Кімдерде қандай қалам болған...

Қазір қарындаш, қалам секілді алуан түрлі жазу құралдары көп, бірақ бұлар мүлдем болмаған замандар өткен ғой. Қызық! Сонда олар нені пайдаланған деген сұрақ келеді ойға. Ежелгі Египетте папирусқа ұшталған қамыс таяқша болған, олар сонымен жазған. Ол «қалам» деп аталған. Қосөзен аралығында да осындай қалам қолданылған, бірақ ұштағанда ұшын үшбұрыш етіп шығаратын болған. Осы себепті қыш тақталарға жазылған жазу сына бітімдес болып түсетін. Сондықтан мұндай жазу «сына жазу» деп аталған. Қытайда иероглифтер қылқаламмен салынған. Гректер мен римдіктер де папирусқа қаламмен жазған.
Қауырсынның (перо) пайдаланыла бастауы шамамен 7 ғасырдан бері ғана,көбінесе қаздың қауырсыны қолданылған. Бұл үшін қауырсынның ұшын ыстық құмға немесе қоламтаға көміп, майын кетіріп, жұмсартып алатын болған. Қалам ұштайтын арнайы бәкі де осыған байланысты шыққан. 19 ғасырдың 30-40 жылдарында қауырсынның орнына
металл қаламұштар шықса,ұшына кішкене шарлар салынған қазіргі қаламдар қаламдар өткен ғасырдың ортасында шыққан.
P.S. Қазірде міне, экономикамыз күн санап дамыған сайын, техниканың мүмкіндіктері де дамуда. Оның қарапайым ғана мысалы осы жазу құралдары бола алады. Біз мол мүмкіндіктер кеңістігінде өмір сүрудеміз. Сондықтан да сіз бен біз бақытты ұрпақтармыз, замандастар!..

estetika91.wordpress.com/page/2/
Бөлісу:

47 пікір

Arhun
Назира, тамаша жазыпсың!
Енді сұрақ: біздің баяғыдағы қазақтар қандай қалам қолданды екен? Немесе ұлы түрік қағанаты кезінде ше?
estetika91
Рахмет!))))) Біздің ата бабаларымыздың көне замандарда қандай қалам қолданғанындығы туралы нақты фактілерді іздеп таба алмадым, өкінішке орай! Алда әлі іздестіріп көремін.
Arhun
Іздемей-ақ қоюыңада болар еді Іздегенің үшін
estetika91
Ізденген жетер мұратқа демей ме…
ushkin
Қалам демекші,өзіміздің қаламнан коллекция жинайтын ағайымыз ше, сол кісіде қаламның неше түрлісі бар деп естідім. Ал, мына жазбаңда керекИнфолар бар екен
TERISKEI
Өмірхан ағайдың үйіне барып, коллекциясымен танысып, сыр-сұқбат жүргізсе, қызық қой…
ushkin
Бір рет сұхбаттаспақшы болғам, беттетпей қойды… ((( Неге екенін түсінбедім…
TERISKEI
Ачақай-Пачақайлатпадың ба?
ushkin
Қой, Теріскей, екеуміздің бұл жазғанымызды көрсе ачақай-пачақайымызды шығарадыОның үстіне ол кісінің тұлғасын сыйлаймын…
estetika91
Ұсынысыңызға алғысымды білдіремін, Ұшқын! Мен де көп естимін Өмірхан ағай қаламдардан коллекция жинайды екен деп.
omarbirat
Үшінші курста оқып жүргенімде зажигалкасы бар қаламым болып еді
gunner
Қанша техниканың мүмкіндіктері дамып жатыр десек те кейбір адамдар оларды қолданбайды. Мысалы Мағауин жетпісінші-сексенінші жылдары сатылған қаламдарды қорап-қорабымен сатып алып әлі күнге дейін сол қаламдармен жазады, қателеспесем )).Құстың қанаты сияға батырып жазатындар да бар шығар әлі ))
estetika91
Тамаша ғой!))))))) Ия, талай — талай қызық бар дегендей…
estetika91
Басыма мынайдай ой келіп отыр: «Бұл кісінің сол зажигалкасы бар „супер қаламы“ қайда екен деген...»
Abilakim
ол кісі ол қаламын насыбайы бар қаламға айырбастап жіберген болар)))
Aya
қателескен жоқсыз
Abilakim
менде шеге тәріздес қалам болып еді
estetika91
Міне, қызық… Ол қалам қазір қаааааааааааааайда екен, өзі?))))))
Abilakim
Әпкем мектеп бітіргенше ұстады,әпкемнің мектеп бітіруін осы қалам үшін күтіп ем.кейін сөмкемен таудан сырғанап жүргенде жоғалып қалыпты
estetika91
Туууууууу, қайда ғана түсіп қалды екен?..
alisha
Бұрын көп қырлы әйнек қаламның пастасына қағаз орап салып, әлгіні әрлі-берлі айналдырып, қызықтайтын ек. Сосын кәмпиттің түрлі-түсті қағаздарын да ораушы ек. Қазір түрі бар ғой.
estetika91
ИЯ! «Менің атым Қожа» көркем фильмінде Қожекеңнің Жантасқа қарай қаламмен сия шашып жіберіп сықыыыыыыыыыылықтап тұрып күлетіні есіме түсіп кетті ғой)))))))))))
estetika91
Тууууууууууу, жоғалып қалғаны жаман болыпты ғой…
Abilakim
Қалам түгіл адамның жоғалып жатқан заманы ғой…
estetika91
Айтпаңыз, өзіңіз аман болыңыз, әйтеуір! аман болсаңыз, әлі талай қалам табылады. Бірақ, дәл сол бұрынғыдай естелігімен құнды шеге тәріздес қалам болмасы анық…
Abilakim
уайымдамай-ақ қой,қазір менде ине тәрізді қалам бар
estetika91
Мә)))))) Сізде қаламның түр түрі бар екен ғой, иә?))))))
Erlan
бастауышта ұзын ағаш қаламдар болды, басына пасты тығып жаза бересін, одан кейінгілері Айхао ма брдеңелерғо, сосын универсал ручкалар төрт пасталы, Кызыл, жасыл, кок, кара керегін алып жаза бересін солар есімде капты, ручка устамагалы коп болды.
estetika91
Мә… Ағаш қаламдар деген қандай қаламдар өзі?))))))
Abilakim
карандаштың ортасын алып тастап орнына стержін саласың.
"Әкем түрмеден шыққанда наннан жасалған қалам әкелген" деп қырта салсаң ә)))
Дұрысы әкеме біреу түрмеден әкеп еді
estetika91
Әкеме біреу, түрмеден әкеліпті деп, мынадандай ағаш қаламдарды ұстап мәз болып жүрсең, айналадағы адамдар басқаша қарайтын сияқты ғой…
Erlan
Мынадай ағаш ручкалар
estetika91
Мә… Мынандай ағаштан жасалған тамаша қаламмен жазған адам бақытты шығар, ия? Өкінішке орай, біз бұндай ағаш қаламдарды көрмей қалдық!
Abilakim
біз жаздық
estetika91
Сондай қаламдар бір отбасында біреуден болған шығар, ия, Құдай біледі?))))))) Сосын кезектесіп, таласып, тармасып дегендей…
Erlan
Біздер дәптерді бояп лас қылсақ, Апай: бетіңді осылай сызып тастаса жақсы ма?- деп ұрысатын ,қәзіргі кезде, жазғанын лезде қайтадан өшіретін қаламдар барғой, сол қаламды пайдаланып жүрген оқушылар бақытты болса керекті )

