Аллаға серік қоспаңдар!

Аллаһ Тағала былай деді: «(Мұхаммед)былай де: “Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық жасаңдар, өз балаларыңды жарлылықтан (жоқшылықтан) қорқып өлтірмеңдер. Біз сендерді де, оларды да ризыққа бөлейміз. Байқалатын және жасырын болсын арсыздыққа жақындамаңдар. Аллаһ тыйым салған біреуді өлтіруші болмаңдар, тек жазасы сол болса. Осыны Ол сендерге өсиет етті, мүмкін ойланарсыңдар! Жетімнің мал-мүлкіне жақындамаңдар, тек есейгенге дейін ең жақсы жолмен колдана тұрсаңдар болады. Өлшеу мен таразыны әділетпен орындаңдар, Біз біреуге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Жақындырыңмен болса да, сөйлегенде әділ болыңдар. Аллаһтың міндетін орындаңдар, осыны Ол сендерге өсиет етті, еске аларсыңдар. Бұл – Менің тура жолым. Оған ілесіңдер! Басқа жолдарға ермеңдер, әйтпесе олар сендерді Оның жолынан адастырады. Осыны Ол сендерге өсиет етті, сақтанарсыңдар”» (Ән`ам сүресі, 151-153-аяттар).

Түсіндірме:

«Былай де» деген сөздер пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағытталған үндеу.
«Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын» деген сөздерде бір нәрсені харам немесе халәл ете алатын, рұқсат етіп, тыйым сала алатын тек Аллаһ екеніне дәлел бар.
Аллаһ Тағала: «Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын: “Оған еш нәрсені серік қоспаңдар”», — деп елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) харамдардың ең жаманынан бастап атап беруді бұйырды. Егер біреу сізге: «Ең үлкен харам не нәрсе? Аллаһ тыйым салған ең жаман нәрсе не? Ең үлкен күнә қандай?» — деген сұрақтарды қойса, онда сіз: «Аллаһқа серік қосу», — деп жауап беріңіз.
Ширк – күнәлардың ең қатерлісі, ең қауіптісі. Ол дегеніміз: Аллаһтан басқа біреуге құлшылық түрлерінің бірін арнау. Ғибадатқа тек қана Аллаһ лайық, оны тек Оған арнау міндет. Аллаһ Тағала: «Еш нәрсені серік қоспаңдар», — деді. Кімді болса да, жақындатылған періштені де, пайғамбарлар мен ізгілерді де, талдар мен тастарды да, қабірлер мен кесенелерді де – ешкімді Раббыға ортақ етуге рұқсат етілмейді. Аллаһтан басқа ешкімге құлшылықтың қандай да бір түрін арнауға болмайды: нәзірлерді де, құрбандықты да, тауәфты да, дұғаны да, қорқу мен үмітті де және т.б.
Бөлісу:

29 пікір

timurrr
«Масадағы» бір мақаланы жазған исматуллит ең соңында Бекболат Тілеуханға «бәстесу ширк болса да бәстесе аламын» дейді. Астапыралла!
Baqi
Крестке қарап құлшылық ететін христиандар ширк жасаушылар болып есептеледі. Дәл солай қап қара тасқа қарап күніне бес рет құлшылық ететіндер де ширкшілер болып есептелуі керек.
AKY
Ну и нуу, Ахиға Бақи қосылды деген осы))))
Baqi
қосылсақ қосылайық
Ahi
Хехе, сіз тіркеле сала бірден осы жерге келіп ең алғашқы пікіріңізді осылай жазғаныңызға қатты таң қалып тұрмын.
AKY
Танысың емес пе, сылушайні?))))
Ahi
Жоқ, танымайды екем (біреу әдейі істеуі мүмкін)
Ojdan
Дәл солай қап қара тасқа қарап күніне бес рет құлшылық ететіндер де ширкшілер болып есептелуі керек.
Пайғамбарымыз қателеспеген шығар!
Baqi
шығар?
Ojdan
шығар?
қателеспеген!
Baqi
қайдан білдің?
Ahi
Ислам шариғат өз негізін Құран және Сүннеттен алатынынан хабардар шығарсыз, осы айтқан пікіріңізді растайтын сол Құран мен Сүннеттен бір дәлел бар ма? Болмаса, сіздің пікіріңіз әлемдегі миллиардтаған адамның қатарындағы жәй ғана пікір болып қала береді! Біле білсеңіз, Ислам діні сіз бен біздің пікірімізден құралмайды. Аллаһ Тағала былай дейді:
«Енді жүзіңді «әл-Харам мешіті» жаққа бұр. Мүміндер қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер!» (Бақара сүресі, 144-аят) Аллаһ Өзі разы болатын істі ғана бұйырад, демек Аллаһ Тағала біздің жүзімізді Қағбаға қарай бұруымызға разы болады!
Baqi
жүз бұру мен тоңқайып бас ұру екеуі бір демекпісің?
Ahi
Ол сіздің түсінігіңіз! Осы аятты естігеннен кейін пайғамбарымыз бен сахабалар сіз сияқты түсінген бе?
Baqi
сонымен, екеуі бір болды ма?
Ahi
Мұхаммед пайғамбарымыз ширк істеуі мүмкін бе?
Baqi
оні бір Аллаһ қана біледі
Baqi
кірестті сүю — шірк
хажылық кезінде тасты айналып, оны сүю — шірк
Ojdan
@Baqi vs @Ahi
қай уаххабшы мықты?
Ahi
Басыма жаман ой келіп жатыр: Бақи болып осы жердегі біреу тіркеліп әдейі істеп отыр, нигіндегі ерекшелік (типа Ахиға ұқсайды деп мазақ еткені), ең алғашқы коментін ширк деп бастауы.
Baqi
Басыма жаман ой келіп жатыр: Бақи болып осы жердегі біреу тіркеліп әдейі істеп отыр, нигіндегі ерекшелік (типа Ахиға ұқсайды деп мазақ еткені), ең алғашқы коментін ширк деп бастауы.

Осы айтқаныңа Құраннан дәлел келтіріп бере аласың ба? («Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер» де. (111))
Ahi
Мен діннен бір нәрсе айтып жатқан жоқпын, тек басыма келген ойды сол коментке жаздым. Құран мен Сүннеттің дәлелі тек дінге қатысты жерде ғана қолданылады!
Baqi
дәл осы айтқаныңа дәлел келтіріп бере аласың ба?
Ahi
Дәл қай сөзіме?
Baqi
Мен діннен бір нәрсе айтып жатқан жоқпын, тек басыма келген ойды сол коментке жаздым. Құран мен Сүннеттің дәлелі тек дінге қатысты жерде ғана қолданылады!
Ahi
О жерде екі сөйлем бар және екеуі екі мағына береді, біріншісіне дәлел келтірмеймін, себебі ол дінге түк қатысы жоқ! Мысалы, басымды қасыдым десем, оған не дәлел деп сұралмайды, себебі ол діннен емес, дінге түк қатысы жоқ. Екіншісін сұрасаң, жөн!
Baqi
дәлел келтіре аласаң, онда сен Бақараның 111 аятында айтылған талапты бұздың
kazkozha
Құдай ау мен негізі заманымнан қалып қойппын! Мұнда не деген дебаттар болған! Мын баги деген ким? Егер анық дәлел керек болса өзімен бір жолығатын екен!