Менің Ақзерем - X жаста! (мұндағы X in [16...18])

Бүгін көктемнің үш, жаздың жарты айын түнеріп шыққан Мазари Шәймерден аспаны кенеттен жарқ ете қалғаны! Талдың бұтағын дірілдетер титтей де жел, бір шөкім бұлт жоқ! Мұның сыры неде деп отыр едім. Сүйтсем — менің Ақзеремнің туылған күні екен!
Не дейін енді, не дейін! Таусылып сөйлейтін сөз, арфаны күмбірлетіп төгіп жіберетін күй, сегіз жол арнау шығарып жіберетін талантты Шива бермепті, нұрбергенмақымсстың. Ендеше не тілеп тұрғанымның барлығын айтып беретін… көздерімнің потосын жекеге жіберемін! Асты шамалы ісіңкіреп кеткенніне мән берме, сен жанарларымның не деп тұрғанын қара, Ақзере! Туылған күніңіз құтты болсын!
Бөлісу:

21 пікір

Zere
Рахмет, Сәтеке! Мен де сізді жақсы көрем!
Kozy
Туған күнінізбен))) Сонда қанша жасқа толдыныз???
gerakl
Ал, енді туған күніңмен! Жасың ұзақ болсын! Бақытты ғұмыр кеш! Көрген жақсылығың көп болсын.
19852407
Туған күніңмен!
Ақ жаулықты, әрдайым трендте, әдемі кемпір бол!
satibaldi
Кейде Сізді көлемді де қысқа тост айта білетін қабілетіңіз үшін жақсы көріп кетем.
Nurgisa
Анар, берекелі бір үйдің түтінін түзу түтетер, берекені еселер, ерінің қадірін әмәнда асыра білетін парасатты ана бол! Төркініңнің, барар жұртыңның мақтанышына айналуға жазсын, лайым.
Zere
Рахмет, Нұрғиса! Айтқаныңыз келсін! )
Altygradus
Анарка туған күніңмен! Жаңа жұмысыңда да, жалпы өмірде сәттілік, табыс тілеймін! Мамаң қуана берсін
ҚҰтты болсын
Пікір түзетілген: 14 маусым 2011, 12:34
satibaldi
Болғаны ма? Шие гүлі елінің тылсымдығымен құштар қылатын бес жолдық танкасынан соғады ғой деп отырсам нақ. Мынау не: «Басқа не айтайын, бақыттың ішінде бәрі бар» деген сияқты бірдеңе…
Zere
Сәтеке, бүгін менің туылған күнім сияқты еді ғой )))
Gamk
Құтты болсеееен Зережан! 1000 жаса деп тілер ем, бірақ сайтан емессің ғой. Анық 120 жас жасашы.
Айтқан жасты жасауың анық,
Күнің жарық,
Көңілің қарық,
Өміріңнің қуаныш бояуы қанық болсын!
TOTY
Сатекеңнің бірегей құттықтауы өзгелерге шаң ілестірмей кеткен бе...қалай өзі...
asaubota
Кербабаев Сатыбалды, Ақзеренің туған күнімен құттықтаймын!
Gulistan
Ақзере, поштаңа «көздер» келді ме құттықтауға?
Пікір түзетілген: 14 маусым 2011, 16:11
VKM
мяя, Ақзере қандай бақытты! 3 тақырып ашылды құттықтауға.Сатыпалдының Музасы… бұл енді почти что періште деген сөз
Makhabbat
Бугін мен ушін ең қымбат адамның туган куні еді,
сонымен бірге сенде осы жақсы куні дуниеге келген екенсің Ақзере,
туган кунің кутты болсын!!! Бақыт, денсаулық, махаббат тілеймін!
Gastarbaiter
Туған күніңмен! Х-іңе Х, Y-ңе Z қосылсын! Бақытты бол.
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 00:36
Simona
Ақзере, туған күніңмен!
Қазақ интернетінде әрқашан онлайн бол  Сен сияқты тиянақты блоггерлер көбейе берсін
monti
туған күніңмен, саттың посты оригинал)))