Планшет-смартфон PadFone

Computex 2011 көрмесінің ашылу қарсаңында Тайваньдық ASUS компаниясы өздерінің гибридтік планшетті компьютерлері жайлы арнайы мәлімдеді.

Бұл жаңа компьютердің негізгі бөлігі — 10,1- дюймдік және 1280*800 пиксельдік сенсорлы дисплейі бар планшеттен тұрса оған қосымша планшеттің артқы бөлігінде смартфон сыйатындай орын тағы бар. Мұндағы бір ерекшелік планшет док-станцияның рөлін ойнаса смартфон Wi-Fi жоқ жерлерде 3G-байланысы арқылы интернетпен планшетті қосады. Коммуникатордың жеке өзіне келсек, олда құралақан емес. 4,3 дюймдік экраны және бесмегапиксельдік екі камерасы бар. Смартфонды арнайы бөлікке қойып қойып оның камерасын планшеттеде қолданса болады.
Осы жылдың 4 кварталында ұсынысқа шықпақ. Дереккөзі
Бөлісу:

2 пікір

Janasil
бағасы қалай екен?
KILYZAMAN
Ұсыныс бар, ендігі жерде сұранысқа байланысты ұсынушы толғата-толғата бағасын қоятын шығар :-)