Екүш жылдың көлемінде латыншаға көшеміз деп жатыр...

Министр культуры и информации Мухтар Кул-Мухаммед выступил за переход на латиницу в свете технического прогресса. Он считает, что при пользовании мобильными телефонами и компьютерами латинский алфавит будет более удобен. Как считает директор Президентского фонда развития казахского языка Азат Шауеев, переход на латиницу займет 10 лет.
толығыларақ...
Бөлісу:

28 пікір

Qojeke
переход на латиницу займет 10 лет
өзбектер мен әзерилерден қай жеріміз артық екен екі есе жылдам қарқынмен көшіп алатындай?
omarbirat
Қазір компьютер мен қалтафондардан қазақша әріптер көрінетін қылып жасап жатыр. Көшеміз деп жүргендеріне жол болсын.
chimaq
Standart barma?arkim oz aldynda arturli jazyp jur ghoi.basqasynan buryn bylai jazylady degen dal nusqasy bolsa quanar edim…
meirzhan
Тіл, әдебиет институы стандарт жасаған екен. Олар тек саяси шешімді күтіп отыр.
Кейбірлер латын әліпбиіне ауысып та кеткен сияқты.
chimaq
okimet cheshbesede,halyq arasynda adet bolyp ketken standart bolsada bolar edi)) bul kunde kimge ererimdi bilmei jurmin....))
meirzhan
er songymnan, menin standartim zhaksy
saken
сенің стандартыңмен оқысам біресе Ңң әріпін NGng деп жазасың, біресе Nn арқылы ғана жазасың, болмаса Ыы әріпі туралы да сол пікірдемін. Әлі бір стандартқа көшпегенсің ғой деймін

