Өз үйінде қайшы ұстамаған, жұмысында ою ояды :)



Анда-санда, қол босағанда қолөнеріме көңіл бөліп қоямын. Кеше түскі үзілісті пайдаланып, мына маталарға оюды бастырып алдым. Үйде бос уақыт тапсам кестелеймін.
Алдын autoCAD «қаламымен» радиустың бәрін келтіріп тұрып ою жасағанмын, қолдан қиқы-жиқы етіп оймаған соң тым «магазински» болып кетіп ұнамай қалып, қайтадан қолмен ойған ою еді. Қағаз бен маркер жұмыстыкі, матаны мамам қиып дайындап берген.
Енді келесі жолы кестенің суретін ілемін. Содан соң дайын көрпешенің суретін

Сапасы нашар болса да ілгім келіп отыр, үй жақтағы дүкеннен сатып алған жіптерім және инелер.

ал мынау кестелеп бастағаным

ал мынау 4-5 жыл бұрынғы кішкене шедебірім


менің көрпешем құрағанда шамамен мынадай болады, әлі «ауы мен бауы» бар, бітпеген жұмыс
Бөлісу:

108 пікір

qisyq
Әб, бәрекелді, бұл да бір біткен іс болды.
VKM
Сен жаса, біз көріп алайық!)
patick
мына жер өткенде екеуміз отыратын кеңсе ма?
Zilola
жоқ, бұл өзімнің ресми жұмысымның кеңсесі
1 қабатта 100-ге жуық адам отыратын кеңсе ғо бұл, тым болмаса қалқасы (перегородка) да жоқ.
alisha
Қолыңа дерт бермесін!!!
edige
Ертең жүні қалың тері тауып, жұмыста отыреееп ләңгі істемесем…
Arhun
Ертең жүні қалың тері тауып, жұмыста отыреееп ләңгі істемесем…
konvict
Ортасы тесік қорғасын алуды ұмытпа
Nurgisa
Негізі мониторыңыздың орналасу бұрышы эргономика алғышарттарына томпақтау келе ме деп қалдым. Ал былайша, біздің кеңседегі қыздар да шальдарын артына шалдарын алдына осылайша қоюды дәстүрге айналдырған.
Zilola
негізі матаны тегіс жерге қою үшін мониторды жылжытқанмын клавамен қоса
ал шәлі жайлы айтатын болсам, ауа райы құбылмалы Алматыда шәлің артыңда тұрғаны өте жақсы
alisha
менің де соған көзім түскен… жалпы әйелзатының әдеті сияқты осы… бәрінің арқалығында бір-бірден тұрады…
AKY
Мен арқалығыма дым шаль ілмейд екем.
19852407
менің арқалығымда жылы күртеше ілулі тұрады, осындай жамылғы, палантиндермен үйлесе алмайм
patick
ал менің арқалығымда қора тазалағанда киетін фуфайкім ілулі тұрады
alisha
ауыстырмаққа шешкен іш киіміңді іліп қоймағаныңа шүкір
patick
оны «ну енд андай» © жерлерге ілемін енді
AKY
Өнер деген қайда жатыр.)))
satibaldi
Ар жақтағы жігіт етік тігіп отырған шығар…
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))))))
Arhun
Ар жақтағы жігіт етік тігіп отырған шығар…
Nurgisa
Гринфилд шайы жақсы шай екенін ұқтық. Бірақ сидидің кінәсі не, ыстақанның астына басқа нәрсе қоюға да болар еді. Кішкентай қасықтың басы да күйдіріп, тызылдатып жатқан шығар сидиді.
Zilola
көрмейтін нәрсені көресіздер осы
осыдан кейін тек нақты көрсеткім келген нәрсенің ғана суретін ілемін
19852407
гүштііі! Қызықғып кеттім ғо, сен де кемпірдің қызымысың, Zilola)))
Осындай шұқыма жұмыстардан рахаттанып, демалып қаласың. Уақыт жете бермейтіні өкінішті
patick
… сен де кемпірдің қызымысың...

