Бесік той

Елдің бәрі 28-не Алматыдағы кездесу жайлы айтып жатыр. Бармағандықтан ба кеудемде аздап қызғаныш сезімі аласұрады. Әбілдің, сені ма @bleackbeard!
Очм менің ол жаққа бара алмауыма себеп болған бір нәрсе бар еді. Немере қарындасым Інжудің бесікке салары болып, ауылға амалсыз итжеккен конвиктжеккен жұмысқа іліндім. Содан түсірген біраз фотоны қабыл алыңдар.

Бара сала шайді өзіме қайнаттырып қойды.

Есесіне мышығымды жақсылап еркелеттім.

Той дастарқаны жасалынып жатыр.

Орамал таққан «вахабист» әжелер. Сөз берем, кимешектерінің астында бір-бір балдақ-мылтықтары бар
Шөберенің алақанынан май жесе жұмаққа барады-мыс. @Ahi кетнақ

Бесікке салар. Бірінші әже: Тышты ма, тышты ма! Екінші әже: тышты, тышты! Патогрып бала: Лібәәәә! Туыла салып қызылды-жасылды тышады екен нақтың.

Әлди, әлди, ақ бөпем! Ақ бесікке жат бөпем!

Ортадағы әже: Chica bomb!!!

«Кейде Абай деген атты жек көріп кетемін. Әсіресе, үйдің кішісі деп жұмсай берген кезде, Абай деген есімді есекке теріс отырғызып, наққа дәруішөлгенге жібергім келіп кетеді.» Конвикттің монологы
Бөлісу:

137 пікір

qisyq
Ортадағы әже: Chica bomb!!!
Scheschesse))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
blackbeard
Жақсы түсіріпсің!!! Бір жылдары біздің де үйде болған еді:)))
Әжелер:
— Тышты маа? — деп сұрайды
Бар даусыңмен:
— Тышты, тышты әже, оңдырмады! — деп айғайлайсың сценарий бойынша:)))
konvict
Сол сценарий бойынша өтті бәрі
Zilola
өләәә, сосын сол тышқан кәмпит-пішінәйді ауылдың әйелдері таласа-тармаса алып кететіні қызық ғо :)))
konvict
Жетпей қалса ұрысатынын айтсай
alisha
Бірде Алматыдан пойызбен келе жатқанымда көргем, осылай ашық аспан астында дастархан жайып қойыпты. Мен үшін таңсық, бірінші рет көруім)))
VKM
Самауыр қайнатқаныңа респект) суреттерің супер
konvict
Сізге ұнасын деп әдейі осы суретті салып едім. @Teriskei уішівөл
Zilola
самауырды точны өзі қайнатқанына увернсің бе? :)))
можыт жездесі қайнатқан самауырдың қасына барып суретке түсірген шығар а, Венка ойланшы :)
konvict
Сол күні бар самауырды өзім қайнаттым десем мақтанғандық емес шығар. Әпкем деп жүрген сіздің мына сөзіңіз маған жаман әсер етті. ))))))
Zilola
енді отқа май тамызып отырмасам, менің бұл сайтқа пайдам не?
қызықтырып, таластырып қойған заман болды ғо :)))
VKM
хехе:)))айтып жатқасын, сене берем
TERISKEI
@vkm! ВыыыыКыыыыыМыыыыыы! :((((
konvict
уііішіііівөөөөөөөөөл!!! мен де бақытымды тапқан секілдімін.
VKM
@TERISKEI, мяя, енді пікір жазбаймын ба??? хехе)))
konvict
(((((((((((((((((((
blackbeard
Scheschesse! @TERISKEI, @VKMді алып қашуға барамыз нақ!!!
konvict
Сақалға сенім жоқ екеніне толық көзім жетті. (((((((((. Әбілдің!!!
Altygradus
уахахахахаа «жерде домалап жатқан суретім»:)))))))))))))
VKM
уа ча:))алыс, жол жаман, менде әлі бітпеген 1 курс бар…
сендер бәрін біржақты шеше береді екенсіңдер)))
Zilola
жігіттер не айтса сол болады, ал қыз (сен) бәріне көнуге мәжбүрсің қалқам :)))
blackbeard
Болды қыз көнді!!! Бастысы Шымкентке әкелейік! Күйеу табамыз бірдеңе қылып;)))))))
qisyq
Уа, @konvict, мына екі шымкенттікке бермейміз, өзміміз алып қашамыз, не бар ол жақта, мына тұрған Тараз тұрса)))
konvict
Давай! Мен дайын
Zilola
қай ғасырдың гәпін айтып оцың қайным? :)))
Altygradus
@TERISKEI точно @vkm ғой??:) Әйтпесе өткенде ана еңбекқор өрмекші қызымыз @Erkekyz деп жатқан сен емес па едің??:))))
Бос жатқан шығыстың қызы жоқ так ышто дұрыстап ойлан:)))
konvict
Сөйтсінші. Дұрыстап анықтап алсын
TERISKEI
ойландым! @Erkekyz, енді сіз кечроң! @blackbeard, жолға азық дайында!
@vkm, әдірісті айтшы… Уа, жамағат! Батаңды бер! @Ahi, қайдасың? Осындай сәтте бата бермегеніңде қай уақытта бермекшісің? @Altygradus, мен кәңкіретні ойландым!!! Шығысқа жорық бас-таааал-ды!!! Там-тра-рам, там-трарам!
blackbeard
Бәрін қойып Жапониядан @Altygradus-ты әкелейікші:))))))))))))
konvict
Кімге алып бермексің?
Altygradus
ой қума @blackbeard:)))))) мені қайтпексің:))))
бастысы әкеліп алайық, сосын табамыз демекші ғой уахахаха
blackbeard
Бізде дипломы бар қыздар қымбат болады:)))))))))
Beytanis
a 4e diplom bar ma?:)))))

