Керемет жерден бір сыр

Естеріңізде болса, Көлсайға барғым бар деп жазған едім, сол арманыма жеттім :).

Сол дикарем деп жоспарланған бойынша, ұшақтан түсе салысымен, күтіп алған Меруерт ханыммен Сайран автобекетіне барған едік, ол жақтан еш көлік болмай, Саяхатқа бет түзедік. Сағат 7.30-да шыққан Газель Сатыға 12-лерде жетті ғой, айтпақшы, жолда біраз ламбада билеп алғанымызды айтып өткім келіп отырғаны :)

Құрмет деген елді мекенге бұрылатын жерге дейін көлікпен жетіп алып, әрі қарай «Көлсай-қайдасың?» деп жаяу тарттық. Рахат, құлаққа ұрған тыныштық, жан жақтың бәрі жап-жасыл. Асығыс болмағандықтан, ұнатқан жерімізге тоқтай қалып, күн шуақтап жатып та алдық, жайылып жүрген жылқыларды бақылап та алдық :). 18 км деген жердің жартысынан көбін жаяулатып өттік, несін сұрайсыз :) Әрі қарай, жолай кетіп бара жатқан бос көлікке мініп, «Көлсай көлдері» атты ұлттық паркке жеттік :)

Сезон әлі басталмағандықтан коттедж үйлерде дайындық жұмыстары бітпеген екен, оған қарайтын біз емес, адам басына 2000 тг төлеп, 1 коттедж жалдадық. Негізі, студенттерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге 50 пайыздық жеңілдік бар екен, ол жөнінде коммендант ештеңе демеді. Айтпақшы, Көлсайға кіру ақысы 651 тг, егер де барып жатсаңыз, ұмытпаңыз :)

Тарихи аңыздар жоқтың қасы ма деймін, әлде бізге бұл жөнінде не повезло ма екен, бір ғана аңызды естіп білдік. Баяғыда бір бай болған екен. Оның үш ару қызы болыпты. Сол үш аруға бір жігіт, сол жігітке үш ару ғашық болған екен. Не істемек керек? Ойлана келе, бәріне ортақ шешім қабылдап, үш аруды үш әсем көлге, жігітті сол көлдерді жалғайтын өзенге айналдырған екен дейді аңыз.

Сол әсем көлдің басында йоганы еске алып, алабай итпен достасып, қаздардың жүзгенін, балықтардың секіргенін бақылап, керемет релаксация жасап қайттық. Шыны керек, қайтқым келмеді. Мүмкін болса, сол жерде өмір сүруге қалар едім :)

Ұмытып барады екенмін, аяқ астынан Меруерт екеуіміз журналист те болып кеттік. Біз барған уақытта Сатыда «Саябақтар шеруі-2011» атты халықаралық іс-шара ұйымдастырылып жатыр екен, соған арналардан телевизионщиктер келген, келгендері бізге жақсы болып, күріштің арқасында күрмек су ішеді болып, парктің басшыларынан, ауыл әкімдерінен сұхбат алып алдық. Солай, кемеден мейрамға демекші, демалысымыз мәдени іс-шаралармен қамтылып, қызықты өтті.

Дүкен бағаларынан басқа бәрі ұнады өзіме, табиғатын айтып жеткізуге сөзім жетпейді, кеудені толтыра демалғаннан артық іс-әрекеттің өзі артық па деймін :). Демалысыңызда міндетті түрде барып қайтыңыз дер едім, өкінбейсіз :) Сатыда қонақ қабылдайтын үйлерге тоқтасаңыз күніне 4 мың тг (3-4 мезгіл тамақ қосылған) және қосымша ақыға Көлсайдың басына баратын көлікпен қамтылып, турпоходтарға қосыла аласыз :)

ПС: Барып-келу-тұру барлығы 5000 тг болды. Дикарем болғанның артықшылығы көп қой негізі :)



(2911.08 Kb, 4000x3000) Алабаймен достасып, Ақтөс дедік, Бөрібасар дедік, бәрібір шын атын білмедік :)

