Әзірше айызың қанбайды немесе кезбенің арманы.

Әңгіме жасап отырған нәрсем — түрлі форматтағы суреттер. Қазақстанның бұрыш бұрышындағы небір ғажайып табиғи көріністерінің фотобейнелері мен сол бейне жайлы қысқаша мағлұматтардың барлығы дерлік орысша(т.б. тілдерде). Ал енді, сол табиғат аясындағы сәттер бейнеленетін өз тіліміздегі материалдардың көрнекілік жағы көбінесе табиғатты емес, аста-төк дастарханның, немесе түсініксіз ракурстағы адамдардың бейнесімен шектеледі :-(.
… Ғаламтор кезбелерінің айызы қанып, көзі тояттайтындай, еліне-жеріне деген махаббатына мақтанатындай құнды фотосуреттердің ана тілімізде көбейуіне атсалысуды өзімізге алғы шарт қылып қояйықшы ағайын…
4 пікір