной комплектациях)))))
madlen
біз жақ дегенің — менің де жағым. Онда қалай екенін мен жақсы білемін…
direct
прям қарақайдың 4-отделениесін, колхоз лениннің 2-отделениесін, тем более винсовхоз, амангелді көшесі 7-үйді білетініңе күмәным бар)))))) тағы басқа да ауыл округтерін тізбей-ақ қояйын)))))
blackbeard
Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады.
+2
direct
мына подсказка саған жақсы бодығой))
Aizhantabyn
дұрыс) Маржан қыздың көркіне ақылы сай)))

Негізі, жігіт қызды сүйсе, жоғарыдағының бәрі келеді!

Әсіресе, кино туралысы супер))))))) (өзекті сұрақ)
TERISKEI
"Қыз жігітті ұнатса..." деген пост туа ма екен, а?
madlen
ол табиғи.
Мен уже біліп тұрмын шамамен не жазуға болатынын
direct
Ол постты белсенді құрдас Гаста тудырып жібермесе)
VKM
Бастап кетші сен
Altygradus
Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды.
осы бір нәрсе актуально сияқты
@Dinara құлаватырым ана афоризмге)) статусыма қоям
Dinara
аха, менде де кезінде фейсте тұрды сол афоризм қанша уақыт, байқамағансың ғо
satvaldo
лайт-еркекке сұраныс жоқары екен…
asaubota
соны айтам, еркек деген тастай болуы керек қой  