(3103.96 Kb, 4000x3000) Меруерт ханым табиғат аясында осындай :)

(743.3 Kb, 2456x1472) Ал, бұл мен, лажы болса сол жерден кеткісі жоқ :)
Бөлісу:

42 пікір

Meru
Қайыңдыға барып үлгермегеніміз өкінішті(( Көлсайға тағы кетіп қалғым келіп отыр)) Судың мөлдірлігі соншалық, астындағы балықтың жүзіп жүргенін көрудің өзі…
Zilola
бізге ысқырып жіберсеңдер болмас па еді :(
жәрәдіііі, келесі жолдың алдымын :)))
balzaminka
Жұмыстан шыға алмайды ғой деп ысқыра алмадық қой :(, әйтпесе, сендер келгенде олай болар еді, бұлай болар еді деумен болдық :)
VKM
Бальзаминка, маладес! Барам дедің, бардың, көрдің!)
balzaminka
Рахмет :)
Енді Катон-Қарағайға жол түссе керемет болар еді :)
urimtal
Қатон-Қарағай мен Марқакөлге жетудің жөні қалай екен?
Meru
Мен ілем дегенше өзіңде іліп үлгеріпсің, маладес))
balzaminka
Болмайтын нәрсе болмауы керек деп, болдырып жатырмын )))
VKM
@balzaminka,@urimtal, бірінші Өскеменге келесіздер.Катонға 280 км ғой деймін, себебі Үлкен Нарынға дейін 200 км.2 жол бар: 1-шісі Зырян арқылы, жол таулардың үстімен өтеді, серпантин, асулары бар.Жеткенге дейін неше түрлі тамаша пейзаждарды көресіздер.2-шісі төте жол, Бұхтармадан пароммен өтетін, жақынырақ, Самар арқылы. Гид бола аламын.
Ееее,«Ақсу» деген санаторийге арзан жолдама алып бере аламын.«Рахмановские ключи» дегенді «Бипек-Авто»алған, комфорт бар, бірақ керемет қымбат
Марқакөлде болған емеспін.Білетінім,қыста жол болмайды
balzaminka
Рахмет, Венера, ең кемі бір 20 күн кетеді барып келуге, сонысы жаман :(
VKM
Неге?1 күн жолға Өскеменге дейін+ Катонға 4 сағат-ақ Х2,қалған уақытта демаласың)
balzaminka
егегеййй, олай болса мен жолға шықтым деп кетіп бара жатырмын :)
Баяғыда Айдоспен есептегенде көөөп күн кететіндей болған еді
VKM
Ол кезде тура жол болмады ғой, Поезд Локоть(Ресей)арқылы 2 күн жүретін.Казір Алматыға поезд Шар арқылы,1 сутка жүреді
satibaldi
егегеййй
@serjan: -Ау?..
urimtal
Размет! @VKM «Ақсу» шипажайының арзан ұсыныстары ұнап тұр :)
VKM
Керек кезде хабарласыңыз, көмектесемін)
huanysh
Арманыңа жетуіңмен! Көлсайға бару бізде жоспарда бар, жұғысты болсын!
balzaminka
Рахмет!
Жұғысты болсын!
Сол, керек болып қалар деп жазған едім өзге кісілерге :)
satibaldi
Керемет жерден бір сыр
Ма-ма…
Gastarbaiter
Керемет жерден вешалка шығарсайш нақ)))
Altygradus
Мяяя Гүлеке пысық мадис бәрін үлгеріпсің келе сала. Кешкісін нешеде қайттыңдар көлден? онда да жаяу ма?
Сосын ана алған сұхбаттарыңды қашан жариялайсыңдар??
Ана күніне 3-4 мың жатын орны, тамағымен, сосын машинамен көлге дейін апарып тастаса жақсы екен. Көлге түсетін баспалдақтарын жөндеп пе? біз баяғыда барғанда кейбіржері шырып жатқан еді
Сұрақ көөп қойдым:))))
balzaminka
Телевизионщиктермен қайттық, бекер ол кісілерге журналист болмадық қой :) Рас-өтірігін кім білсін, сол кісілердің арасындағы бір кісі «Менің атым — Қожада» Сұлтанды ойнағанмын деген еді :))
