Театрға бардым


Осы аптада Жамбыл облысында «Art Mix» өнер семинары өтіп жатыр. Семинарға Болат Атабаев бастаған біраз кісілер келіп, өз білгендерін осындағы әріптестерімен бөлісуде. Осы шараның аясында бүгін Тараз қаласының драма театрында үш қойылым болды. Біріншісі "Қыз Жібек", екіншісі Е. Әлімжановтың "Әр қазаққа — бір қатын!" қойылымы. Соңғысы — «Ассоль» музыкалық феериясы(ощм осылай деп жазылыпты нақтың). Мен осы соңғы спектакльге ғана үлгердім. Былайша жаман емес болды. Әсіресе, тавернаның иесі, ерке екі қыздың шешесінің рөліндегі кісі жақсы ойнай алды. Шынымды айтсам кейіпкерлердің есімі жадымда қалмапты. Айтпақшы Ассольдің абтыры П.Морозов деген біреу екен. Менің түсінгенім бойынша «Алые Парусаны» өзгеркен ба, әлде соған ұқсатқан ба — қойылым соңында принц алқызыл желкені бар кемемен келеді. Өкінішке орай спектакль орысша болғандықтан кейбір сөздерін ұғынуға өрем жетпеді. Режиссер тым әдеби тілді таңдаса керек. Ең ұнамаған кейіпкер — әулие шалдың образы. Сол рөлдегі актердің кемшілігінен болса керек, әулие шал тым қарапайым ойнады. Сахна төрінде тұрған оның көрерменнен айырмашылығы жоқ секілді сезілді. (Ұмытып барамын, Атабаев арқасына "@Ahi уішівөл" деп жазып алыпты  )

Спектакль аяқталған соң қойылымды талқылау болып өтті. Қонақ үш кісі өзінің ойын айтты. Ішінен тек Болат Атабаевті таныдым. Қалған екеуі Жанна Жантурина мен Юрий Ханинг-Бекназар шығар деп прес-релиз арқылы топшыладым. Сөз сөйлеген әйелдің қойған претензиялары ұнамады маған. Жоқ, дұрыс-ақ айтты. Бірақ оның елдің алдында өзін-өзі ұстауы жүйкеме тиді. (Абай, сенің жүйкеңе тигені кімге керек нақ?)
Одан кейін сөйлеген орыс жақсы айтты. Сөзді, әріпті көбейтіп не керек, ең мықты сөйлегені Атабаев болды. Алдыңғы екі спектакльді бір өзі ойнап шықты десе де болады. Алдында Эстетика ханым мақтап еді сол кісіні. Мақтауға тұрарлықтай кісі екен. Төрде тұрып қыздың қалай майысуы керек екенін көрсеткенде онша-мұнша қыздарың шаңына да ілесе алмайды екен.

Театрға бармағалы біраз болып еді. Бір рахаттанып қалдым. Келесіде тағы баруға желанием ашылып кетті. Сөз соңында айта кетерлігі өнер семинары 17 маусым күні аяқталады.
Бөлісу:

6 пікір

qisyq
Кәдімгідей театртанушы екенсің ғой
madlen
«Алые Парусаны» өзгеркен ба, әлде соған ұқсатқан ба
Ассоль сол Алые парусадағы басты кейіпкер емес па?

Ассольдің абтыры П.Морозов деген біреу екен
повестьтің авторы Александр Грин. Ал Морозов осы қойылымды сахнаға шығаған украин драматургі. Премьерасы жақында ғана (2009) Украинада болған, бізге демек енді келіпті ғой.
konvict
Рахмет ақпарың үшін. Мен білмейді екенмін.
meirzhan
Театрдан шыққанда тың рухи күшті сезіндің бе, жаңа идеялар келді ме?
Жалпы күнделікті күйбең-тіршіліктен демалу үшін, бір сарынды беретін ойлардан арылу үшін театрға бару керек сияқты.
Beytanis
Ең ұнамаған кейіпкер — әулие шалдың образы. Сол рөлдегі актердің кемшілігінен болса керек, әулие шал тым қарапайым ойнады. Сахна төрінде тұрған оның көрерменнен айырмашылығы жоқ секілді сезілді.


Майкіл Жексін секілді секектеуі керек пе?