Жапония күнделігінен: Umikirara аквапаркі және Сасебодағы кеш

Kujukushima аралдарына саяхатымызды аяқтап, арнайы таксимен Сасебодағы Umikirara аквапаркіне келдік. Сағат күндізгі төрттен кетіп қалыпты, асыға күткен дельфиндер шоуы шамамен жарты сағат бұрын бітіп кеткен екен, қап! дегеннен басқа амал қалмады.

Сонымен су әлеміне саяхатымыз басталды:


ірі аквариум, ішінде балықтың барлық түрі топтастырылған:





Сыр-сұхбат:



Сыртта дельфиндерді жаттықтырып жатыр екен:



Өкінішке орай, арнайы қоршаулардан әрі асып бара алмадық, қасына барып ұстай алмадық,арманым сол болатын, қимай тұрып-тұрып, келесі есікке беттедік, онда медузалар мекені орналасқан:




мынаны көру үшін көз керек, өзі иненің тесігіндей:


Біраз шарлап, үлкен аквариум жанынан бір — ақ шықтық:


әріректе дельфиндердің бассейні:




Дельфиндер басында бір келіп, бір кетіп жүрді. Өздері ықылас-ниетке қатты үйреніп қалған болулары керек, қол бұлғаған бізді көріп, енді айналшықтап кетпей қойды. Жабылатын уақыт таяп қалса да, біздер кете алмай біраз отырдық.

Парктен шыға, біраз қыдырыстап, панораманы қарап, Нагасакиге тарттық поезбен.


Унзенде кездескенше!
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
Астанадағы қалып қояды екен мынадан
AKY
Ия туфта болып қалды. Севастопольде дельфинарий бар екен міндетті түрде баруым керек.
Gulistan
@AKY — Айгерім, дельфинариумға бардың ба, репортаж күтеміз
AKY
Бардым)) Ұнады. Дым суретке түсіргем жоқ.
Gulistan
Өз басым Астанадағы «ДУманда» болмаппын, сол себепті салыстырудың реті келмеді.
Altygradus
дельфиндермен ойнағанымыз супер болды.Дельфиндермен түскенде сен қараңғы боп тұрсың.Дельфиндер фотоаппараттың флашынан үркетін шығар, жарығын қоспаңыздар дегеніне қарағанда. Ана арттан қалмай қойған мысықпен суретіңді іліпсің ғой:))))

Осы аквариумде медузалар керемет, бір басқа әлемге түскенбей болып қалатын жері ұнайды.Маржан алған суретіңді ілмепсің ғой:)