сосын бір кездері ручкадан тутік жасап алып ішіне қағазды шайнап салып ататын
estetika91
Әрине, озық технологияның мол мүмкіндіктер кеңістігінде өмір сүріп отырған біздер бақытты ұрпақтармыз. Бірақ, маған шыны керек, кейде жылтыраған дүнилерден гөрі, қарапайым әрі сондай сүйкімді нәрселер қатты ұнайды!
estetika91
«Сосын бір кездері ручкадан тутік жасап алып ішіне қағазды шайнап салып ататын» дейсіз бе?..))))))))
Erlan
ия қатты үріп атып қалад, мен өзім қызықпадым )) бірақ бірде мынадай мергендіктің куәсі болдым, атқан кезде, сойлеп жатқан адамның аузына кіріп кеткені, сосын мурнына кіріп кеткені )) жане рогаткалар болган, наскидің ризинкасынан алып жасайсын, қағазды қатты етіп шиыршықтап орап зың еткізіп атып жібересін, ақ шешеңді деп тиген адам уқалап отырады.
estetika91
Атып жіберіп, тиген адамның рекакциясын аңдып отыратын дейсіз ғой. Эх, теңтектер — аЙ!))))))))
Aya
Ия, мұндай түтіктермен кезінде мен де айналысып көргенмін. Өте қызық болады. Бакуган сияқты
JAKO
Ескі көз таныс ағаш қаламды көріп қызығып кеттім мен де жазайыңшы. Сиясауытқа (неге екенін білмеймін ДӘУІТ деп атаушы едік) батырып алып жазатын ручкалар болған,ұшына салатын перолары бар еді.Кейінірек сияны ішіне заправит ететін авторучкалар шықты.Солардың бәрін өзім колдандым.Біразы әліде бар,қолдануға жарамды.
estetika91
Әлі де қолдануға жарамды болғаны, сапасының қаншалықты деңгейде екендігін көрсетіп тұр  Ал, қазіргі қаламдардың сапасы барлығымызға белгілі…
Біздің үйде ескі бір қалам болатын бұрын ағаштан жасалған еді. БІрақ, кейіннен жоғалып кетті…
a63a1
Назира сен былай істе, пост жаз, сосын бір нақты сөйлем айт, қызығы қайда дейсіңбе? онда ол мында, барлығы жазып сол сөзді қағазға сосын сканерлеп немесе суретке түсіріп ілсін. Бәрі қызық үшінғой
ademi_alem
Қолға қалам алмағалы көп болыпты… Күнделік жазғанда болмаса, компьютердің көмегіне жүгінетін болдық қой көбінесе. Өлең жазғанда компьютер қосуға, жарықты жағуға ерініп, ұялы телефонға жазамын. Көз алдыма оқушы кезімде үш айлық каникулда үйге жан жақтан ағылып келетін хаттар елестеп отыр. Сол ҚАҒАЗ мен ҚАЛАМДЫ серік етіп жазылған хаттарда бір ерекше жылылық болатын…
satibaldi
Олжас Сүлейменовтың 15 теңгенің қаламымен автограф беріп жатқанын өз көзіммен көрдім. Енді Ол — құрыған адам ба?