Менен сұрап тұрсың ба?
konvict
@Ahi-дың әруағы қолдасын
Erkekyz
Тағы башмақай тоқысам мүмкін қайтып келерсіз, а?))))
AKY
@Erkekyz, бұл жолы башмақай не прокатит. Одан да мықтырақ бірдеңе ойластыру керек.))
Erkekyz
Ия, барлық жағынан еңбектенуге тура келіп тұр қысқасы.))
qisyq
Қыста шалбардың астынан киетін жылы трико дегендей…
VKM
өлдім күлкіден....@Erkekyz бен @TERISKEI бір жақтан, менталитеттері бірдей, келеді бір-біріне. Сол батамды беріп, бақыт тілегенім дұрыс қой деймін.
@Altygradus дұрыс айтады.
Тем более, олар өздері сырттай шешіп жүр ғой;)
konvict
Мынау сөздеріңіз маған жағып барады. )))) Рысбек!!!
Altygradus
@VKM батаңды оңды олды бере-берме:))) @ TERISKEI жақсы жігіт:)
@konvict ренжи көрмеш енді, басынан осы екеуіне тілектес едім:)))
konvict
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде.
Керектен қыздар бұйырмас шөлдегенде. деп қуалап кетсең…
TERISKEI
Атыңыздан айналып қана кетейін @Altygradus қайынбикем-ай! Торыққан көңілді бір марқайтып, мұңыма медеу, жаныма жалау болдыңыз! Алдыма салған ақ жолыңыздың қайырымы бізден болады! Ләйім Күйеу жүзжылдық, құда мыңжылдық мерейі тарқатылмасын!
@blackbeard! Екі қамзол әкелші, @Altygradus пен @Zilola әпкеме жабайын!!!
blackbeard
Kamzol syrgasymen daiyndap koidym! Samopal dep jurmese…
Altygradus
қызды дайындаймыз саспаңдар онда:)))))
Beytanis
Шығыстың қыздары тірлікке салақ, бос келеді. Ренжімеңдер.
VKM
Қай шығыстың қызынан қорлық көріп едің?(
Beytanis
Жеңгемнен! еххе!
Zilola
ағаңның осалдығынан деп шешейік бұл дауды :)
Beytanis
Зизола, оған тірлік үйретпеген ағам ба? Логикаңа болайын…
VKM
1 қыз үшін, шығыстың бар қызы жаман болу керек пе?
Қарсымын.
Beytanis
Жаман деген жоқпын, салақ, бос. Сөздің төркініне зер салсаңшы бір уақыт.
VKM
кетчівари;) дәл менің қай жерімнен бостық пен салақтықты көріп тұрсың?(((Мен де шығыстың көп қызының бірімін ғой
konvict
Маған қалдырыңыз. Мен өзім жайғаймын
Beytanis
Е, байға ти. Сонда көрерсің.
konvict
Байға тимейді. Маған тиеді
Beytanis
Сен байы болмайсың ба?
konvict
Мен жаны боламын! И нүкте. Флудиттерді қуалап жіберу керек.
Beytanis
Құры бар, моралист бола қалуын!
konvict
Мен моралист емес реалистпін
konvict
Бейтаныс, @VKM-ға тиісе берме енді. БАсы бос емес. Егер қоймасаң жаман болады
Beytanis
Қой-ей, тиісіп жатқан ешкім жоқ. Сезікті секіреді-нің кейпі болды ғой… «Жаман бола ма, жақсы бола ма» оны сен шешпейсің.
konvict
«Жаман бола ма, жақсы бола ма» оны сен шешпейсің.
Шешіп берсем ше? Шеше алмай жүрген проблемаларың бар ма?
Beytanis
ахххахаха, қойшы, түге! суппер мэн болмай-ақ қойшы.
konvict
Не ма, қасқыр көріп па едің?
Beytanis
Көрсем не болыпты. Өзіңді қасқырмын деп отырсың ба№
Altygradus
дым қызық болмай қалд сенікі @Beytanis
Beytanis
Мен қызық деп айтып жатырмын ба?
Zilola
жігіттер сыртқа шығып жұдырықтасып келсеңдер жақсы болар еді, әйтпесе шымшыласып кеттіңдер уже, біздікі басында қалжың еді да!!!
Beytanis
Біздікі де прикол!
konvict
Беттен тырмалауға айналып кеткен секілді
blackbeard
Абайлаңыздар-әй! @konvict Тараздан екен:))))
konvict
Менімен бірге Аякөздің қызы оқып еді. Өте жақсы еді.
konvict
Бұл сөзіңмен менің сезіміме селкеу түсіре алмайсың!!!
Beytanis
Суриоз ба, бәрі? Онда базар жоқ!
Altygradus
@Beytanis айтасың ау сенде:)))бір жеңгең солай болды екен деп:)))

