Ар! (Маралтай Райымбекше)

Маралтай Райымбек деген ақынды танитыңдарың бар шығар. Сол кісінің «Ар» деген өлеңін өзімше түрлендіріп, керекинфоға ыңғайлап жазған түрім еді.

@Ahi-дың ары ширкпен бірге,
Шашылса ширк шашылар.
@blackbeard-тің ары @madlen-мен бірге,
@madlen-ге ғана бас ұрар!

@qisyq-тың ары көзінде оның,
Күнге да қарар қасқайып.
@Patick-тің ары өзімен бірге,
Өзімен өзін тастайық.

@Ojdan-ның ары, есалаң неме
Ойлады ол тек плюс жинау деп
Сатыбалдыны даттап өш аламын деме,
Сатыбалдының ары озу тек.

Гастаның ары керекпен бірге
Комментсіз тұл әлемі.
@Nurgisa-ның ары бименен түрлі,
Биі де қызық, әдемі.

@Serjan-ның ары шаладай болып,
Қыз біткеннің соңында,
Аршаттың арын Алласы білер,
Ал, менің арым қолымда!

Түпнұсқа:
Тауықтың ары тарымен бірге,
Шашылса тары шашылар.
Аққудың ары жарымен бірге,
Жарына ғана бас ұрар.
Қыранның ары көзінде өткір
Күнге де қарар қасқайып.
Қарғаның ары өзімен кеткір,
Өзімен өзін тастайық.
Есектің ары — есалаң неме
Ойлады ол тек қарын созу деп.
Тұлпарды даттап өш алам деме,
Тұлпардың ары озу тек.
Ғаламның ары күнімен нұрлы,
Күнсіз тұл тірлік әлемі.
Даланың ары гүлімен сырлы,
Гүлсіз де бірақ әдемі.
Шаладай бықсып жалғасып жүрер,
Өсекпен соры соңында.
Ақынның арын Алласы білер,
Ал сенің арың қолыңда!
Бөлісу:

11 пікір

saken
бұл өлеңнің түпнұсқасын ілсең екен. (салыстыра отырып оқитын)
blackbeard
heheheh men akkumyn ba sonda
konvict
Жоқ сен көгілдірсің!
AKY
Хмм, Патикті қарғаға теңегенің не в тему кетіпті. Сержанда нең бар еді?
konvict
Базар жоқ кейбірі невтему кетті. Ұйқастырып ұрып жібере салып едім. Ешкім ренжімес
Пікір түзетілген: 12 маусым 2011, 01:27
Ojdan
Сатыбалдыны даттап өш аламын деме,
Сатыбалдының ары озу тек.
@konvict, @satibaldi -ның ***-ін өстіп сүйіп шығасыңдар ғой
Ойлады ол тек плюс жинау деп
+қа т***ым
aktobe88
Мен қасқа ұйқасқа қарап қалған… анабір жерлері кілкене ұйқаспай қалыпты.
Бірақ, жаман емес. Жаман емес емес-ау, жақсы.
Мен ұнатам осындай, өлеңді пародиялағанды.