Сатеке, мыналарды қалай жазалаймыз?
Шынымен, біздің көшелер қателерге толы екен. Тақырыптың атын бір көшеде мың қате деп атар едім, бірақ нақты іске көшуді ұйғарып, Сатекеңнен кеңес сұрағалы келдім. Сонымен, үйреншікті қателер:
Фурманов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы. Тіл уйретеміз дейді, анық тіл үйрете алмайды бұлар, үйретуді уйрету деп жазғасын болғаны ғой.
Қалаға жаңадан келген автобустар. Өте әдемі, ыңғайлы, кондукторы жоқ, ешкім айқайлап мазаңды алмайды, өз еркіңмен валидаторға барып төлейсің, БІРАҚ мына арт жақта тұрған жазу көңіліме қонбады. Нақты қалай аудару керек екенін білмеймін, сіз қандай нұсқасын ұсынар едіңіз! 79, 32 деген автобустардың бәрінде осылай тұр, басқасын көрмедім.
Мынаны көріп шыдамым шегіне жетті. Алдында қ-ны к қылып, ү-ні у қылып жазғанды көріп едік, мынау енді… білмеймін тіпті не айту керек екенін. Қателік атаулының шыңырауы десем, қалай болады? Қысқасы, қазақ тілінде жоқ әріптерді (егер әріп деуге келсе) қолданыпты. Клавиатураның қай жерін басарымды білмей отырмын. Райымбек пен Сүйінбайдың қиылысы, Саяхат автовокзалының сыртында тұрған «Метро» сауда орталығының жарнамасы. Оның үстінде бір ғана жерде осылай қате кетсе, түсінер едім, бірақ барлық жерде осылай тұр. Қан қайнады, басқа шапты. Сатеке, ешкімге қолданбаған ең ауыр жазаңның бір түрін бұйырсаңыз!
Фурманов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы. Тіл уйретеміз дейді, анық тіл үйрете алмайды бұлар, үйретуді уйрету деп жазғасын болғаны ғой.
Қалаға жаңадан келген автобустар. Өте әдемі, ыңғайлы, кондукторы жоқ, ешкім айқайлап мазаңды алмайды, өз еркіңмен валидаторға барып төлейсің, БІРАҚ мына арт жақта тұрған жазу көңіліме қонбады. Нақты қалай аудару керек екенін білмеймін, сіз қандай нұсқасын ұсынар едіңіз! 79, 32 деген автобустардың бәрінде осылай тұр, басқасын көрмедім.
Мынаны көріп шыдамым шегіне жетті. Алдында қ-ны к қылып, ү-ні у қылып жазғанды көріп едік, мынау енді… білмеймін тіпті не айту керек екенін. Қателік атаулының шыңырауы десем, қалай болады? Қысқасы, қазақ тілінде жоқ әріптерді (
Атасы мен баласының телефонмен сөйлескені сияқты болды ғой. Студент жігіт:
— Алөу, ата, халыңыз қалай? мен, Асхатпын ғой, — десе.
— Ей, жүгермек қай жүрсің?
— Ата, менің Алматыда оқып жүргеніме 2 жыл болды ғой.
— Е-е, бәсе, үйде көрінбейсің, — депті.