light шегіп ешкім рахаттана алмайды, бәрібір крепкийді аңсап тұрады.
blackbeard
өтті мынауыңыз 2012нің алды
satvaldo
ондайларды көргенде Давуд Гюлоғлуның «катула-катуласын» айтып, омен бірге колбасты билеп бергін келеді екен
Aizhantabyn
лайт еркекке емес, галантный, нағыз джентельменге сұраныс жоғары)))
yerbol89
Ия дұрыс айтасын Мадлен! Бірақ шын ұнатқан жігіт сен жазған амалдарды оны оған осылай істе деп те айтпай өздігінен істей береді. Ең қиыны не екенін білесін ба, сен жазғандай барлық амалдарды көңілі нұсқаусыз істеп жүріп, қыз оны бағалай алмай, бетін қайтарып тастап, жүректі қатты ауыртқаны. Басқа-басқа бұл жағдайды мен білемін, болды осымен тоқтады десем де алі жалғасып келеді. Кейде осы сен айтқан амалдарды орындап жүрсең кей қыздар тым жерден аспанға мен деп ұшып кететіні өкінішті…
Gastarbaiter
Осындай бір ойдың барын ішім сезіп еді Маржанда. Бірақ айтқанынан, айтылмай қалғаны көп сияқты. Мадлен кейбір адамдар сияқты «на публику» позитив шашып, лохтарға өтірік үміт беретін қыз емес екені, сөйте тұра кейбір кавалерлерінің әлсіздігін өзінің мерейін көтеруге тырысатын жалмауыз еместігі аузын "ә" деп ашқанынан белгілі еді өз басыма. Көріпкелдігімдіссс…
Жалпы постта мен келіспейтін заттар көп екен. Мәселен, жігіт қызды ұнатса деген пункттардың барлығын орындаудың логикалық нәтижесі қыздың жігітті ұнатуы сияқты. Алайда, махаббатта логика болмайды. Тфуй елки, осы жолы, тап нақ осы жолы зануда болғым келмей қалды аяқ астынан. Ступор боп қалдым кәдімгідей))) Шынайылық жетіспейді көп қыздарға. Төсті, көтенді қыз болмағаны әрине қалың минус, алайда ол минусты ішіндегі қазынасымен, және сүйкімді күлкісімен плюс қыла білетін Мадлен «маған ұнайтын қыздар/адамдар типі» деген тізімге бүгін бірнеше пунктті қосып, бірнеше пунктты сызып тастап, шаң басқан тұжырымдарды қайта қарастыруға мәжбүрледі.
«Бойдақ жігіттер, сендерге алтын сырға» деп өзімше сасық жеңгетайлық жасамай-ақ қойдым. Мадленге лайық жігіт менің ақыл-кеңесіме мұқтаж емес. Ол Маржанды идеал қылып таққа отырғызбайды, ол Маржанды кемсітіп, майдалық танытпайды. Ол бұл қыздың бойындағы тереңдікті еш публиканың қолпаштауын күтпейді, әсерлі подход таңдап әлек болмайды, ол қыздың жылтыр қабатының арғы жағындағы тереңдікті өлшей алады, өлшей алмаса, лайық емес…
neoman
Төсті, көтенді қыз болмағаны әрине қалың минус
Пысықсынып берген бағасымағың үшін өзіңе қалың минус, айналайын
zhanara2013
Бірін-бірі минустап, айналғандарымнан айналайын…
Gastarbaiter
Ербол жазыпТ:
«сен жазғандай барлық амалдарды көңілі нұсқаусыз істеп жүріп, қыз оны бағалай алмай, бетін қайтарып тастап, жүректі қатты ауыртқаны.»
,
Мәселе сонда, сен сол жасаған амалдарыңа қыздың жүрегін сатып алғың келеді. Ал қыздың жүрегі ол көт не басқа мүше емес, ол ешқандай логикалық амалға сатып алынбайды, ол эволюциялық селекция заңына бағынады.
Сосын басталады мұрнының боғын жеңіне жаққан әңгімелер ол мені бағаламады, мен оған ананы, мынаны істедім, ол менің кереметтігімді көре алмады -деген.
Қыздардың да жігіттердің де шатастырып ала беретін екі қасиеті бар.
Біріншісі ұната білу. Оны Мадлен жазды.
Екіншісі ұнай білу. Оны я құдай тумысыңнан береді, ия тренировка Качалкада емес, өмір өзенінде.
yerbol89
Сөз жоқ ағасы. Өте орынды жауабыңыз.
Aya
жасаған амалдарыңа қыздың жүрегін сатып алғың келеді. Ал қыздың жүрегі ол көт не басқа мүше емес
 күшт айтыпсыз))
blackbeard
Ал, мен сені шынымен де жаза алмайды деп ойлап жүрм ғо)))))))
TERISKEI
@Madlen ханым, 8-постыңызбен!
Aikona
Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды.
Мына бөлімің ғана реально ма деп қалдым, қалғанын кез--келген жігіт күнде жасай алады, осындай істер жасады екен деп алданып қалуға болмайды, өйткені бұлар 16-19 жасар қыздарға ғана арналған тәтті мармелад істер…
neoman
Сұрақ қойып, сұраққа берілген жауапты, реакцияны байқау дегеннің бәрі — тексеру. Онсыз кейде болмайды. Қызға деген қызығушылықты, танып-білуге деген ынтаны білдірсе керек.

Мен кейде әдейі конфликтке барам. Бұл да тексерудің бір түрі
a63a1
@madlen саған өтірік маған шын мен тура сенің жазғаныңдағыдай махаббат рөлін ойнағам, тағдырға жазбағасын болмайды екен, үлдемен-бүлдеге орасамда, ақыры тағдырымыз ұштаспады. Арақ ішіп кетсембе екен сандалып деген күндерімде болған, ақыры нешік адам деген бәріне көнеді екен. Келмеске кеткен махаббат!
madlen
Жаным-ау, сен сияқты жігіттер аман болсын әрқашан!
a63a1
Рахмет, Қазір мен "өзің емес өзіңді сүйгенді ал" деген принциппен жүрмін, бірақ қалай болады екен, егер мені сүйген қызда осы принципті ұстанса?
madlen
Жұрттың бәрі сол принциппен жүр. Не болады екен?..
neoman
Сезім дегеннің өзі ойын ғой. Спектакль сияқты ойнау керек, кейде сәл жасандылық керек.

