Виртуал әлем туралы алғашқы фильмдер

VR 5 /Виртуал әлем 5/

1995- жылы алғаш көрсетілімге шыққан телехикая біреу көрген, екеу көрмеген. Көрген адам ұмыттты деп ойламаймын. Өйткені «виртуал әлем» деген сөздің өзін алғаш осы телесериалдан естіп, әр сериясын тағатсыз күтуші едік. Көптеген тоқсаныншы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың фильмдеріне толықтай арқау болған эпизодтар мен мотивтер осында бастау алған. Мен үшін ыстық, сағыныш сезімін оятатын фильмдердің бірі. Торрентстерден таба алмай, ютубтан әзер тауып алдым.
Бастан аяқ қарап шығыңдар. Спецэффектері сұмдық емес. Бірақ виртуалды әлем туралы фильмдерде модаға айналған элементтердің біразы осы фильмнен алынғаны білінеді. Бұл фильмнің өзі пионер емес екенін ескерсек, сол жанрдағы қазіргі фильмдерге мүлде таңқалмайсыз.



Киберпанктың классикасы саналатын «Нирвана» фильмі ше? «Мортал Комбат» фильмінен кейін сүйікті боп қалған Кристофер Ламберт басты рөлде ойнайтын, Габриель Сальваторестің 1997-ші жылғы бұл фильмі ағайынды Вачовскийдің Неосы пайда болмай тұрып, талай адамның миын қопарған.
Бөлісу:

1 пікір

ken
Видео көрінбей тұр.
Бір жылдары әр жексенбі сайын түнде «Виртуальная реальность» деген кино болатын. «Виртуал әлем» деп отырғаның сол болса керек. Бір де бір сериясын толық көрген емеспін. Ішпыстырарлық болып көрінген, оның үстіне аты да түсініксіз еді.