er songymnan, menin standartim zhaksy
chimaq
qane ?qalai?
meirzhan
zhazyp turmyn goi. osilay
chimaq
@meirzhan,ane @saken aityp tur kemchiligin...))
meirzhan
Men kirillshe tusinbeimin. ))
Dinara
jalpı birneşe nusqası bar latınşa nusqanıñ Şimaq  mağan tiyimdisi osı siyaqtı. Köşemiz bitti degen şeşim qabıldanğan jağdayda ıñğaylı nusqanı tañdaymız dep talasıp tağı uaqıt joğaltıp almasaq bolar edi…
chimaq
@dinara,osy nusqany uirense bolady eken,biraq ana ch men shty qalai aiyryp jazady?
Dinara
қазақ тілінде «ч» деген әріп жоқ негізінде, диалектілерде болмаса, шелек челек деп қолданатын жерлерде болмаса. Сіздің есіміңізді де Чимақ емес Шимақ деп жазғаным сондықтан. ш — sh — ş; ч — ch — ç;
sigma
кезінде қыртпай ауысып кеткенде, сол он жылдық жоспармен біраз жасап қалар едік.
Қазір қажеті шамалы болып келед, Компьютер қазақша сөйледі, Интернет, Қалтафон да (Кирил әріптерімен)
Қайта қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін, ғылыми аудармаларға көңіл бөлу керек, ғылым қазақ тілінде болса, қазақ тілі құрал болады. Тіл құрал болса оған сұраныс болады.
satvaldo
ёххх, Карабах. азерилердi бах еткiзгенi секiлдi бiздi де бах еткiзетiн мәселе туындамаса болды да. көшсек те, көшпесек те мӘнгә пох. тек жаңағыдай проблема шықпасын…
Dinara
Ғылым қазақшаланып, қазақ тілінің деңгейі көтерілсін, барлық терминдер толықтай қазақшалансын десек латын әріптерін қолдану ең дұрыс жол деп санар едім. Өзім латын әліпбиіне көшуді қос қолдап қолдайтындарданмын. Себебі қазақ тілінің болашағы маған «пох» емес.
Кирил әліпбиі болған соң орыстілділер қазақ тілін үйренуге құлшынысы жоқ, себебі көп сөздердің орысша баламасы сіңіп қалған барлық жерде.
Ал егер латын әріптерімен жазсақ әрбір қазақ сөзін олар лажсыз үйренер еді, біз де ауызекі тілде сіңіп қалған екітілділіктен құтылар едік. Мысалы Индия емес — Ündistan, Пакистан-Päkistan, Турция деп емес Türkiya деп таза қазақ тілінде қолданар едік барлық жерде.
Ал жалпы әліпби мәселесі тек қана саяси мәселе екені шын, шешімін таппай келе жатқаны да сондықтан.
omarbirat
Басқа әріптермен транслит жасағаннан терминнің бәрі қазақша боп кетерін қайдам
Терминдерді жаппай қазақшалаймыз деп, қазір ненің қалай аталатын қазақтілділердің өздері де біле бермейтін заман боп кетті ғой қазір. Оның үстіне қазір, @sigma айтқандай, компьютер мен телефон атаулыларда қазақша әріптерді қолдау мәселесі жолға қойылып келе жатыр. Сондықтан латын жазуына көшудің басты себебі ретінде келтірілген жүрген қазақша әріптердің экраннан көрсетілуі туралы уәж әлдеқашан күшін жойған. Компьютерлерде қазақша жазудан қиындық көргісі келмеген адам жай ғана Мейл.рудан басқа сайттарда қарап көрсе де жеткілікті.
Кириллицаның өзі де — латын жазуының түрі өзгертілген нұсқасы ғана ғой, қарап тұрсаң.
Оның үстіне, бұл — қыруар ақшаны, уақытты, нервіні талап ететін шаруа. Лұтшы, соған кететін ақша басқа нәрселерді дамытуға жұмсалсын.
Dinara
Бәрібір, қырық екі әріптен гөрі неғұрлым аз болғанын қалар едім алфавиттің. Басқалардың да қазақ тіліне деген қызығушылығын оятар еді сосын, әсіресе сырттағы қазақтардың.
Алдында айтқандарым ішкі жағдайымызға байланысты, медальдың екінші жағы болса, ортақ латын әліпбиі арқылы алдымен шетте жүрген қазақтар мен елдегі қазақтар бір бірімен оңай түсінісер еді, сосын жалпы түрік тілдес елдер ертең арғы күні бірлесе қалған жағдайда тіл проблемасы шамалы да болса аз болар еді. Біздегі орыс лоббиінің де рұқсат бермей отырған себебі осы ғой жалпы. Жалтақтаймыз әлі сол.
omarbirat
Қазақстан тәуелсіздік ала салғанда-ақ көшіп алу керек еді. Қазір ақшаны босқа ысырап қылудан басқа себебі де жоқ. Үйренгісі келген адам қандай әліппені болса да үйреніп алады. Өзіне ыңғайлап алып жатпайды. Мысалы, гректер өз тілін қолданыстағы әліппемен үйренеді. Грекияның үкіметі оларға ыңғайлы болсын деп, латын немесе кирилл алфавитіне өтіп жатқан жоқ қой?
Ал түркі тілді елдердің біріге қоюы екіталай. Оған ешкімде мүдде жоқ. Қайта алыстап бара жатырмыз.
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 04:49
Dinara
Гректердің қазір қолданып жүргені өздерінің баяғыдан келе жатқан төл әліпбиі ғой, солай емес пе? Латын немесе кирилді не істесін, өздеріне жат нәрсеге өтіп?
Өзімізді гректермен олай салыстырар болсақ, біз де өзіміздің баяғы атам заманда қолданылған түрік бітік жазуымызға көшейік онда ағасы
Ал түрік бірлігіне сенгім келеді, жақын болашақта біріге қоймайды әрине, бірақ кеңінен қарайық болашаққа, жалпы әлемге
omarbirat
шетте жүрген қазақтар мен елдегі қазақтар бір бірімен оңай түсінісер еді
дегеніңе мысал ретінде келтіргенмін. Грекияның сыртында, бұрынғы КСРО аумағында тұрған гректер бар ғой. Олар осында жүргенде кириллицамен жазып үйренген. Бірақ тарихи отандарына қайту үшін сол алфавитті үйренеді.
Тұрік бітік жазуына да көшуге болады. Ақыры көшеді екенбіз )))))))
Түркі әлемі бірігу үшін алдымен олар да, біз де бір-бірімізді адам ретінде қабылдап үйренуіміз керек. Әйтпесе, қазір олармен арамызда алауыздықтан басқа ештеңе жоқ. Ұйғыр, татар, башқұрт, құмық, қарашайлардың тәуелсіз ел болуына тілектес болуымыз керек. Бізде ондайға желание болмай тұр әзірге )
just19
Ұйғыр, татар, башқұрт, құмық, қарашайлардың тәуелсіз ел болуына тілектес болуымыз керек деймісің? Болғаны жақсы ғой. Өзіңе тілеген жақсылықты өзгеге де тілеп қой дейді. Бірақ дүрдараздар тәуелсіз ел болғанымен жерді қазақтан сұрап тұр ғой. Өңшесссстер
edige
Латын әріптерімен жазғанды оқуға зауқым соқпай өткізіп жіберетінім бар еді.
қиын болатын болды
Lyaila
Ақпараттық технологиялар ғасырында өзге елдердің соңында қалмаудың бірден-бір жолы латын әрпіне көшу болса, онда Үкімет «барын салары» анық… Дегенмен, кететін шығын жағын есептегендер бар ма (халықтың аузынан жырылатын ақшалар-ай)?!
sigma
@Dinara тілдің мәртебесі шет елдердегі қандастарымыздың оқып түсіне алуына байланысты емес, олай болатын болса неге төте жазуға оралмасқа, жазуымыздың осы түрін сақтап қалған шетелдік қазақтар да бар. Бұны бір десеңіз, екіншіден компьютерлердің қазақша 42 әріпті жаза алуы бүгін проблема емес, оның қасында қытай, корей, жапон жазбалары 105 (стандартный) пернелік клавиатураға арнап жасақталып болған (оларда ондай мәселе жоқ).

Тағы қайталап айтар болсам тіл мәртебесі құрал болғанда көтеріледі, яғни өндірістің барлық саласын қазақша сөйлететін дәрежеге жету керек. Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерді қазақшаға әдеби тілмен аудару сияқты өрескел қателіктерге бой ұрмауымыз керек. Біраз терминдердің басын қосып қазақшалағаннан ғылым қазақша болмайды, міне осыған көңілді де, ақшаны да бөлу керек.
Терминдерді қазақшалағанда ғылымда қолданылатын барлық вариантын қарастыру қажет сияқты, осы болады деп сап еткізіп қалмай, мысалға: Локальный, локализация, автолокализация сөздерін қарап көріңіздерші. Не болмаса мынаның аударып көріңіздер.
Структура автолокализованных экситонов в гранецентрированных и объемноцентрированных щелочно-галоидных кристаллах при низкотемпературной одноосной понижении симметрии решеток
saken
мемлекетіміз жас қой. Сондықтан кеш дегеніміз болмас. Әрине кезінде Тәуелсіздіктің буымен ауысып кеткенімізде дұрысырақ болар ма еді. Бірақ ештен кеш жақсы деген халықпыз. Ауысатын болсақ ауысуымыз керек тездетіп. Қолдаймын.
boztorgai
путин қазақтардың латынға көшуін қаламағандықтан… билік тұжырымды шешім қабылдай алмай отыр
осы фраза өзіме ауыр тиді
қазір орхон-енисей иероглифіне көшірсе де бәрібір секілді