Мәләдес, Берәнек!!!
Әбілдің, Біздің Қазақстан жарады. Өткенде осы ойын туралы біраз пікір талас болып еді. Қазақстанның жеңетініне менен басқа @Erke ғана сеніп еді. Үмітіміз ақталды. Есеп 2-1, жеңіс біздікі. Әрине, талайдан жеңіске сусап жүрген біз үшін бұл жеңістің орны ерекше болайын деп тұр. Беранек дұрыс тактика қолдана білді деп ойлаймын өз басым. Негізі Әзірбайжан секілді құраманы ұту айтарлықтай мақтаныш емес түсінгенге. Дегенмен ұтысқа қуануымыз керек. Екі голды салған Гридин, оң қанатты толықтай иелік еткен Ұлан, қорғаныста жақсы ойнаған Смақов, бәрі-бәрі жақсы ойын көрсетті. Коментаторлар, сол қанаттағы ШмИТгальді мақтап жатты. Бірақ, бізге салынған гол тура соның қанатынан өрбіп еді. Менің байқағаным бізге дені дұрыс артқы орталық қорғаушы керек екен. Шабуылға тосқауыл бола алатын біреуді табу керек секілді. Шабуылдағы Остапенконың орнына жылдам қимылдайтын біреуіді алған дұрыс секілді. Бүгін Остапенко голға пас берсе де, оның сылбырлығы қанды қайнатады. Тағы бір нәрсе, біздің футболшыларға жылдамдық керек екен. Ойыннан кейін бар ойым осы болды.
қуанышымыз ұзағынан болсын!!!