Айсәулем



Талғамы мықты бисүйер қауымның назарына «Бір әнді» ұсынғым келеді. Заттыбектің «Ақмаржан» әні жарық көрмей тұрғанда, "құдакөңіл" халықтың тойларында, көшеде, отырыстарда рейтінгі өте жоғары болғаны анық. Бұл әннің қуанышты не қайғылы екені "қандай көңіл күйде екеніңізге" немесе "қанша ішкеніңізге" байланысты. Кейбіреулер тойларда өкше силап қайтқандар тағы бар.
Енді әннің мына жолына тоқталайық: «Мен де сенің жақсы әнің болайын». «Де» деген сөзді қоспай айтса ритмге келмейді, қосып айтса «арам ойдың» жетегіне алып бара жатқанға ұқсайды.
«Ду ду ду ду ду ду ду ду ду» /Толық сөзін білмей хормен айтса да болады/
Осы жолы ең бастамасында 3 акорд қана тартатын жігіттің соло ойнауға шамасы келмегенін білдірмеу үшін ауызбен сала салған. Қаншалықты нақышпен дауыстап салуы «мега әнші» екендігін білдіретін жол. Егер көптің көңілінен шыққан болса айналдырып айта бересің, айта бересің. Қол аяқтарыңыз талмасын…

«Айсәулем» Көше әні

Ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду

Өмір, Өмір, Өмір деген қатал ақ
Өмірге адам келмейді ғой қайталап
Қиын екен, қиын екен сонда да?
Өмірдегі ең алғашқы махаббат.

Аяй я яй яй, айя я я я Ақсәулееем
Мен де сенің жақсы әнің болайын
Ақсәулем, мен де сенің жақсы әнің болайын

Ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду
ду ду ду ду ду ду ду ду ду

Ақ қайыңды қыз құшақтап жылайды,
Жылайды да көздің жасын бұлайды.
Он сегізге жаңа толған жас ару,
Енді кімнен өз бақытын сұрайды.

Аяй я яй яй, айя я я я Ақсәулееем
Мен де сенің жақсы әнің болайын
Ақсәулем, мен де сенің жақсы әнің болайын
Бөлісу:

11 пікір

sammita
Ақсәулем деп Романтиктен тыңдаушы ек.
edige
Айтпашшіркін…
e_zhalgas
жазда әжемнің ауылына барған кездерім есіме түседі ше осы әннен :)
VKM
Қиын екен, қиын екен сонда да?
Өмірдегі ең алғашқы махаббат.

айқайлап айтатын ән ғой, папамдар гитарамен қатырады осындай әндерді)))
Nurgisa
Ақ қайыңды қыз құшақтап жылайды,
Жылайды да көздің жасын бұлайды.
Он сегізге жаңа толған жас ару,
Енді кімнен өз бақытын сұрайды.

Он сегізге жаңа толған қыз неге жылайды? Не себеппен құшақтайды ақ қайыңды? Біреу ренжіткен ғой. Бертін келе түсіндік. Ал оған араққа сылқия тойып алған үлкен кісілер ырду да дырду боп билеуші еді. Ақ қайыңды құшақтап жылап жатқан қызды мазақ еткендей кейіпте. Не деген озбырлық десейші…
nurbergen_makym
Қызды жылатқандардың арасында өздері де болар…
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
asaubota
бұл әннің сол баяғы нұсқасы менде Моймирде бар

кивиге де жүктегем, бірақ әлі рұқсат бермей жатыр

kiwi.kz/watch/vmbf0c7gb4w2/
a63a1
Өзен. Ақ жигули ВАЗ21011, алдыңғы екі сиденьенің ортасында, бар дауысына қойлған қара светомузыкалы магнитафон, колонкасының әлсіздігінен бырт бырт деген дауыстар шығады — Аяй я яй яй, айя я я я Ақсәулееем
Мен де сенің жақсы әнің болайын
Ақсәулем, мен де сенің жақсы әнің болайын,
Ишшо папаммен оның жолдастары мені машинаға отырғызып қойды да өздері бөтен тәтелермен билеп жатыр, плавкимен билеп жүргендерді қызықтап аң-таң болып отырған 4-5 жасар Абзал! )))))))) Қайтарда — Абзал сен жігітсіңғой үйдегілерге айтпа ахама? Айтсаң машина тепкізбеймін деп қояды. Машинаға қызыққан қайран басым — талай нәрсені жасырдығой апаммен шешемнен)))))
asaubota
бірден осы жерде тыңдаңдар деп мақаланың басына қосып қойдым плеерді
edige
Рахмет. Басқа ұлтында жігіттері де осы әнді біледі екен
Қайырмасын жіберіп қойды біздің жұмыстағылар :))))))))))))