… Жоқ бүлдіршіннің
Zilola
атам 1977 жылы, апам (әжем) 1979 жылы кетіп қалыпты ана жаққа (
Simona
Күшті, қарапайым жабдықтармен қандай дүниені бітіріп тастағансың
Zilola
көрпеше дайын болғанда да ілемін суретін
сол кезде бағасын берерсіңдер
Simona
 ойбуй, бұл бітпеген жұмыс па?! Тағы әшекейлейм де. Онда дайын болған суретін асыға күтеміз.
Zilola
болашақта құрақ көрпеше болады деп жоспарлап отырғанмын негізі
Simona
Құрақ көрпе болса, бұл үлкен «проектің» тек бір кішкентай бөлігі де. Пысықсың ғой. Мен мамама заказ беріп қойдым, әдемі молочный-қөңыр түсті оюланған төркөрпе дайындап қойыңыз, келгенде алып кетем деп
Zilola
Менің «кемпірлерски» замажкім бар да, біреудің жасағанын жақтырмайтын
Мамама көз майыңызды тауысып жасамаңыз, өз жасауымды өзім жасап аламын дедім
Негізі бұл бір ғана құрақ көрпеше болмайды, кем дегенде 2 жасаймын деп отырмын.
Dinara
өз жасауыңды жасап алсаң керемет екен, құрақ көрпешелер болса өзі тағы
madlen
олигархтың үйінде керемет аксессуар болады, Мақпалушка!
Dinara
Сосын анандай қабырғаға іліп қоятын нұсқаларын да жасасаң, сырмақ, тұскиіз ұқсатып. Түстерін қанық әдемі қылып араластырып жасасаң керемет болады, картина есебіне іліп қоясың болашақ үйіңе
Simona
Жасаудың құрамы санаулы ма негізі? Мәселен: 5 көрпе, 3 жамылатын көрпе, т.б. т.с. болушы ма еді? Тақ санды болуы керек дегенді құлағым шалып еді. Жалған мәлімет болуы да мүмкін.
Dinara
Аха, сондай өзінің сандары бар еді,6-8 көрпеше, көрпені тақ қылатын 5-7 қылып, сосын жастық. Нақты есімде жоқ екен бірақ.
Zilola
менің әпкеме 5 құрақ көрпеше, 6 көрпе, «махаббат көрпесі-көрпешесімен», сосын жастық апардық
Dinara
махаббат көрпесі бар тағы біз жақта соны төсеп құда құдағиды жатқызады ма бірнәрселер жасайды солай, артық нәрсе
19852407
Құда-құдағиды неткізгені қызық екен  
Бізде қатын-қалаш жиылып көреді де, шашу тастайды, яғни көрімдік.
Ал, кластасым үйленіп, Таразға тойына барғанда, екі жасқа екі жағынан ұстатқызып, өздеріне кіргіздіртті үйге «мхт көрпесін». Қызық))) «Көріңдер деп, қонаққа барған бізді де отырғызып қойды.
19852407
«Сіз жақ» қай жақ?
Altygradus
мяяя. Өз көрпелеріңді өзің жасасаң пысыыыық елдің балалары
Zilola
өткен жылы әпкемнің көрпесін солай дайындағанмын, үлгермей қаламыз деп асығып, сәл халтурить етіп жібергенбіз, содан өзім асықпай нақышына келтіріп жасайын деп ))
Бірақ көрпеше дайын болып, күйеу жігіт табылмай қалады ма деген уайым да бар
Altygradus
қыз дайын болса бастысы
айтамыз да @blackbeard -ке, сол-ақ елдің бағын ашушы ғой жүрген бір
Zilola
ой Жанка қатырасың :
Dinara
Тілектес болып тұрады деген бар ғой қазақта, дайындай бер. Сосын ол модадан қалып кетпейді.
Zilola
бірнеше жыл бұрын алып қойған заттарым да бар, олар модадан өтті уже, бірақ оригинал
Ал құрақ көрпеше әрине модадан қалмайды.
Dinara
мода емес сол сапасы ғой бастысы
satibaldi
 Ом манэ падме хуум. Каусе эйкуват еффектуум. Сит амик них плат, сет амик них вейирас. Меннэ теккел юпарсиин… Бісміллә, бісміллә… Боже, боже…
Zilola
не болды мырзам?
satibaldi
Мен осы тұрған @Simona -ның постын байқадым… Мана — @bazuka -ны… Сірә Аид амигоны кәрілік жеңіп, мүмміндері шалды алдауырсытып, бұ дүниеге кері қашып жатса керек…
Simona
 i'm back   Мен мына жаңа керекинфоны меңгере алмай әлек боп жатырм. Ойымды былш еткізіп жаза салайын десем, тақырып не блог ашып ал дей ма?
Altygradus
