Бэкап істеп отырыңдар



Жұмысымда бір келеңсіз оқиғалар болып қалып, енді ғана босап отырмын. Маған қарасты бір сайттың мәліметтер қорында бір мәселелер шығып, соны қалпына келтірген едім. Оны қалпына келтіру үшін әрине копиясы болуы керек екені крпіге де түсінікті шығар. Аптасына кем дегенде бір рет бэкап істеп отыру керек. Кейін соны импорт жасай қоясың. Бірақ дамп пен импортты қалай жасаған дұрыс?
Бұрын phpmyadmin арқылы бітпейтін ұзақ жыныстық қатынасқа түсетін едім. Кеше бір жақсы шешім таптым: Sypex Dumper деп аталады бұл скрипт. Осы скриптті түсіріп алып, серверіңізге орналастырасыз. Сосын керек базаңыздың логин және құпиясөзімен кіріп, қалаған нәрсеңізді істейсіз. Өте оңай және тез. Мен 151 МБ-тық файлды 5 минутқа жетер жетпес уақытта импорт жасап алдым.
Скриптті мына жерден түсіріп алыңыз.
Бөлісу:

15 пікір

serjan
Бэкап деген сөздің мәнісін түсіндіре кетесіз бе?
asaubota
бэкап деген бэкап қой  көшірмесін сақтау деген сияқты.
serjan
Рахмет! саған элементарлы нәрсе мен үшін «естімеген елде көп» болып тұр ғой.
asaubota
сенің сайтың Юкозда ғой? ол жерде жоқ шығар ондай нәрсе.
serjan
Йә Қазнетке әлі кіре алмай жатырмыз.
Almasss
Юкозда бар бекап ) материалдарға және шаблонға
Onlasyn
Негізі «бэкап» сайтты толық алу емес пе? Мынау тек дерек-қорды ғана экспорт жасайды екен ғой. Әлде мен бұл скриптты дұрыс қолдана алмадым ба?
asaubota
негізі бэкап деп тек database үшін айтылатын сияқты.
Nurgisa
Дерекқорды қайдам, қай бір жылы блогымның хостері бір нәрселерін ауыстыру/көшіру барысында блогымдағы сол күнге дейінгі бүкіл жазбалардағы қазақша қаріптер «оқылмай» қалғаны бар. Сол күйі қалды, статус-кво орнамады. Мұндай кеселден (Kcell емес)сақтану шараларын біліп алу да артықтық етпес еді, әсілі.
sigma
Денис негізі ондай проблема боларын ескерткен болатын, екі апта бұрын. Ну енД сол кезде менің де желкем жәр бермей блогым «Сұраққа» толып кеткен.
sigma
backup көп салада қолданылатын темин ғой негізі,
біздің тілімізде (информатиктер) резервті көшірме дегенді береді. сонымен қатар операциялық жүйенің, файлдардың, тіпті толық сервердің резервті көшірмесін түсіруге болады.

Аршат ұсынған тегін программа деген сеніммен міндетті түрде қолданып көремін. Менің де майадминде "*" шығып жүр еді
huanysh
IT-risk пен кездестім десей, үлкен жобада бұл үлкен шығын әкелер еді! mysql-дің бакап жасап журген боларсынг?
asaubota
біздегі қазақша менеджменттің де кесірі ғой бұл. мысалы мен сайт администраторымын. бірақ мен сонымен қатар сисадминдік, қауіпсіздік жағына да жауап беруім керек. білімім жетсе де жетпесе де. соның кесірінен жаңағыдай болып жатыр.

түк қиындығы жоқ және өте жеңіл мына скрипт. 154 мб-лық базаны 37 мб қылып сығып берді. ал ымна керекинфонікі 11 мб шықты.