Маржан айтқандай қызды шексіз құрметтеп кетсең де болмайды, қызыңның алдында тряпка-подкаблучник болып, соңында далада қаласың. Надо держать марку Бұл фактіні қыздар да мойындайды
VKM
дұрыыыыссс
Мы любим тех, кто нас не любит и губим тех, кто любит нас ©
a63a1
көйлекасты кеткен күнім болған жоқ бірақ, орнымен жүрдік, бастысы сүзегіңе түсіруғой, қайрандағы балықты ұстау әсте қиын шаруа)
edige
Жігіт қызды ұнатса, оны шексіз құрметтейді.
????
madlen
??
edige
Сіз деп сөйлеу ма әлде тегімен айту керек пе?
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 11:55
madlen
жоқ, сеньорита деп шақыру керек
a63a1
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
беті безеу албастыда маған ақ періште болып көрінді
Aizhantabyn
хехе, бетінен ұрттап отырып сорпа ішкен адамдай айттыңыз ғой…
a63a1
ішпесемде жалап көрдім безеубет падрожкасының бетін! шмоки шмоки жасайсыңғой қайткенменде))
Aizhantabyn
ой ужас!

фууууу. Сосын сүйіктіңнің бетін сүйесің… капец!
a63a1
кечвар сен фаще жаман елестеттіңғой, ұшынып қалма, тфәй тфәй,
Aizhantabyn
)))
ұшынып қалам ғой дим))))
edige
Жігіт қызды ұнатса, қыз да жігітті ұнатуы керек
madlen
мхм, чуть-чуть шыдамдылық танытса болды ғой жігіт
a63a1
қашанғы шыдай береміз осы?
a63a1
қысқасы берсең қолыңан бермесең жолыңан деген дұрыс екен, көзім жетті
edige
Бәрін айт та бірін айт Жігіт сөз тастап қыз ойланып келіспей жүрген кезі бір ғанибет есте қалатын ең керемет моменттер…
«Давай» деп қалса өмір бірсыдырғы сияқты болып қалады ма бірнәрсе…
satibaldi
Қарап тұрсам — барлығың әйел мен еркек қатынасының ірі мамандары боп алыпсыңдар. Әжесстің.
Zilola
Бәрін айта та бірін айт, кім кімді ұнатса да взаимно болу керек, бір жақты сезім жарты жолда қалады.
Жеке өзім жігіт ұнатса болды, соңынан еріп кетемін деп қырта беремін, менің де ол кісіні ұнатуым керек.
blackbeard
Осындай шешендікті қайдан алғаныңа әлі күнге дейін жағамды ұстап таң қаламын ше
Zilola
бұны шешендік емес, өткен жылдардан алған опыт деп қабылда
blackbeard
өткен жылдардан алған опыт
постқа қатысы жоқ деп үміттенем
Zilola
постқа тікелей қатысты, ал пост иесіне мүлдем қатысы жоқ ))
zhanara2013
Барлық опытныйлардың мастер класы
qisyq
Хм… мынаны үйге көрсету керек екен.
19852407
madlen, мықты екен! қызздар қояр талаптардың дәл пернесін тауып шертіпсің
VKM
Сонымен мораль: Жігіт қызды ұнатса, ал қыз дос болайық десе,қоя салыңдарии… түк болмайды
Beytanis
Дұрыс айтасың. Кейін қыз өзі ыңғай білдірсе «ойланып-толғанып», *көзді қысып" ап, біз доспыз дей салу керек.
Beytanis
Еркектің аты еркек! Аялаңдар, еркектерді әйелдер!
VKM
қойшиии, бізді аялаңдар)
Dinara
еее, арқа сүйер азаматтарымыз аман болсын сол  солардың арқасында ғой
a63a1
солғой сендер, арқа арқа деп жүріп басқа қарай ұмтыласыңдар)) Биіктен құлау реанимацияға төте жол))))
Dinara
өзінің орнын білетін еркектер болса, басына шығып неміз бар
a63a1
сірә сенікі жөн жөн!!!
zhanara2013
реанимациядан басқа жақсы жер қимадың ба а?
Gastarbaiter
@Neoman былай деп түшкіріпТ:
«Пысықсынып берген бағасымағың үшін өзіңе қалың минус, айналайын»
— Минустан бұрын, @Madlen -ге арналған комплимент деп қабылдадым өз басым.
Әттең сендей джентельмен болу менің басыма жазбаған екен.
estetika91
«Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады».

«Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады» дегендеріңізге қос қолымды көтеріп қолдаймын. Шыны керек, кейбір кісілер (көңілдеріне келмесін) осы төзімділік, қыз жауабын күте білу дегенді білмейді.
Шынымен де, адамның көздері оның жан дүниесінен сыр аңғартады.Ақылды жан ең әуелі қызды сылдыр сөзбен емес, көздерімен (жанарымен) баурап алуы керек деп ойлаймын.
Осы орайда Мадленге сұрақ қойғым келіп отыр, Мадлен өміріңізде осы келтіріп кеткендеріңіздің бәріне сай келетін жанды кездестірдіңіз бе?
madlen
@estetika91, кездестірмедім. Бәрін біліп тұратын адамдар жоқ шығар… Мүмкін біз оларға үйретуіміз керек шығар.
Мен жігіттерден жазғанымның барлығын күтпеуге үйрендім. Так легче!
Zilola
айтпа, кейде жігіттің орнына жігіт болып кетуді де үйрендім, ұсақтанып кетті ғо олар (((
konvict
Меніңше Мадлен ханымның жазғаны қыздардың өзі жақсы көрмейті жігітке жауабы. Типі не үшін жақсы көре алмайтындығын айту. Жалпы қыздар жақсы көретін болса жоғарыдағы бір пункті де жоқ жігітті жақсы көре береді.
kuniqumar
өзіңе айтып тұрғандай қабылдадың ба?
Gastarbaiter
Меніңше бұл әрбір қыздың ұнатқан жігітіне тура айта алмайтын тілектері. Эх, неге соған өзінің ойы жетпейді екен?-деген сияқты. Талаптары емес.
Кейде қыз сені ұнатып қалады, ал сен бәрін бүлдіресің. Тым жиі звондау арқылы, ойыңды айт деп қысым жасау арқылы, ішпыстырарлық әңгімелер айту арқылы, мәмбеттік движениелеріңді қоймау арқылы қыздың алғашқы пайда болған керемет әсерін туалетке ағызып жібересің. Сол кезде, өыздың іші ашиды.
Біріншіден тым жақсы ұнап келе жатқан сені отшивать етуге мәжбүр болғаны үшін өзіне жыны келеді, екіншіден сен соны болдырмау үшін, қызды өзіңе құлату үшін түк істемегенің үшін, немесе мүлде қажет емес нәрселер істегенің үшін саған жыны келеді.

Мысалы, қыз сені ешқандай понтыңсыз ақ, сұмырай болсаң да, сөзшең болсаң да, кедей болсаң да ұнатып тұрады. Жай ерекше мінезің үшін, адам тартар сүйкімің үшін. Ақылың үшін в конце концов. Ал сен қай-қайдағы стереотиптердің әсерінен жасанды әрекет жасап, өзіңде жоқ нәрселерді дәлелдеуге тырысып жатасың. Бірақ бұл басқа тақырыптың әңгімесі.
VKM
келісемін!100 пайызға
socrates
космоспен байланысың бар
e_zhalgas
қарапайым шындық қо енД
Gastarbaiter
Күрделі өтірік деп кім айтты?
e_zhalgas
тәптіштеп жазғаның әсерлі шыққан қанша дегенмен
Gastarbaiter
Мына пікірің қандай қажеттілігіңді қанағаттандыруға бағытталып еді?
Adiletshu
Данышпансың, Гаста!
e_zhalgas
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді
ӨзекТ!
Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді.
Мынау қиын емесқо
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
Осы қиындау енД

пы.сы. Бұл осындай болыңдар дегенің ба? Оны алдын-ала ескертіп алып, кейін адамдардың өзіңе сондай жасанды мінез көрсетуі мүмкін деген қорқытпайды ма?! яғни, өзің айтқан адамды қандай болса, солай қабылдау керек дегенің жігітке де қатысты деп ойламайсың ба? ой, шо-то сұрақ көбейіп кетті
satibaldi
Жігіт қызды ұнатса, оны жылатпайды.
Аха, сонымен бірге: арыққа құлатып алмайды, автобуста жолақысын төлеп жібереді, мобиласының зарядын қадағалап отырады, ауыр шелек өктеріп келе жатса — көтеріседі, үнемі хал-жағдайын сұрап тұрады, таңғы анализ нәтижелерімен ұдайы танысып отырады, Шубертті жақсы көрсе — Шубертті жақсы көреді, Моцартты жақтырмаса — Моцартты жақтырмайды, Бахты жек көрсе — Бахты жек көреді.
Gastarbaiter
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді

