Футбол
Қарап отырсаң, жанкүйерлер футболға жанын береді. Ондайларға: «Намаз оқы», — десең, азанда тұра алмаймын деп сылтауратады, бірақ та солардың кейбіреулері футболды тахаджуд кезінде көреді. Сол футболды өліп көретіндер тахаджудке тұра ма, тұрмай ма, білмеймін, алайда бір қызығы, түнгі көрсетілімдегі футболды өткізіп алмау үшін күндіз ұйықтап, тынығып алып көреді екен. Сөйтіп күткен матчын көреді, одан соң азаннан кешке шейін әңгіме қылады. Он бір адамның әрі жүгіргеніне, бері жүгіргеніне мәз. Сосын «какая боль, какая бол, Аргентине-Ямайка 5:0» деп мәз болады өздері. Бірақ арасында ешкім түнгі тахаджудке тұруды ойламайды да… «Какая боль, какая боль, мирская жизньдікі 5, ақыретіңдікі 0» деп жатқан ешқайсысын көрмейсің… Шаруасы жоқ Ақыретпен, қамсыз. Ертең сол он бір футболист қолынан ұстап Жәннатқа кіргізіп жіберетін сияқты. «Сен мен үшін көп қол соғып едің, сен мен үшін түнде теледидардың алдында „тахаджудке“ тұрып едің, мен үшін жаның сығылып кетіп еді, мен үшін әйеліңнің дайындап қойған тамағын ішпей қойып едің, мен үшін бала-шағаңа тәрбие бермей қойып едің, мен үшін түнделетіп көзіңнің майын тауысып едің, мен үшін шаршап жұмыстан қалып едің, енді сен „жәннатқа“ кіре ғой» деп он бір футболист арқасынан қағып, қыл көпірден өткізіп, амал дәптерін оң қолынан ұстатып жіберетіндей…
"ұлтқа, дене бітімімізге, жерге байланысты емесе. олардың футболы дін сияқты болып кеткен. футболға құдайындай табынады. жүректерімен берілген. олардың махаббаты футбол. басқа еш себебі жоқ."
в своем репертуареқалай шаршамайсың?(