ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БАРША АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ
Қадірлі әріптестер!
Сіздерді алда келе жатқан 5-маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің иықтарыңыздағы жүктің ауырлығын, атқарып жатқан міндеттеріңіздің жауапкершілігінің шекара таңдамайтыны ақиқат. Сол үшін де Сіздер барша адамзатқа қызмет етіп келесіздер. Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Жалпы бұл күнді мерекелеу әрбір адам бойына қоршаған ортаны қорғау ынтасын оятуға негізделген. Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартудың, сондай-ақ саяси мүддені ынталандырып, тиісті әрекеттер жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Осы күнді мерекелеу тәрізді іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәселесінде адамзат факторын қосып алуды көздейді. Табиғатты қорғау мәселесіндегі басты әсер етуші күш халық екендігін әлем халқына түсіндіру. Сондай-ақ, барлық мемлекеттер мен халықтардың болашағы қауіпсіз әрі берекелі болу үшін серіктестік қатынастардың пайдалылығын түсіндіру. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнінде – велосипедистер парады, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта өңдеу науқаны және аумақты тазарту тәрізді қызықты көріністермен бейнеленетін «халықтық оқиғаға» болашақта айналатынына сенімім мол.
«Табиғаттың байлығы – бар¬ша келер ұрпақтың игілігі… Бәрі¬міз ондай байлық қолымызда болма¬ғандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлы¬ғын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамта¬масыз ету арқылы жарқын болашақ¬та өмір сүру өзіміздің қолымызда. Айналаны қорғау, өркендету және жақсарту жөніндегі әрекеттердің мақсаты адамдардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. Табиғи таза ортада өмір сүруімізді қамтамасыз етіп отырған қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Нұрғали ӘШІМ
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі

дереккөт
Осы дымға керегі жоқ өзіңді тану деп лағығанша пайдалы, практикалық нәрселер үйретсе ғой балаларға, 5 жылдан соң ақ нәтижелері көріну керек меніңше. Көшеде қоұыстар азайып, көшеттер көбейіп тб
пяншіктергеБірақ мынандай белгілерден ¬ көз сүрінеді, еріксіз әбіл еске түседі