Былайынша қараса, Мадленнің мына креативінде жеке басындағы мәселе ғана емес, көп жігіттерге жақсы подсказка берілген. Ұнатқан қыздарыңа әрқашан жағымды сюрприз болыңдар.
Бірден ашылмаңдар. Жақсы қасиеттеріңді біртіндеп ашыңдар. Қыздан да бірден ашылуын талап етпеңдер.
"Қыздың бар айтқанын істедім, ол мені тастап кетті" -демеу үшін, ол қыздың бар ойлағанын айтқызбауға тырысыңдар. Ауызбен айтып қойған нәрсесін істемеңдер. Айтылып қойған нәрсені любой топас істей алады. Айтылмаған нәрсені сезе білу, міне жүрек қасиеті қайда.
Сен оған «не істейін енді (саған ұнау үшін)?»- дедің. Ол саған сол сұрағың үшін ақ жыны келіп. «Бриллиант алып бер!» -деуі мүмкін. Бірақ асыл тас алып берсең де, әлгі ақымақ сұрағың үшін, сені ұната қоюы екіталай.
«Та-а-ак, қайда барамыз» -деу арқылы, сен өзіңнің бос қауашақ екеніңді білдіресің. Іші мазмұнға толы адам болсаң, сен міндетті түрде баруға тұратын, өзіңе ұнайтын жерлерің болуы керек, мейлің ол сквердің көп адам біле бермейтін бір бұрышы болсын, немесе қалаға/табиғатқа/тауларға керемет көрініс ашылатын ескі үйлердің шатыры болсын. Кештің жоспарын алдын ала ұйымдастырмаңаның, сол кештің нәтижесіне немқұрайдылығыңды білдіреді.
satibaldi
Осы жерге пыртфолиоңды қоса салсаң, сөздерің салмақтырақ көрінер ме еді, кім білген…
Gastarbaiter
Портфолиосын бірге арқалап жүретін бір амиго жетеді ғой деймін бір қауымдастыққа. Адам аттары мен суреттері керек болса, мен пас, арзан пікір иесі болғаным артық.
e_zhalgas
мыналар әркімнің жеке мінезіне байланысты ғо, үйретіп-айтып әуре болудың да қажеті шамалы…
гуру, мына пункт туралы не дерің бар?
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
Gastarbaiter
Інім, айтқан жоқпын ба, қыз сені сол қалпыңда ұнатуы мүмкін, ал сен жасанды қылықтар жасап, нешетүрлі техника қолданып жүрмін деп ойлауың мүмкін.
Сұрағыңа келсек, меніңще, автордың бұл тұжырымы таза шындық. Жігіт ұнағысы келсе, көбіне солай ететіні рас. Бірақ ол әрекеті оған қалаған нәтижесін беретініне ешқандай кепілдік жоқ.
VKM
Жігіт қызды ұнатса, келеді де алып кетеді))
e_zhalgas
ал, көне салады ғо?
VKM
қайда барады, көнбей
e_zhalgas
жестоко!
біздің түркістандық қыз алып қашқыш кейбіреулерге осыны (компетентті қыздың пікірі ретінде) айтып, көңілдерін орнына түсірейін
VKM
далада күз, суық, түк қызық емес,қызық болсын деп, кете салуға болады… хехе) қуывотрм, мән берме
zhanara2013
Түркістанда қыз алып қашу модалардың — модасы!!!
Gastarbaiter
Байғұс Борат осы сөзіңізге сеніп, Каллифорниядан «Памеланы алып келем» деп кеткен еді. Екеуінен не хабар бар екен?
VKM
Жақында тойлары болады)))
a63a1
Жігіт қызды ұнатса мендей-ақ ұнатсын
madlen
Абзалданбашы ))
a63a1
расын айтып отырмын, маған тиген қыз сірә бақытты болар деген үміттемін
madlen
всегда солай болсын! но оны айтканда ешкандай пайда таппайсын.
a63a1
таппаспын жақпаспым, Мен өзіңе жақтастым! Бірақ жүретін қызымнан көрі қасымдағы әйелім бақытты болсын!
madlen
а?
a63a1
болашақ әйелімді айтамын, қыздарға бақыт таратып болдым, жетер осы еркеліктеріде дегім келеді
madlen
тоже правильный ход
VKM
қыздарға бақыт таратып болдым
осы жерден толығырақ)))
VKM
Мадлен, хехе) рахмети)
blackbeard
Арзымайдиииииииии
VKM
сен Мадленсің бе?
a63a1
Жалықтым, толығырақ қыздар клубына кіргізсеңдер айтып берем
blackbeard
AKY Zilola Makhabbat bazuka monti madlen Esmeralda

