24 пікір

AKY
Қазіргі әнұранымыз дұрыс дейтіндерден едім, бірақ 1992-жылғыны естіп көңілім босап кетті. Келмеске кеткен балалық шақ-ай… Нағыз ностальжи сыйладың, рахмет)
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 03:35
omarbirat
Балалық шаққа бір барып қайтқандай болдым, өзім де. 1992 жылғысын лицейде жүргенде дүйсенбі таңертең, жұма кешкісін үйге қайтарда міндетті түрде айтатынбыз. Төрт жыл бойы сөйтіп жүрдік. Алдыңғысын бала кезде радиодан еститінбіз. Күнде таңертең Кешкісін гимн айтылмай жатып ұйықтап қаламыз
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 03:38
zhazular
әнұраным-ай, әнұраным!
Zilola
Негізі «Жаралған намыстан...» деп басталатын әнұран тема шыққан, өте ауыр, нағыз әнұран сияқты сурьезный сөздері бар, музыкасы да ауыр
a63a1
Жаралған намыстан сериознылау болатын, қазіргісі ойнағанда билегің кеп тұрама или шагайттап кеткің келеме бірдеңе
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 11:16
Zilola
соны айтып тұрмын ғо, әнұран деген билейтін емес, сурьезный жүрегіңе терең бойлап, елжіретіп, тәпті көзге жас үйіретіндей болуы керек деп ойлаймын
sigma
1992ж әнұран жақсы, марш жанрында жазылған, нағыз ән ұран.
әлі күнге дейін сөзін жатқа білемін.

Қазіргіні бұрынғы әнмен шатыстыра берем
Erkekyz
Маған да сол 92-жылғысы ұнайтын. Мектеп іс-шараларында осы әнұранды біздің сынып үнемі айтатын. Шынымен балалық шақ еске түсіп кетті ғой.
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 16:39
konvict
Маған қазіргіге қарағанда бұрынғысы жақсы секілді көрінеді.
Nurzhol
Тоқсан екінші жылғының гимні маған қатты ұнайтын. Мектепке кірмей тұрып жаттап алғанмын. Әлі де жадымда жақсы сақталған, көңілмен беріліп жыртылып айтуға болад. )))

Шәмші ағаның әні өзінен өзі жатталып кеткен ән ғой, кейін гимн болғанда жаттау қиын болған жоқ, жаңа сөздері болмаса. Көпке дейін ескі нұсқасына түсіп кете беріп, көптің ортасында гимннің сәннін кетіретін жағдайлар да болып тұратын кезінде.
patick
Ескі әнұран рух беретін еді
tulpar
Маған да сол ескісі ұнайды. Уақыт келер, қайтадан оралармыз бұрынғы әнұранымызға.
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 23:28
satvaldo
ескi ән-ұранды көкөлөрiмiз Алматының бiр саунасында тарих аHHалыңа аттандырып жiберген. төбеге шығуы бiраз қиын ендi…
omarbirat
Енді КСРО әнұранының қазақшасын қайдан тапса болады екен деп отырмын
omarbirat
СССР гимнінің қазақшасын сол күйі таппадым.
Abilakim
Сол ескі әнұранымыз жақсы еді. Оны ауыстырарда мен «елім менің „болатын шығар деп те ойлаған ем… Мына ескі нұсқада тәп-тәуір ой салатын сөздер бар негізі
Aramza
бірінші әнұранның бірінші жолында «Біз қазақ ежелден елдікті аңсаған» дейме?
omarbirat
«еркіндік аңсаған» дейді
Aramza
егер 68 жылы жазылса, қыртқан екен онда автор
Sebastian
1945-те жазылған дейді Вика. кейін басындағы «Ер қазақ» деген сөз «Біз қазақ» деп өзгертіліпті

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына,
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске
Данышпан партия — сүйікті кемеңгер.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бақытқа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
kariim
92 жылғысы да керемет екенін ғой, әсерлі!
toha9566
бірақ қазіргі гимн де жаман емес