Қазақы стриптиз немесе әкем неге ашуланды

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды деп ойлап қалмаңыздар. Осы guljan.org сайты ашылады деп бүкіл Казнет жар салып жатқан кезі еді.

Гүлжан Ерғалиева апамыз осы бір оқиғаға мықтап дайындалса керек. Фигурасын түзеп, сәнденіп барып шартарапқа бірақ «көтін» көрсетті. Осы роликті көріп отырған кезім еді, әкем келгенін байқамай қалыппын. Менің не көріп отырғанымды байқап өзі ұйалды ма білмелдім. Келгенін білдіріп, жөтеліп қалды. Сосын бұл не ролик екенін баяндадым.

Ой ашуланғанын-ай: «Шариғатқа салып, тас лақтырып, елден қуу керек. Енді не істерін білмей, тапқандары осы ма?!… атымды шығарамын деген ойы, күллі жұртқа „көтін“ көрсеткені несі?! Енді қалғаны Есенгүл „Мінберді“ жаңарды деп жүгірсін… жырғаған жеріміз осы»,- деді…
bk
Бөлісу:

31 пікір

satibaldi
Дәл осы сайттың орнына porn.com -ды қарап отырып, әкең оған да сөйлеуі мүмкін еді. Білетін нәрсенің барлығын дыбыс, жазба түрінде жаза беруге болмайды. Кей нәрселер ойда, құпия қалуы керек нақ. Енді не қалғанын сенің әкеңнен сұрап жатқан ешкім жоқ.
izbasar
Е, орнына таныстарынды қойып көр.
meirzhan
Әр заманда, әр қоғамда өзіне назар аударғысы келіп жүретін адамдар болады.
Жалпы қоғамдағы негативке қана көңіл аудару денсаулыққа зиян екенін Денс. мин. -нің ескертуінсіз-ақ білетін шығармыз.
Altygradus
біреулер қолдады, біреулер наразы болды, бірілері тіпті лағнет атты. ВИдеоның басты мақсаты провокация, іске асқан сияқты
Erbol
Иа, видеоның басты мақсаты жүзеге асып жатыр. Интернет бетінде гу-гу талқылау. Жақсы ойластырылған пиар.Гүлжан орг деген атауды тез танымал жасауға бағытталған.Ол мақсаты орындалып жатыр. Ал, таза қазақы, мұсылманның көзқарасымен қарасақ кемпір кезінде бұл қылығы оңғанның ісі емес.
VKM
Кретив ,қазіргі таңдағы менеджментке сәйкес, тіпті белгілеген мақсатына да жетті… бірақ танымал,қазақ әйеліне өте ұят іс сияқты(((
kirikpishak
Koldaymin kos kolimdi koterip oni! Duris istegen! Shindiktan uyalmagan sheshinuden de uyalmaydi
edige
Жас шамасы сәйкес келмейді екен. Бұған болмайды…
Астарлы ақиқатқа да осындай ролик істесе көрер едім рахаттанеееепп )))
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 08:05
blackbeard
 Өтті, өтті сөзіңіз
qisyq
Жардың нақ!)))))))))))))))))))))))
КТК-ның рейтингі ұрып тұр деші!))))
omarbirat
Мына идеяны «Астарлы ақиқатқа» сатуы керек еді, шынымен. Мына Гүлжан Ерғалиева кім десем, жабылып кетіп жүрмейсіңдер ма?
TERISKEY
бұл дүлдүл ақын Хамит Ерғалиевтің қызы! Ал, әкесінен қалған есімді, сойды қорлау процесі дер едім мұны!
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 11:51
omarbirat
Орысша тәрбиемен өскені түрінен-ақ көрініп тұр, қанша жерден мықты ақынның қызы болса да. Кімді кінәларыңды да білмейді екенсің. Креативті жарнама жасаған-ақ екен, дегенмен…
TERISKEY
демек ақынның иығы ақ болмағаны ғой…
omarbirat
Өз ойымды басқаларға таңғым жоқ. Бірақ факттің аты — факт. Бүкіл елге жария болғасын, қанша ақтап алайын-ақ десең де, бұрмалауда мағына қалмайды.
Janasil
ия кінә сол дүлдүл ақынымызда да бар секілді.
asaubota
пәленшенің қызы, түгеншенің баласы дегенді қою керек! қаншама суперпупер ұлтшыл, танымал, қазақша сөйлейтін адамдар бар. көпшілігінің балалары орысша сөйлейді. мықты болса алдымен үйлерінде ұлтшыл болсын.
Onlasyn
Гүлжан Ерғалиева кім
«Типі» оппозиционер, «Свобода слова» газетінің бас редакторы
edige
әкем неге ашуланды
Білмейм, менің атам қуанып қалды
asaubota
жақсы жарнамалапты сайтын. иә, әдемі емес мысалы маған мындай жастағы әйелдің жалаңаш денесін көру ұнамайды. бірақ, үлкен жастағыларды да көргісі келетіндер бар ғой. осыған ұрысқандар как будто өмірі порно қарамайтын адамдар сияқты

сайты және идеясы ұнады.
a63a1
осыған ұрысқандар как будто өмірі порно қарамайтын адамдар сияқты
кейде жалған намыс тұрып кетеді де
Aizhantabyn
хехе, прикол!

өзін Ақиқат құдайына теңеген ғой...))))))))))))))

арзан пиар, түкке тұрғысыз жарнама.

Шындықты шымыр денесімен шырылдатқысы келгені нонсенс.
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 11:42
qisyq
Сол шымыр болса бір жөн ғой…
Aizhantabyn
інімка, өз жасына өте даже шымыр))
a63a1
көзгеғана солай көрінеді ыххххх ұстап көру керекше
Arhun
Қазақтар айтды ғой; /Кәрі құтан құтырса, жұт болды/, -деп
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 12:01
saken
әкем неге ашуланды
бейнероликтегі «тәтейдің» әкесі тірі болғанда, ол кісіде ашуланар еді деп ойлаймын.
Бұндай жарнаманы жасаған кезде қазақтың менталитетін де ескерген жөн ғой. Қанша жерден оппозиционер болып, халықты соңынан ерткісі келгенменде, қазақсыз бұл кісілердің құны көк тиын ғой.
VKM
Өте дұрыс! Қай аудиторияға арналған жарнама? Шалақазақтарға дер едім.Онда да, басында миы бар шалақазақтар ,қазір жанталасып қазақша үйренуде.Имандылық, дінге жақындауда қазір қазақтар.
Сондықтан біржақты ғана жарнама дер едім)
edige
Менің де жыным келіп отыр… Ояма камзол шешсе болмас па екен?
sigma
Жақсы ролик. Сайтынан еш өрескел таба алмадым.
Abilakim
«Көңілдестен байым артық» деген роликке дайындалып жатыр дейді бұл кісіні…