«Жетім бұрыш» бизнес көзі ме?
Алматыда тарихы ғасырға жуық бір орын бар. Ол – М.Мақатаев және Д.Қонаев атындағы көшелердің қиылысында, нақтылай айтсақ, Мақатаев атындағы көше бойында, жаяу жүргіншілер өтетін жерде орналасқан. Халық арасында бұл жер «Жетім бұрыш» деп аталып кеткен. Міне, біз сенбі күні «Жетім бұрышқа» келдік. Жаңбыр жауып, күн бұлттанып, қараңғыланғанына қарамастан қыбырлаған тіршілік уақыт өткен сайын қыза түсуде. Сағат күндізгі 15:30 -16:30 аралығындағы бір сағаттың ішінде мұндағы халықтың сұранысын, жанарындағы қалауын, үйді жалға берушілердің ниетін аңғарып қалғандаймыз.
Бұл жерде бұрын нан зауыты болған, қазір тек оның сұрықсыз ғимараты ғана тұр. Жаяу адамдар үшін жасалған тротуарда екі жиегінен айнала әр түрлі үстелдер, олардың үсті мен темір торға қолдан жазылған хабарландырулар ілінген. Кейбір үстелдер қолшатырмен көлеңкеленген. Тротуар бойында тау болып топырақ үйіліп қалған. Жүргіншілер осы топырақты айналып өтуге мәжбүр. Ал, хабарландыру иелері өздерінің тірлігіне кіріскен. Әрлі–берлі өтіп жатқан жүргіншілерді өздеріне шақырып, жалға берілетін пәтерлер мен үйлердің түрлері туралы хабардар еткен дауыстары бәсеңсір емес. Сауда қызу жүріп жатыр. Бұл қызу тірліктің ортасына кіріп, мұндағы күйді сезіну үшін пәтер жалдаушы ретінде пәтер іздедік. Бұл пәтерді жалға берушілер өздерін маклерлерміз деп атайды. «Маклердің» айтуынша: қаланың орталықтарында, атап айтқанда, Бостандық, Алмалы аудандарында бір бөлмелі пәтер құны орташа есеппен 60-65 мың теңге. Ал Көкжиек, Шаңырақ секілді қаладан тыс, шет аудандарында 40-45 мың теңге мөлшерінде.
Олар әр түрлі ұлт өкілдері, дегенмен, қазақтың қыз–келіншектері басымырақ көрінді бізге. Біз шетте отырған Зәуреш есімді әйел адамнан «Жалға берілетін үлкен үй бар ма?», – деп сұрадық. «С хозяйном или без?», – деп қарсы сұрақ қойды. «Әрине, без», – дедік. Қайран қазақ тілі, 50х50деген бағдарлама осы жерде жүзеге мықты асып жатқан сияқты.
Жолдың бергі шеті мен арғы шетімен жүріп, қайта-қайта айналған бір орта жастағы ер кісіге көзіміз түсті. Қасына жақындағанымыз сол еді, «пәтер іздеп жүрсіз бе?» деп сөзге тартты.
“Көктем ықшам ауданында 1-қабаттан бір бөлмелі пәтер бар. Құны – 60 мың теңге. Ұнаса алғаныңыз жөн болар. Қазіргі кезде сұраныс көп, әсіресе, студенттер”, -деді Айдос есімді маклер.
Келесі бір пәтер «отбасымен тұратын пәтер» екен. Бұл қалай десеңіз, пәтер ішіндегі бір бөлмені жалға береді екен. Осы пәтер иесінің айтуынша, «балалы жас отбасымен тұрасыз, Гагарин мен Водозаборная көшесінің қиылысында, құны 30000 теңге». Алыстан оқу іздеп келген студенттер үшін тиімді баға болып көрінуі мүмкін.
Ал кейбір студенттер үшін бөтен қыздармен тұру үрей туғызбайды. «Біз қыздармен тұрсақ қарсы емеспіз. Керісінше, үйдің тазалығына қарап, ас үйге иелік етсе болғаны. Бес жігітпіз, екі -бөлмелі үй 600 АҚШ долларынан түсер емес», -дейді Алмалы ауданынан пәтер іздеуші бейтаныс студент.
Бұл мекеннен тек пәтер емес, арнайы кеш ұйымдастыру үшін де екі қабатты не үш қабатты жер үйлерді де қарастыруға болады. Осындай үйлердің бірін Берік есімді үй иесі ұсынған болатын: «Сейфуллин мен Числинка көшесінің қиылысында еуро-стандарт үлгісімен соғылған, жиһаздармен жабдықталған үйді тәулікке жалға беремін. Ұмытылмас кеш ұйымдастыруда үйдің қашықтығы түк емес. Құны адам санына байланысты, әрбір адам басына 1000 тенге».
Ал, бұл кісілерден бөлек, зауыттың бұрынғы ауласы маңында темір тормен қоршалған шағын базар көрінді. Оның бір бөлігі сауда-саттыққа арналған, екінші бөлігі осы маклерлер үшін жасақталған екен. Мұнда бір қалыпта жасалған әдеттегі базардың темір сөрелері қаз-қатар тізіліп тұр. 5–6 адам ғана, алдарына қағаздарын жайып қойған. Неге азсыздар десек, өзгелері келгісі келмейді, аренда төлеуден қашады деген жауап алдық. Маклерлер сұхбат беруге онша ынта білдірмеді. Олардың күн көрісі осы пәтер жалдаумен байланысты, ал пәтерлерді қалай табасыз дегенге арнайы пәтер иелері келіп өздері бізге жұмыс тауып береді деді.
Света Құтқожина,
Меруерт Китманова

14 пікір