Гуглдің кезекті дудлі
Гуглді білесіздер. Ал «дудл» дегеніміз өздеріңіз күн сайын көретін, гуглдің басқы бетіндегі іздеу жолағының дәл үстіне орналасқан логотип. Яғни Гугл тек өзінің ғана логосын қарабайыр түрде жариялай бергеннен көрі әр елдің, маусымның, жылдың, мәшһүр оқиғалардың құрметіне орай қызықты да танымдық суреттер арқылы өз компанияларының атын жазып келген болатын. Соңғы күндері бұл компания атақты музыкант әрі электро-гитараны ойлап тапқан Лис Полдың 96 жылдық құрметіне өзінің мұқаба бетіне (homepage) гитараның прототипін шығарды. Cnet.com уеб-сайтының мәліметіне қарағанда әлемдегі бірегей іздеу жүйесінің миллиондаған тұтынушылары осы уақытқа дейін осы бір ойнауға әрі дыбысын жазып алуға болатын қызметті қызықтап үлгеруде. Сарапшылар бұл бетшенің өзге дудлдерге қарағанда ұзағырақ тұрғандығын әрі атақтырақ болғандығын тілге тиек етіп жатыр. Тіпті әуесқой гитарашылар осы уақытқа дейін ютуб сайтына өздерінің 4000-ға (!!!) жақын гугл-туындыларын жариялап үлгерген.
Ал «Вашингтон Пост» газеті болса, өз оқырмандарына осы бір уеб-гитараны қалай пайдалануды түсіндіріп те үлгеріпті. Солардың көмегінің арқасында осы жазбаның иесі де бір әуен ойнап үлгерді. Енді төмендегі гитара-дудлді қалай пайдалану керектігі жөніндегі нұсқаулықтармен және уеб-ноталармен һәм менің, өзгелердің туындыларымен танысып көріңіздер. Уеб-гитарамен ойнау үшін тышқанның тінтуірімен үстінен апарaсыздар не әріптердің үстіндегі цифрларды басасыздар.
C Major = 1, 3 5, 8
F Major = 4, 6, 8
G Major = 5, 7, 9
Frère Jacques 1231-1231-345-345-565431-565431-151
Camptown Races 5535-653-32-32-5535-653-2-32-1
London Bridge 5654-345-234-345-5654-345-2-5-31
Ode to Joy from Beethoven's 9th Symphony 3345-5432-1123-3-226 6-78-8765-4456-6-55 second verse: 2231-23431-23432121
Twinkle Twinkle Little Star 11-55-66-5-44-33-22-1-55-44-33-2-55-44-33-2-11-55-66-5-44-33-22-1 (Менің ойнағаным осы болатын)
P.S. Мақала HTC Desire атты ойыншығымның ғаламторына қосылу арқылы iPad-тың көмегімен жарияланды
9 пікір