салақ дейтін емес бірақ бос деп жазғаның маған келеді.Үйдің шаруасын білмим демейм бірақ ұнатпаймын. Ненің қалай жасалатынын бәрін біліп өскеніммен, маған қояр талаптар оқуыңды өте жақсы оқы, одан әрі қарай жұмысыңды ретте тб болатын.Ол әр отбасындағы қойылатын талаптарға сай қалыптасатын нәрсе сияқты.
Бәрі бірдей емес әрине. Пысықтығы асып түсетін шығыстан құрбыларым жетеді.
Сосын тірлік дегенде де оның жасалу тәсілі әртүрлі ғой, өзім басқаның жасағанын жақтырмаймын.
Сосын қазір сол тірлік деп талап қоятындай заман емес менше. Жағдай болса, керемет пысық болмай-ақ бәрін қатырып алуға болады.
AKY
Менің @TERISKEI інім де жігіттің төресі!
sammita
езуінен күлкі үзілмейтін, тәрбиелі, сыпайы бала жігіт:)))
Altygradus
рахмет Конвикт. бесікке саларды көрмеппін өмірімде.Біздің үйде ондай салт жоқ өкінішке орай.
Самауыр, мысық, апалар керемет шыққан.
Бесікке салған бопа неше айлық сонда?
konvict
Екі айлық сәби. Қолыма ұстауға қорқамын өзін.
Altygradus
аа Машаллах, одан үлкен көрінед екен:) Ой айтпа 4 айдан кіші балаларды ұстауға қорқамын менде:)))
Өзі жалпы 2 ай, шамамен сондайда сала ма бесікке?
konvict
Ол жағын білмейді екенмін. Ертерек салуға тырысады әйтеуір.
alisha
неғұрылым ертерек салса, соғұрылым тез үйренеді ғой негізі… бос жатқанға үйреніп қалған балаға бесікті «мойындату» қиын-ақ. Кіп-кішкене боп күштері көп өздерінің… аяқтарын қарыстырып, бермейді тартынып))) Өз тәжірибемнен)))
Altygradus
қарашы өзін:))) қашанға жатты дейін сосын?
alisha
ой, оңдырмадық))) жатқан құрлы, тербетіп отыруың керек, әйтпесе бақырады))) көзден бір тамшы жас көрінбейді бірақ))) аяғын біреуі, бесікті біреуі, бауын біреуі ұстап тұрып, зорға бөлейтінбіз))) екі-үш ай жатты бар жоғы)))
alisha
жазуын жазып ап, точно менен сұрады ма деп күмәндәніп отырмын))) сол кездер есіме түсіп, сезім билеп кетті де саусақтарды)))
Altygradus
жо сенен сұрадым. Қайткенмен өгізі өзеннен өткен жан ғой деп:))) Мүмкін пайдаға асып қалар кейін:)))
alisha
дұрыс-дұрыс))) осы бастан үйрене беру керек)))
Karakyz
Бізде қырқынан шыққанда жасайды бесікке салуды, бірақ ертерек те бесікке сала беред
Meru
немере қарындасты қалай түсінуге болады?
Altygradus
аталары бір туғандарды айтад
konvict
Орысша «двоюродной сестренка». Қазақша ағамның қызы
Meru
түсінікті, рахмет
nurjanbay
Орамал таққан «вахабист» әжелер. Сөз берем, кимешектерінің астында бір-бір балдақ-мылтықтары бар
«ваххабистер» бұл әжелердің басқан ізіне де тұрмайды. құдайұрғандарды әжелермен салыстырма :(
konvict
Қалжың ғой бауыреееем
blackbeard
Нақтар кілең!!! Пост Бесіктой туралы ғооооооооооооой!
Beytanis
Меніңше, ар-намысқа тиер ештеңе айтпадым. Қыздарға білмеген заттары болса үйренсін бойдақ кездерінде деген пиғыл ғана, бәрін біле бермейтіні жасырын емес қой.
Lyaila
Екі иығынан дем алған,
Самауыр шайын сагындыыым!
Ауылға бару — бір арман!
Жұмысқа әбден «таңылдым»
Ауылдан жырақ қалмаған
Ризамын саған, бауырыым!
Altygradus
осы суретті қарап жаза салдың ба Ләйла??:)
айтпа самауыр шайын сағындым менде.
Пикникке шығайықшы мен келгенде.Самауыр алып барайық сонда:)
Zilola
мені де ала кетіңдер қыздар, самауырға шәй қойып үйрену керек, баклашкамен дем беріп ше :)))
Altygradus
Зиола дұрыс шоқтық болса, қиындығы жоқ сияқты.
Иә, сол ато сендер кездесіп кездесіп мен келгенге шейін батарейкаларың отырып қала ма деп қорқып жатырым мына жақта:))
madlen
сен бірінші келші, жаным-ау! сосын қалаған жағыңа барамыз!
blackbeard
Шіркеуге барайықшы:))))))))
madlen
во имя отца и сына… десем, @Ahi өлтіреді!
AKY
Жанна қашан келесің? Мен де Алматыға сызып кетсем, сол кезде, шіркін-ай!
Altygradus
Август аяғы Қыркүйек басы Өзі ораза біткесін деп жоспарлашы.
AKY
Хмм, науқанның кезі деЧ((( Эхх… Бару керек қалайда!
sammita
баклашкамен дем беріп ше :)))
керзі етікпен, ботимен берген де мықты негізі:) бізде сүйтеді.
konvict
Әбілдің, керзі етік таза болмаса ше :)))))))))))))))))))))
Lyaila
суреттердің шынайылығы ауылымды есіме тусирип жиберді…
Самауыр әкелсең керемет болар еди)))
madlen
Мынау бөпені беріңдерші маған :)))))
AKY
Мадлен, туып ал:))))))
madlen
оригинально ұсыныс айттың ғой :))
konvict
@blackbeard қайдасың?
madlen
өзінің тақырыбын өзі флудтайтын адамды енді көрдім!
konvict
Бекерден бекер флудмейкер атанбаған шығармын енді
madlen
сені көп әңгіме еттік, біле білсең! не дегенімізді айтпаймын бірақ :)
konvict
Айтыңызшы! Өтінемін. Жекеде күтемін
madlen
Сен жақсы жігітсің дедік!
asaubota
осындай палаткадағы тойлар (бірақ бұл жерде төбе ашық ау деймін) күшті болады. палатка құру, кілемдерді ілу, столдарды қою… бірақ, сол біткесін жинасатын ешкім болмай қалады.

