Жетім Серік
Кей ауылдарда бір есімді иеленген 2 не оданда көп азаматтар тұрады. Біздің ауылда Серік дегендер көп еді. Соларды әңгіме арасында шатыстырмау үшін халық олардың есімдеріне бірер сөзді қосып айтады.Мысалы, Жетім Серік, Қыржық Серік, Тоңмойын Серік, Соқыр Серік, Шопыр Серік дегендей. Ал, Сіздердің ауылдарыңызда осындай лақап аттары бар адамдар бар ма?
Біздің ауылда да Серік есімді жандар көп. Соның бірі менің әкем. Ауылдағылар кейде нақтылап білу үшін «ТУ Серік па, әлде ИЛ Серік па?» деп сурайтындары бар, фамиляның бастыпкы буынынан шығарып алған түрлері ғой))