Сейфуллин Жолбарыстан қолтаңба



Ассалаумағалейкүм достар! Мен демалысты Ақтөбемде жалғастырып жатырмын. Алдыңғы күні жұмыстастарым звондап жұмыстағы бір жігіттің әйелі босаныпты соны жуамыз кел деп шақырды. Содан не керек бильярд клубынан басталған тойлау ресторанда жалғасты. Сол жерден тойымызды аяқтап үйге қайтамыз деп жиналғанымызда гитарасын арқалап Сейфуллин Жолбарыс ағамыз кездесе кетпесі бар ма алдымыздан  


Ассалаумағалейкүм Сәке деп амандасып едім… О оо… қалайсың бауырым!.. деп төс қағыстырып амандасты ағамыз да жатырқамай. Қасымдағы жігіт кейін сұрайды таңырқап, мені ол кісімен таныс деп ойлап қалса керек  Шамалы әңгіме дүкен құрып, естелікке суретке түстік. Қазақша интернет сайттарын қарайсыз ба деп едім, былай қарайм ғо енді дейді. Сосын мен керекті қарауынызға болады деп «рекомендавайть» еттім Сәкеңе
Ал мынау ағамыздың керекке қолтаңбасы:
Бөлісу:

21 пікір

Arhun
енді Сәке неғылып осында кіріп, тіркелмейме!
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 22:07
VKM
Күүүшті сыйлық екен біздерге)))
meirzhan
Маған осы кісінің және Ұлықпан Жолдасовтың әндері ұнайды.
meirzhan
Базар жоқ кісі екен ғо.
JebeNoyan
Мына сайт шыны керек соңғы кезде қайдағы жоқ мәліметтерді жариялап кетті. Өздерінің суреттерін, қолдарын, саусақтарын, отбасыларын, балаларын — олардың керегі не?
meirzhan
Бұл блог жүйесі. Блог — жеке адамның не адамдар тобының күнделігі. Ал күнделіктің не екенін жазғаным артық болар.
Aizhantabyn
сізге керек болмаса, маған керек)))

Жалпы бар ғой «ту мач» ақылды боп кеткен секілдісіз…

әр бір жазба «сыйластыққа» лайықты болмаса да, көбі біреудің еңбегі, таза көңілі, шын ниеті…
omarbirat
Осындай қарапайымдығын көргенде, респект айтқың келіп кетеді екен. Мейлі, қанша жерден нашар әнші болсын, дарынсыз композитор болсын, жұрттар қанша жамандасын. Әңгіме жоқ, опшым
AKY
Мейлі, қанша жерден нашар әнші болсын, дарынсыз композитор болсын, жұрттар қанша жамандасын.
edige
қанша жерден нашар әнші болсын, дарынсыз композитор болсын
Барлық әндерін бір ритммен айтуға болатын, менің ойымша флешкаға әндер симай жатқанда өшіру мүмкіндігі жоғары әндер жазатын сияқты.
Өз тыңдаушысы бар шығар. Дауым жоқ
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 09:09
omarbirat
Мейлі, қанша жерден нашар әнші болсын, дарынсыз композитор болсын, жұрттар қанша жамандасын.
дегенді өзі де сенікіндей оймен жазған едім, Едеке. Просто көп жерде осы Сейфуллинді қатты сынап жатады. Әндері сынға ұшырап жатса да, өзі сахна сыртында жаман жігіт емес екеніне @ErNur куә қылып отыр
edige
Жақсы азамат болсын лайым, ең бастысы осы ғой я…
Lyaila
Иә, Сейфуллин Жолбарыс-қазақ шоу-бизнестегі қарапайым, әзіл-қалжыңды жақсы түсіне білетін, мың жерден сынаушылар болса да «күліп» қарап өлеңін жалғастыра беретін, өз тыңдарманы бар азамат қой!
jaina
Динара Қырықбаеваның ағасы Шыңғыс Ақтөбенің аруын алып жатыр. Ұзатылу тойы 8 маусым күні «Жастық» мейрамханасында өтті. сол тойға осы Жолбарыс ағамыз құда болып келген еді.Сол кезде кездестірген шығарсыз. Тойды керемет әндерімен көтеріп тастады.
saken
құда болып келгенде… Динара Қырықбаеваның ағасы болғаны ма Сейфуллин?
jaina
Сейфуллин мен Қырықбаевтар жақсы араласады ғой деймін, әйтеуір құда болып келді ғой
nurbergen_makym
Сейфуллин Жолбарыс — өз стилі бар әнші…
Деңгей туралы әңгіме қозғамас бұрын, осы стиль туралы айту керек қой… деп ойлайм. Әйтпесе, мен үшін, музартпенжігіттердің айырмашылығы тек трио мен квартеттігінде)))
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 17:18
Gulistan
«Динара Қырықбаева деген кім?» деген осы жерде заңды сұрақ туады.
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 10:51
a63a1
Қазақтың қап-қара қызы
Abilakim
Сейфулинді қоя тұрыңдарш, шешесіне не жорық?
a63a1
уәййй айтпашш…