қарындасыңның бесігі құтты болсын!
konvict
Рахмет! Айтсын!
nurbergen_makym
Бауы берік болсын, кішкентайдың!
konvict
Айтқаның келсін
Karakyz
Суреттер күшті. Мысығымды сағынып кеттім ауылда қалған((

Бауы берік болсын!
konvict
Айтсын, рахмет
Ojdan
@konvict, бесік той құтты болсын!
Gulistan
Той керемет өткен сияқты. Жалпы шілдехана, бесіктойларға тек әйел адамдар, әсіресе үлкен әжелерімізді шақырады ғой. Ал қазір ер азаматтар да баратын үрдіс шығарыпты, олар да қалмайды екен
Мен де ойлап қойғам, сәби қанша айлық екен деп:)
Жалпы бесіктің мән-мағынасы туралы Зейнеп Ахметова керемет жазған: adyrna.kz/?p=832
Тағы бір мақаласында «ер баланы қырық күнге жеткізбей, ал қыз баланы қырық күннен асырып барып сала береді» деп жазады.Қанша дегенмен, ұл бала сүйегі мығым, етті келеді, қыз бала көбіне нәзік. оқи берсең, көп пайдалы нәрсе білуге болады.

Той құтты болсын.
konvict
Рахмет! Көп дерекке қанықтық
omarbirat
Бесік той құтты болсын! Пақайт еткен пайдалы ғой :)
«Мейрам» — деуші еді Мастұр батыр жарықтық, — «лоқтарға арналған. Ал пацандарға — күнде жұмыс»
konvict
Рахмет! Пақайт еткен жақсы ғой. Бірақ, ертеңіне өліп түсетінің болмаса