Барахолкинг 2
Сумка туралы саганың жалғасы:
Әлқисса, өткен жолғы постта жазған сумканы ақыры алып тындым. Бір бутикте бұрын заттар алып жүрген болатынмын — сол жерден алдым. Бағасы 3050 теңге екен. Есебін карточкамен айырсыып едім, сатушы қыз мониторына қадалып тұрып, «Бұрын жасаған саудаларыңыздан бонус жиналып қалған екен, сонымен төлесеңіз болады» дейді. "Өй, жарайды, былай-ақ төлей берейінші" деп, ақшасын төлегеннен кейін чекке қарасам, 2970 теңге бонус бар екен. Сатушы қыз айтпаса, оны білмегендей де екенмін нақ. 3050 теңге төлеп, 2970 теңге қайтарып алғасын, сумканы 80 теңгеге сатып алғандай болып, кәдімгідей көңіл жайланып қалды, бонуссстың )
Түсінгенім бойынша, Қазкомның карточкаларының белгісі бар мәгезіндерде Қазком карточкасымен есеп айырыссаң, бонус ақша жиналатын көрінеді. Ол үшін қолыңдағы ашық жасыл түсті Go! Card болуы міндетті емес екен. Менде — Қазкомның кәдімгі CirrusMaestro картасы. Арт жағында бір шетінде елеусіз ғана Go! Card деген жазуы бар бірақ…

Кешке жездемнің мәшинесіне сыймай қалып қойдым да, сенбі таңертең таксилетіп барамын деп үйден шыққанмын.
Түнімен түс көріп шыққаным бар, одан Алматыға келер жолда мамам звондап «келме-келме» дей берген соң, көк базардың тұсынан түсіп қалып базар чырқып кеттім.
Таңатпастан демей-ақ қояйын бірақ базар ашыла қоймапты, сонда да еденін жуып, бутигінің сөресін сүртіп жүрген саудагерлермен жағаласа көкбазаринг жасадым
Бағасы жасырын қалсын, көйлек сатып алдым, алдын бір күн бұрын бір көйлек алғанмын, жездем «папаң көрсе ұрысады» деген соң, ұзынырақ, жабығырақ әрі қымбатырағын алдым
Көптен бері бір сумкаға қолым жетпей жүр еді, бірінші кездескен сумкаға жармасып сатып алдым.
Мен үшін сумка чемоданның рөлін атқаруы керек, оған:
тасымалданатын қатқыл жады, юсб кабель, телефон, кейде ноутбук, тышқан, зарядка, шашқа тағатын резинка, заколка, шпилька, бірнеше невидимка, краб, сырқа-білезік тағыншақ, ақ шұлық, бет орамал, айна, өтірік косметика, құрт,1-2 бос пакетик сиятындай болуы керек
Дегенмен, тегін ештеңе жоқ қой. Қолайлылық үшін де біраз шығын шығаруың керек — батареясы біткенде ауыстырып тұрады екенсің
Сұмдық косметика тасымаймын да, тек табан астында жоспарлар өзгерсе, соған лайықты икемденуге оңай болсын деп дайын жүремін
Ал вот дүкендерде ондай бонустар бар-жоғын қосымша білу керек сияқты.