Әуре болма, Абзалжан! Онда VKM жоқ екен өкінішке орай Болғанда әлдеқашан біз де кіріп кететін бе едіііік?))
a63a1
бұл қауымдастық, туалет сығалауданда қызығырақ болдығой =(
Gastarbaiter
айтпа, Венканың құпия сақтау қабілеті, менің уәде сақтау қабілетімен де әлсіз.
blackbeard
Осы жерде VKM 1 стақан жұтып алды
VKM
соның арқасында бақытты болдың ғой, Гаста. Маған көйлек қарызсың сен)))5 жыл өтіпті, пайызы да өскен шығар)))екі көйлек болып))))
satibaldi
Ең болмаса үш тауық асырап көрсеңдер нетті лібә
Korkem
сіз де өткенді сағынып отыр ма едіңіз? )
satibaldi
Мен ешқашан ештеңені сағынбайм.
Gastarbaiter
Мынау Сатыбалдының жазғаны емес, Жалғастың жазғанына ұқсайды. Пароліңді тағы ішіп қойдың ба?
temir1986
Ал осылай жақсы көрген жігітті көп қыздар лох деп көтке бір тебеді.
zhanara2013
Иттің ішіне сары май жақпайды ғой, епті… десең ия?
007
падкаблучниктің ұстанантын ережелері деу керек еді
Gulistan
Сөйткен Мадлен аруымыз өз бақытын тауып, сүйіктісімен қауышты.
Ортада қанша тілдесулер болды?!
AKY
Ортада қанша тілдесулер болды?!
Түк түсінсем бұйырмасын
Adiletshu
Тілеулестер деп оқыппын
mercedes
Мадлен байға тиді ма?
satibaldi
Е, әлгі, идеал еркектің обрызы ма еді әлгі. Ең болмаса әтештің раскраскасын бояп көрсеңдер нетті
aru
Мен бояп көргем. Бір күні сіңілімдікіне қызығып кетіп, бояп тастадым
Daniar-Alan
лібәә  қалай ұялмадыңыз? аж сіңліңіздікіннн??
Aldeken
Бір күні сіңілімдікіне қызығып кетіп
ужс...
omarbirat
Мына жазбаның барлық тармақтарына сай келетін еркекті қайдан көрдім десем…
Adiletshu
Аудармасын жазбасаң түсінбейміз
omarbirat
Просто еске түсіп кеткен соң шығара салдым видеоны. Аудармасын сосын шығарамын, қатты қажет болып бара жатса
asaubota
шығар, шығар. қызық болады
araika
«Жаңбырлы маусым» сериалындағы рөлі ұнайтын осы кісінің)
Rozatai
Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады.
Қолын көтерген смайлик!
madlen
мяя, мынаны еске түсірдің ғой *lol*
Rozatai
Сенің керекке қайта кіріп жүргеніңе сене алар емеспін))) Бір күшті пост жазшы ;)
madlen
ой мен всегда кіріп тұрам) Просто оқып кетем. Даже білмеймін не жазарымды, жанұя мен бала туралы жазайын ба? :)
Rozatai
да хоть что))) Сен, VKM сияқты қыздар жазса, мен жиі кіріп тұратын болам %)
VKM
Мадлен, күшті кездер еді ғой, иә?)