Басың айналды ма? - 2

))) Құрметті, коментші замандастар. Әлбетте, сіздер дұрыс айтып отырсыздар. Тіпті ешкім еш жерде бұл сөзіңізге қарсы ештеңе айта алмас.

Расында да бабаларымыз сан ғасырлардан бері осы Ислам жолын ұстанып, өмір атты соқпақтың жер-жерінде құрылған қақпандарына ұрынбай аман-есен өтіп, салиқалы ұрпақ тәрбилеп, еліне шын риасыз қызмет қылып, ұшпаққа жеткен ғой.

Осы жол, осы Ислам арқылы әр адамның жан-жүрегін, дүниесін тамырымен өзгертіп, жүрегіне ерекше кез-келген ситуацияны бағамдай білетін сезімді; ішкі дүниесіндегі болып жатқан түрлі-түрлі шым-шытырық процестерді зерттеп, біле алатын сақтықты, зеректікті, байқағыштықты; дінбұзып, ел ішіне іріткі салу үшін неше түрлі амал-тәлілдер қолданатын зымияандардың саясатын, пиғылын түсінетін ақылды; ел ішінде тып-тыныш, мамыражай, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтындай заманды қалыптастырудың техникасы мен технологиясын үйренген.

Әлбетте, дін үйренген адамға ешкім келіп: “зымияндардың саясаты мынадай болады, сыртқы процестерді байқау үшін былай істейсің, елдің тыныштығын сақтау үшін мынадай саясат қолданасың” деп тәтпіштеп айтып жатпайд. Ол қасиеттер Исламның мәнісіне, негізге мақсатыны үңіліп, түсіне білген адамдарда өзінен өзі пайда болады.

Жалпы, Ислам бұл бір жатқан – үлкееен бір техника. Яғни құрал. Ненің құралы? Адам баласын адамшылықтың шыңына жеткізуге арналған, жүрегіміздегі Құдай әуел баста салып берген мейірім, махаббат, Отан сүйгіштік, достық, шыншылдық, арлылық, намысшылдық, жігіттік, жомарттық…… деп кете беретін механизмдерді жұмыс жасатудың, яғни осы адам бойында өліп, тұнып, тұншығып жатқан асыл қасиеттерді бостандыққа шығарып, тыныс кеңітудің құралы.

Әлбетте, сіз айтуыңыз мүмкін: “Мына жігіт соны да сөз деп айтып отыр ма? Сандалыпты! Оның Исламға қандай қатысы бар? Жомарт болам, шыншыл болам деген адам Исламға кірмей-ақ бола береді ғой қаласа. Не деп басты айналдырып отыр мынау” – деп.

Енді сіз өзіңіз өміріңізді еске алыңызшы. Осы кезге дейін сіздің бойыңызды қызғаныш деген деген ит сезім билеп көрді ме? Мысалы, жақын досыңыз сізден асып, бір жетістікке жеткенде; немесе араласатын ортаңыз сізге көңіл бөлмей, басқаны авторитет тұтқанда; немесе қызыңыз сізді тастап басқа біреумен жүріп кеткенде; дос құрбыңа жігіттер көп сөз айтып, саған сөз айтатын жігіттің аз болған кезінде; дос құрбың сенен әдемі көрініп жарқырап жүргенінде?

Осы кезде сіздің бойыңызды қызғаныш деген пасық сезім билеген болуы мүмкін. Сол кезде сіз өзіңізге айтқан боларсыз: “Жоқ, мен қызғанбауым керек, бұл жақсы нәрсе емес, бұныммен мен өзіме зиян келтіріп жатырмын” – деп.

Сосын жұртқа қызғанышыіңызды білдірмеу үшін, күліп жарқырап жүруге тырыссаңыз да ол Ит сіздің бойыңызды тастап жөніне кетті ме?

Әрине, кеткен жоқ. Бұл сезім біз “кет” дегенге кете қоятын нәрсе емес.

Ал сол пасық сезімдерден, сасық ойлардан алыс болудың жолын үйретіп, тазалыққа, пәктікке бастап, сұрқия пиғылдардан құтылудың техникасы мен ньюанстары көп технологиясын үйрететін ғылым – дін ғылымы. ”Ислам діні” атты ғылым.

Бұл ғылымның тек қана бұл нәрсе емес, білгісі келген адамға өтееееееееее көп қызық нәрселері бар ұсынатын. Жүрегі тазалыққа жетіп, барлық адам баласына, ол мұсылман болсын, кәпір болсын, яһуди болсын, буддист болсын, христиан болсын, кім болса ол болсын, махаббаты оянып, тіпті басына тышып, жала жауып зынданға қамап тастаса да жүрегі сол қалпынан айнымайтын күйге жеткен адамға дүниенің басқа сырлары да ашылып, адам баласы даналыққа бой ұрып, сол даналықтан үлес ала бастайды.

Діннің мақсаты не еді? Шәкәрім атамыз айтпай ма?

