ҰБТ-ға арнадым!

Гүлжайнат құрбымыздың ҰБТ туралы өлеңін оқып, бір кездері өзімнің сары уайымға салынып жазғаным есіме түсіп кетті.
3 шумақ секілді еді, біреуін есіме түсіре алмадым)))
Керекте де тақырыптар көтеріліп жатыр екен, мен де жариялап жіберейін) Иә, айтпақшы Муза шешей сол кезде-ақ өлген болуы керек :$

ҰБТ

ҰБТ!
Тітіркентті жүректі!
ҰБТ!
Көңіл байғұс дір етті…
ҰБТ!
Келеді ойға қайдағы…
Кім жеңер?
Білімді, әлде білекті?

ҰБТ…
Бәлкім жақсы зат болар?
ҰБТ…
Мүмкін үміт ақталар?
ҰБТ…
Алып Алтын белгіні,
Қуанып, пәк көңілім шаттанар?
Бөлісу:

15 пікір

blackbeard
Bukakakaka! Adamdar ozderi korykkan, ulyktagan narselerge kop olen shygarady))))
ҰБТ… деген жерінде байғұс Муза шешейдің давлениеcі көтеріліп кеткен шығар?)))
AKY
Қазір күлеміз-ау))))) Сол кезде шындап қорыққанбыз
AKY
ҰБТ… деген жерінде байғұс Муза шешейдің давлениеcі көтеріліп кеткен шығар?
«БҰТ» дегенде әлдеқайда жақсырақ болар ма еді?
blackbeard
Жаңа смайликтер құтты болсын!
VKM
Муза шешей тірі екен)))
izbasar
аман болсын. Солардың калтасының арқасы.
direct
Кім жеңер?
Білімді, әлде білекті?
Біз жақта көкесі мықты мен тамыр танысы, әйтеуір бір амалын тапқандар жеңеді))
Erkekyz
Біз жақта дегеніңіз Жетісай ма? Қатал болды дейді ғой биыл.
direct
Иә, Жетісайда. Қатал болады, «глушитель» қойыпты, тағы анау мынау деген әңгіме көп әйтеуір.
Арғыкүні, яғни 10-маусым күні қызықтың көкесі болайын деп жатыр, ҰБТ тесті болады. Жұмысымды жиыстырып қойып, патапаратымды мойныма асып алып інімді қолдауға барам)) қызықтар болса жазармын постқа суреттерімен қосып)
edige
Кешегі БҰТ МАҚТАРАЛ:
Стадионында мектеп бітірген бала 98 бал жинады… Қатты қуандық… Әкесі ішіп кетті… Бабамызда бұлай болмаған деп той берем дид… але ауылдық квота қосылса 120 балды бір ақ ұрады ау…
sigma
Ұзын құлақ ақпараттық құралдарынан Қызылордада 500ге тарта талапкер 125 балл жинады деген жаңалық естіп қалдық, басы қасында болғандар қаншалықты шын өсек екенін айта кетсе
alisha
оларды аннулировать етіпті ғой...қайта тапсырады, оқы: www.atyraunews.com/showNews5479.html
Beytanis
Аздап "ұятпен" жинаса қайтеді?
abzalsariyev
бұндайың да бар ма еді))))))))))
AKY

Қазіргі жастардың көңілінен шығып жатқан сияқТ