Сұхбаттар Қазақстан, Рахат, тағы 1 телеарналардан көрсетіледі, сондай-ақ, Литер, Айқын газеттерінде жарық көрмек (газеттердегі біздің сұрақтар емес енді :) ) Сол сұхбат барысында 50 пайыздық жеңілдік туралы білген едік негізі :)
Баспалдақтарды біз барғанда жөндеп біткен болатын, без проблем қазір :)
Сосын, не ғой, бетіме былш етіп түкіре салшы :) әлсіздеу едім, ауырып қалармын :)))))
omarbirat
«Сұлтанды ойнаған актер — бұл күндері марқұм» деп жатқан еді, «Менің атым — Қожа» туралы бір деректі фильмде. Сонда...?
balzaminka
Өз басым ол кісіге сенбеймін :), тек айтқанын жазып отырмын
TERISKEY
Рас-өтірігін кім білсін, сол кісілердің арасындағы бір кісі «Менің атым — Қожада» Сұлтанды ойнағанмын деген еді — марқұм М. Көкеновке де тыныш жатқызбайтын болды-ауу:((((( (http://www.azattyq.org/content/Kazahstan_cinema_kozha_nurlan_segizbayev/1619721.html)
Altygradus
ок ок:))) көз тимесін Машаллах
жақсы репортаж болды мындаңыларың. Ана астындағы суреттерің тым кішкене екен, оны бассаң дым көрінбид как всегда қума пикс.кз
Сәл үлкенірек қылсаңдар деген тілек бізден:))
balzaminka
хе-хе, сол суреттерді күштің зорымен ілдім ше :)
monti
уау супер, осы пост күтіп едім, рахмет
Балзам, жолы ше, қанша кетті? сат ауылға дейін? оны айтпапсын ғой, екуің ғана, корыкпадындар ма? 18 км. журу елсіз далада хмм батырсындар все таки.
мен бүгін/ертен уже отпускадамын, кім қайда барады, кеттік че, колсайға))) ойым әлі жыйнанқы емес, былай дикарем бару әлде де айтам, арзан ғой, ел қорқады.
менде қорқамын бірақ дикарем баруға)))
satibaldi
менде қорқамын бірақ дикарем баруға
Дикарьлар Сізден қорқатын шығар…
balzaminka
сорри, 1500 тг :)
Кімнен қорқасың дим да, жайылып жүрген жылқыдан өзге тірі жан жоқ, өтіп жатқан машиналарды айтпағанда :)) Негізі, жертваның өзі шақырады дейді ғой убийца, маньяктарды, сондықтан еш қорқу болмауы керек, бірақ қорықпағандық сақтанбағандық деген емес :)
satibaldi
Очм, пистолет ала барсын, бірақ ішінде оқ болмасын???
serjan
Күн өткен сайын сөзіңнің нәрі кетіп барады.@satibaldi
balzaminka
негізі, тіл деген күшті қару ғой, Сатекесі :)
monti
жатын орын+жол=5000 т. тым арзан,
былай арнайы турмен 12-13 болатын.
очм ойлантып койдын все таки ;)
balzaminka
:) бұл біздің жұмсағанымыз ғой, қатты саудаласу өнерінен деген ди ма, 2-ақ күн болдық қой.
Сатыдағы конақүйлерде күніне 4 мың тамағымен, ал Көлсайдың бсында 2 мың, тамақсыз.
Студент, зейнеткерлерге ана жеңілдікті ескеру керек. комендантқа студенттік билет пен зейнеткерлік книжканы көрсетіп, требовать етпесе, комендант үндемей қалады ғой деймін. Өйткені біз студентпіз дегенде ешнәрсе демеген болатын, ертесіне директор сұхбатта айтқан етін :)
Сосын, жолға морально дайын болу керек :)
monti
рахмет керекинфона :)
balzaminka
Айтпақшы, Қуаныш барамын деген еді :)