Құрандағы ең бірінші бұйрық, ең бірінші тыйым
Құран парақтарын жайлап ақтара бастасаңыз, Алла Тағала былай істе, немесе анадан тыйыл деп бұйырмайды. Ең бірінші сүре фатиха сүресі, оның ішінде бірде-бір бұйрық жоқ. Одан кейін бақара сүресі, енді соны оқиық, субханаллаһ, бір түрлі боласың кәдімгідей!
Аллаһ Тағала былай дейді: «Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сондай олар көмеске (ғайып) иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды. (Мұхаммед) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және Ақіретке анық нанады. Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар. (Енді арман қарай, екіжүзді кәпірлерді сипаттайды).(Мұхаммед) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді, Аллаһ олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (Алла оларды жаратып ой, көз, құлақ берген болса да қарсы келіп қасарысқандықтарынан осы халге келген). Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаһқа, Ақірет Күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді. Олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!»- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!» — делінсе, олар: «Ақымақтарша иман келтірейік пе?»- дейді. Байқандар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді. Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дейді. Әрқашан олар шайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дейді. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Олар тура жолды таппады. Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Аллаһ олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр), олар көрмейді. Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды. Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Аллаһ кәпірлерді толық баураушы. Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де, оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жойар еді. Аллаһтың әр нәрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысалда, Құран және ислам — көзді алардай жарқылдап, күркіреп құйған нөсерге; мұнафықтар — найзағайдан қорқып, саусақтарын құлақтарына тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тентіректегенге теңеліп отыр). Әй Адам баласы! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да (ата-бабаларыңды) жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Әрине сақтанған боларсыңдар. Ол сондай Аллаһ, сендерге жерді төсеніш, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Ендеше, біле тұра Аллаһқа серік қоспаңдар!» (Бақара сүресі, 2-22-аяттар)
Құран кітабындағы ең бірінші бұйрық осы: Әй Адам баласы! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да (ата-бабаларыңды) жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар!
Ең бірінші тыйым: «Ендеше, біле тұра Аллаһқа серік қоспаңдар!»

6 пікір