тҮНГІ ЭЛЕГИЯ

Түнгі элегия

Абайлап қарап келем мен,
Сынық ай сіңген сағаны.
Үзіліп түсіп еменнен,
Жапырақ жаутаң қағады.

Келеді көкте ай ұшып,
Айнала неткен арайлы.
Қалампыр гүлдер майысып,
Наздана маған қарайды.

Кеудемді тосам самалға,
Сары уыз халім-шырғалаң.
Шырмауық басқан алаңда
Жұлдызын жайып тұр ғалам.

Елгезек емен ілбіп бір
Сәуегей өлең өргендей.
Айнала тіпті мүлгіп тұр
Физули ақын келгендей.

Кезбе жел келіп кідірді
Меңіреу түнге тымырсық.
Умаждап жатыр іңірді
Ұялшақ талдар ыңырсып.

Айдында аққу көлкуде,
Саф ауа жұтып саумала.
Дүниенің бәрі елтуде,
Ұйқылы-ояу тау ғана…

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК
Бөлісу:

3 пікір

sammita
авторын жазу қиын болса, міне көшіре салшы Ақберен Елгезек.
borte_92
құдай-ау, рахмет сіздерге!!!
sammita
Ақберен:)))) «Г» артық (ана поста да). Рахмет ренжімей жөндегеніңе.