жаңа жазба деп жаза бересің жеке блогыңа. Қаласаң бір қауымдастықтарға қосыл да, тематика бойынша ілсең болады
Simona
Менде жазатын ешқандай да сюжет жоқ
mampasi
Жолыңыз болған екен, офисте жұмыс істейсіз.
Zilola
әбед ұақытын өзіме жұмсаймын
mampasi
дұрыс, стэп бай стэп пока от монитора не ослепбастық боп кетуіңізге тілекшімін!
haos
Сіздің жолыңыз болмаған ба?
VKM
Осы жолы үйді генералить еттім, тойдан, аннан-мыннан құрақ істейтін кесінділер көп екен. Лақтырып тастауға қорықтым.Жәй біріне-бірін қоса салып істеген қызық емес, бір орнаментпен, жүйемен істесе тема болар еді.
Zilola
жасап осында іл, типа эстафета жасайық
Altygradus
бәле шығарсыңдар
даффайте жасаңдар іліңдер.
Мен бір қолөнерімді ілгенге құнт болмай жүр
madlen
ілші
менің сақинамды іл
Dinara
Жанна іл давайй, біраз нәрсе жасаған шығарсың өткеннен бері
Altygradus
жо, одан кейін уақыт болмай кетті
сол тағы бір аналогын жасасам ба деп ойлайм, соның суреттерін схемасыен ілгім келген.ууф бір ілермін
Зилола сияқты пысық емеспін сол жағынан тезーтез тындыра қоятын
Zilola
қайдағы пысық, мамам мыналарды қазан айында дайындап берген, одан бері жарты жылдан асты ғо ))
Altygradus
негізі сондай болу керек сияқты. Менде де ол заттар екі жылдай жатты. Жақында ғана довела до ума
пыросто мен сенің ілем десең ,іліп, видео босла видео, аудио болса аудионы пысықтай салатының ұнайды
Dinara
бұрын пысық едің ғой, давай давай
Altygradus
сол сол, қайрап қойыңдарЧ
Dinara
сен қыз өзі соңғы кезде...
Altygradus
таяқ жейтін біреумін ғой
Arhun
Соңғы сурет өз келбетіңмен қанадай керемет жарасып тұр!!! Нағыз — гармония!
Zilola
аяқ жағымдағы көрпешені айтсаңызшы, өзімнің қолымнан шыққан туынды
Dinara
Сол суретті жаңа көріппін, алдында көрінбеді ма. Танысып қалдық өзіңмен де
Zilola
суреттерді аннан-мұннан (жастар біз, фейсбук) іздеп тауып қойып отырмын ))
Arhun
Көрпе нағыз қазақы /әдемі, әсем/ шықты Былай тек қазақы қыздың қолынан ғана шығады…
konvict
Осындай өнерлі қыздарды ұнатамын
19852407
бұныңызды мақпал көрпелер жасаушы Мақпал қызға «кетәріемеспін» дегеніңіз деп ұға берик пе?
Zilola
уйбуй, Абай менің інім ғо
konvict
Әпкемнің өнеріне ырза болып, @Erkekyz-ға тәнті екендігімді ұға берсеңіз болады
Erkekyz
Макпао, респект!  Шынымен де қыздар сондай эстафетаны қолға алайық, кұшті болар еді.
ushkin
бисер өремін ғой дейм...
saken
қамшы өре алатын едім баяғыда…
konvict
Қыздардың шашын столмен бірге өре аламын.
monti
Макош жаным керемет. тура сендер өнер тамған жансындар. бақыттымын)))
yeti
Соңғы суретте шедевр кадрға сыймай қалыпты ғой
Zilola
жиенімді жазып отырған шығарсыз
Gulistan
Ал менде суреттер көрінбей тұр
Zilola
сіздің броузеріңіз қандай?
мен радикалмен қойдым, пикс-тен көрінеді ме?
Gulistan
Радикалда болса, менде оған доступ жоқ Ал пикстен көрінуі керек.
Zilola
менде алдын уопшым ашылмай жүрген радикал да пикс те, шұқылап жүріп доступ жасап алдым ))
жұмыстың ғаламторы болған соң, шектеулер көп
balzaminka
мяяяя, қыздардың бәрі өнерлі ғо тіптен, бас айналып кетті тіптен
Қалдеке, іске сәт!!!
bazuka
Маке күштісінғой сен! Іс оң болсын!
alisha
астындағы көрпешенің жан жағын бір түсті матадан қылғанда вообще қатып кетеді!
Zilola
кестеленген қиындыларды бір біріне жалғап тіккен соң, айналдыра жасыл түсті матамен жасаймын. Ол да кестеленеді, так что бұның әлі жұмысы көп
alisha
Шыдам мен сабыр берсін!
KILYZAMAN
Шеше көрген тон пішеді…