“Бұл кездегі діндердің бәрі нашар,
Ешбірі түзу емес көңіл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,
Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. …

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұспандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрсадағы,
Мағынасынан адасып қара басар.

Сүйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін үйтіп дұспан бол демейді,
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?“


Болды ма осы нәрсе болған жоқ па? Айтшы бауырым? Неліктен қазіргі заманның адамдары Исламнан тұра қашып жатыр? Америкадағы Құранды өртеген адам неліктен осы қадамға барды? Мұсылмандардан әлемнің басым бөлігі жеріді, жүрегі айныды. Ислам жолын ғасырлардан бері ұстанып келген біздің өзіміз Исламнан қорқатын болдық.

Сақал қойып, балақ қысқартатындарды жақтыртпаймыз. Жүрегі асыл қасиеттерге толып, жан жағына нұрын шашып, бейбітшілік, адамшылықты айтатын адам болса оларда өшіміз қалды ма біздің? Маған десе қысқа балақ емес трусимен жүрсін, адамшылыққа шақырса ештеңе демес едім. Сақал емес бүкіл денесіне жүн өсіріп алса да көңілім баяғыдай болар еді. Әңгіме ода емес қой.

Жаным, бауырым, айтшы енді сен. Мысалы деймін ғой, қолына Құран ұстап оқып, мыңдаған хадис жаттап, сахабалардың, пайғамбарымыздың өмірін оқып жүрген олар дін ғылымының ішіне сүңгіп жүр. Қарапайым логикаға салсақ, Құдайдың кәләмін күнде оқып жүрген адамның бойынан асыл қасиеттер бұлақша ағып, әлемге нұрдай жарқырап, қоғамды алға сүйреп, махаббаттары кеудесіне симай, сондай бір әулие болып кетуі керек қой. Қазіргі қоғамнен сен не көріп отырсың?

Реті келсе де келмесе де уағызын тықпалайтын діндарларды; сөзін тыңдамай кетсең нәпсілері айдаһарша құтырып, сені “кәпір, адасқан” деп сыртыңнан айтып жүретін жігіттерді; сенің пікіріңді тіпті елеп, сөз деп менсінбей, “тек менікі дұрыс, айтқанымды тыңда, сенің пікіріңнің дұрысы жоқ” дейтін студенттерді; “намаз оқып мұсылман болмадың ба, онда сен надансың. Пікір айтуға құқың жоқ. Дінге кір” – деп шыға келетін догматиктерді; Құрандағы: “Сендер яһудилерді дос көрмеңдер” – деген аятты шатақ түсініп, басқа дін өкілдерін жау көріп менсінбеушілерді; “намаз оқымасаң тозақта жанып, күйіп азапталасың” – деп қорқытушыларды; дінге “асыл қасиеттерді жаңартасың, оятасың” деп, рухани тыныштыққа қызықтырып шақырудың орнына, мұсылман болмасаң жанасың, кесілесің, азапталасың, құрисың деп угрожать ету арқылы дінге кіргізушілерді.

Солар бір ақиқатқа көзі жетіп, ғаламның сырын түсініп, Құдайды танығаннан іші жылып айтып жүр деп ойлайсың ба?

Дінді үйренді. Содан соң ұстаздарының айтақтауымен жерден жеті қоян тапқандай, әлемнің сырын ашып жібергендей адамдарға уағыз айтуға кірісті. Мақсаты, менің сөзімді тыңдап дінге кірсе, мен сөйтіп авторитет болсам. Құдайдың алдында сөйтіп дәрежемді өсірсем, дінге кіргізіп. Мақтансам, осыншама адамның алдында. Барлық адам тек осы біздің жолда болуы керек міндетті түрде. Себебі ақиқат тек бізде. Барлығы адасқандар. Оларда ешқандай ақиқат болуы мүмкін емес – деген догмалық психология.

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,
Тас суретке шоқынса.
Өлсе де болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.

Атақ, пайда іздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса;

Молдеке-ау, оған таңданба,
Сол кіреді бейіске.
Екі жүзді сандалма,
Сен қаласың кейісте.

Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң.
Инедей пайда тие ме
Мешітте мың жыл отырсаң.


— дейді Шәкәрім атаң.

Енді сұрақ туады ғой. Қалайша Құран ұстағандар қарапайым адам түсінетін мейірім, аяушылық, сынықтық деген қағидаларды түсінбейді. Неліктен?

Менің ойымша бұлар жүрек деген нәрсені ұмытқан. Жүрек деген үлкеееееееееен заводтың қыр-сырын, зерттеп, алдымызға қоймайд. Жүректің сырларына бойламағасын әрине судыратып Құран жаттап, хадис айтқандары адамшылық болмастарын жаңартудың орнына, “мен көп білемін” – деген тәкәппарлық сезімін оятад. Білгендері жай ғана миында сақталып тұрған әріптердің комбинациясы ғана болып қалад.

