Алматыдан әдеттегідей шабытпен келдім


Мінбер семинары
3 күндік сапарымның негізгі мақсаты Мінбер ұымдастырған семинар-тренингке тренерлік қызмет атқару еді. Ол миссиям ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Бір жағынан үйреттік, бір жағынан үйрендік. Біз білмейтін біраз нәрсе бар екен, Асхатқа үлкен рахмет. Семинар өте жақсы өтті деп ойлаймын. Енді Астанада өтеді. Тағы да біраз тәжірибе жинап қайттым және ысыла бастағанымды өзім де сезгендеймін :) Көпшілік алдында бұрынғыдай толқу, қысылу жоқ :)

Алматылық керекшілер
Семинардар бос уақытымды алматылық керекшілермен өткіздім. Уақытымызды көңілді өткіздік деп ойлаймын. Админ ретінде қолданушылардың сұрақтарын, ұсыныстарын, сындарын тыңдадым. Ойға жақсы идеялар келді. Рейтингі жоғары және пікір көп жазылған мақалалар автоматты түрде алғашқы бетке шығатынын түсіндік және рейтингі жоғары қолданушылар плюс қойған кезде олардың плюсі еселеніп қойылатынын түсіндік. Бірінші рет @edige мен @madlen-ді көрдім. Жұрттың көбі Гастаны көрді алғаш рет. Жалпы көп адам бірін бірі бірінші рет көрді. Осындай екенсіңдер ғой деген әңгімелер айтылды :)

Жерұйық фильмі
Кино туралы өткенде осында ақпарат жазылды ғой. Сондықтан алдын ала шамалап отырдым фильм тақырыбын. "Ұнады, көшті болды" деп айтсам кино талғамым төмен екен деп ойлап қалар деген оймен кино біткен бойда сұрақ-жауап процедурасына қатыспай, темекі тартуға шығып кеттім бірден. Мемтапсырыс па емес пе білмеймін, баяғы сол халықтар достастығы, тату-тәтті, бейбіт өмір, халықтар ассамблеясы, т.б… Бас рольдегі актер қатты ойнап (переигровать) етіп жіберген, театр емес қой бұл. Диалогтар жасанды, сюжеттер бір бірімен байланыспайды. @TERISKEI айтқандай режиссер негізі док.фильмдер түсіреді екен. Сондықтан қатты сынамау керек сияқты бұл фильмді. Менің жеке ойым — ақша төлеп баруға тұратын фильм емес. Бірақ, Қазақфильмді көріп қайттық, күшті екен. Жабық көрсетілімге арналған залдары да күшті.

Алматы
Менің сүйікті қалаларымның бірі. Осы қалаға келсем демалып қаламын. Бас демалып, ойға неше түрлі жақсы идеялар келеді. Көпшіліктің пікірі де жиналғасын ба әйтеуір жақсы болып қаламын Алматы және алматыдағы керекшілерді көрсем. Горький паркі қатты ұнады, біз барған кезде ауа-райы да жақсы болды аздап жаңбыр жауып. Айналадағы адамдарды көріп әйелім мен баламды сағынып кеттім. Әдемі жерлерді жалғыз көргім келмейді, әйеліммен бөліскенді жақсы көремін. Бүгінге дейін өзім барған біраз жерді апарып көрсеттім. Келесіде еш шаруасыз тек қыдыруға келіп кетеміз ау деймін.

Рахмет сіздерге Алматы және алматылықтар! Бәріңізді жақсы көремін.

фото: @monti
Бөлісу:

27 пікір

qisyq
Сендерге рахмет:)
sammita
рейтингі жоғары қолданушылар плюс қойған кезде олардың плюсі еселеніп қойылатынын түсіндік.
бәссее…
alisha
Күшті! Тақтадағы бір жазба қызықтырып отыр. Өмірден кеткенше Леди Гаганы не істемек арманы бар екен??
blackbeard
kelip turynyz:)))) adam ozi anda sanda bilikten alystau jerde demalgany da jaksy:))
manfan
сізді көргеніме қуаныштымын!
Nurgisa
Аршат, саған тиесілісі «Мен өмірден өткенше Леди Гага...» деп басталатын тармақша ма? Соны нұсқап тұрғандайсың…
alisha
Жоға, ол Уордпрессті қазақша сөйлетемін деп тұр ғой, ағасы!!!
Nurgisa
Қайдам… «насытить» дегені де келеді екен ұстанған кәсібіне қарасаң. Әйтпесе subbotnik дегенді онша сүйе бермейтін әкімгер еді өзі…
asaubota
субботнег туралы дұрыс айтасың. ал Леди Гага деп мені балағаттағандай болдың ғой құрдас, соншама төмен бе еді менің музыка талғамым? :( ренжідім балдызыңның подружкасынссс
Nurgisa
Қайдан білейін, сенікі иткөйлек болса, оныкі — еткөйлек. Бәлендей айырмашылық жоқ сияқты. Шампурға тығып, шашлық қылып жейсің. Айтпақшы, шашлық жақсы көруші ме едің?
asaubota
кеше бір шашлык жеген күн болды. алдымен @edige екеуіміз күндіз кездесіп, көкбазардың қасында түріктердің бір кафесінде шашлыкқа тойдық. сосын Горький паркінде де шашлык жедік.
Nurgisa
Леди Гаганың гардеробында бірді-екілі көйлек кем болатын болды десеңші :(((
edige
Келесіде еш шаруасыз тек қыдыруға келіп кетеміз ау деймін.
будете у нас на колыме...:))))))))) Келе бер, келе бер…
Біз де риза болдық… Жеңіспен жолыға алдың ба?
madlen
Біз де сізді жақсы көреміз!!!
AKY
жақсы болып қаламын Алматы және алматыдағы керекшілерді көрсем
Ніқұя себе((.
Шыны керек, мен де жақсы көрем Алматы мен Алматылық керекшілерді.
madlen
сондай өздері жақсы ғооооой!!! :)))
AKY
Айтпаааа))) Сағынып отырмын сендерді!
madlen
сен басқа елде болған соң да, көңілің түскен шығар. Сооооооол жақта жүрсің, Алматыға келмейсің бе?
AKY
Көңілім түскен жоқ, бірақ сағынып отырмын. Сондай бір жақсы сезім...))
Zere
Фильмді қатты жамандамаңдар енді, Асхаттың еңбегін ақтасаңдарш )))))))
TOTY
Мен де Алматыны осы блогосфераға келгелі бұрынғыдан екі есе жақсы көріп кеттім...:)
asaubota
жерлес қыздарыңа қолдау көрсетіп, үйретіп жүр енді. былтыр қатысқандар күшті үйреніп кетті, қазір танымал блоггерлер деп мақтадық сендерді үлгі қылып.
TOTY
Әрине, олар әріптестерім ғой, күнде көретін. Олар да әсерлерімен кешеден бері бөлісуде. «Аршат ағай» сәлем айтты деп, сәлеміңді де жеткізді.:)
omarbirat
Дұрыстап кездесуге мүмкіншілік болмады. Сонда да жүзтаныстармен кездесіп, аватартаныстармен реалда танысқаныма қуаныштымын :)
Gastarbaiter
Mening 4 kundik demalys zhosparymnyn en alsiz tusy Херхуяк фильмі болды. Тегін екені жане арасында уйкы согып алганым (515-тегі касиетсіз отырыстан сон уйкы канбап еді) гана конілге демеу болды. Калганы ойдагыдай болды.
madlen
ал Айдар бізге үмітпен қарап еді :)))