Жүрегің орнында болмағасын, істеген құлшылығыңнан, оқыған намазыңнан, ұстаған оразаңнан саған не пайда? Бұл әрекеттерің сені рухани өсуге алып келе ме? Әлде кері кетіріп, тәкәппарлыққа ұрындыра ма?

Жаралған жүрек таза ауел бастан
Сақтанып таза ұста бала жастан
Ноқаттай жүрегіңе кіршік түссе
Ойыңа ол ұлғайып кірер тастан.


Ноқаттай жүрегіңде болса татың
Жоғалар ынсап, мейірім, махаббатың.
(террорист, тәкәппар боласың)
Жүректі қара ниет жайлап алып (Бәріне өзімді мойындатсам)
Ынсапсызға айналар қанағатың.

Жүректі өте қиын таза сақтау.
(өнері бар, ғылымы бар жүректі тазалаудың)
Оған жат, зорлық, қулық, алдап, арбау
Надандық, жалғандықты ол сүймейді.
Мақсаты таза жүрек арды жақтау.
(шыншыл болу, прозрачный болу)

Махаббат, мейірім, ынсап, қанағаттық ( бүкіл әлемге мейірімді болу)
Ар, ұят, қайрат, жігер, сабыр, сақтық (арам ойлардан билеуінен сақ болу)
Таза ой, таза ақыл, таза жүрек
Сақтайтын осыларды жүрек сандық.
(Бұл қасиеттердің генераторы жүрек)

Өнерің пайда берсін наза болмай (Ұстаған дінің бірінші өзіңе пайда берсін)
Біреуге өтіп, біреуге қаза болмай.
Не түрлі жанна шығар кереметті
Жүрегің қабыл алмайды таза болмай


(Жүрегің таза болмай, дүниенің сырына бойлай алмайсың, ғибадатың бес тиын пайда келтіріп, даналыққа алып бармайд.)

Барлық адам баласы, осы жүректің сырларын елеп, қызығып, білуге тырысса, еліміз басқа мемлекеттерге қоғам болып өмір сүру өнерінің үлгісін көрсетіп, екі дүниеде де бақытты боламыз деп ойлаймын.

Бір коментші бауырым айтқандай көзге түскен дінбұзарларды “сөккенім болсын сүйгенім, достығым болсын күйгенім” деп ”шыңғыртып”, міндерін әшкерелеп, Отанымыздағы тыныштықты сақтап отыру, әрбір өзін қазақпын, қазақтын перзентімін деп есептейтін азаматтың міндеті.

“Кеудесінде болса көз
Жұғар сондай адамға
Ондай адам қазақтан
Көп туса осы заманға
Босар еді-ау азаптан
Қазақ шығып самалға!”
Бөлісу:

6 пікір

konvict
Мына пікірлеріңмен келісемін. Бізде отыра қалып, өзің айтқандай
Реті келсе де келмесе де уағызын тықпалайтын діндарларды; сөзін тыңдамай кетсең нәпсілері айдаһарша құтырып, сені “кәпір, адасқан” деп сыртыңнан айтып жүретін жігіттерді; сенің пікіріңді тіпті елеп, сөз деп менсінбей, “тек менікі дұрыс, айтқанымды тыңда, сенің пікіріңнің дұрысы жоқ” дейтін студенттерді; “намаз оқып мұсылман болмадың ба, онда сен надансың. Пікір айтуға құқың жоқ. Дінге кір” – деп шыға келетін догматиктерді; Құрандағы: “Сендер яһудилерді дос көрмеңдер” – деген аятты шатақ түсініп, басқа дін өкілдерін жау көріп менсінбеушілерді; “намаз оқымасаң тозақта жанып, күйіп азапталасың” – деп қорқытушыларды; дінге “асыл қасиеттерді жаңартасың, оятасың” деп, рухани тыныштыққа қызықтырып шақырудың орнына, мұсылман болмасаң жанасың, кесілесің, азапталасың, құрисың деп угрожать ету арқылы дінге кіргізушілерді.
дейтіндер дінді толық білмейтіндер. Адамда болады ғой. Бір нәрсені білсең өзіңнен артық ешкім жоқ секілді көрініп кетеді. Біле түскен сайын білімің аз екеніне көзің жетеді.Сократ айтқан ғой: «Мен тек бір нәрсені білемін, ол өзімнің ештеңе білмейтіндігім. Ал, кейбіреулер оны да білмейді» деп.
Ojdan
Ислам діні(кіршіксіз, пайғамбарымыздан түскендей таза ислам діні) өмір сүрудің(екі дүниеде де бақытты болудың) нұсқауы дейсің ғой, солай ма?
edige
Түсінсем бұйырмасын… Дін, Шәкірімнің сөзі, КВНшілердің суреті…
ұйқас пен мән қані????.. Ішінде «муфтиді тап» деген сұрақ қана жоқ…
Пікір түзетілген: 11 тамыз 2011, 11:47
a63a1
бәрі бірдей кәстөм алғанша екінші машина алмайма тәлібтер, омыртқасын үздіғой БМВның