Аллаға ғана құлшылық ет!
Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар! Ата-аналарыңа игілік жасаңдар, сондай-ақ туыстарыңа, жетімдерге, кедейлерге, жақындарыңнан болған көршілер мен жақын емес көршілерге, жандарыңдағы жолдастарыңа, жолаушыларға және қол астыңдағыларға (құлдарға) жақсылық жасаңдар! Негізінде, Аллаһ тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (Ниса сүресі, 36-аят).
Түсіндірме:
Бұл аят ғалымдар арасында «аятул-хуқуқ» (құқықтар аяты) деп аталады. Бұл аяттың мағынасы “Лә иләһа илләл-Ллаһ” куәлігімен толық сәйкес келеді. Өйткені, “Лә иләһа” – Аллаһтан өзге құлшылық етілетін тәңірлерді теріске шығару болып табылады (нәфий), ал бұл «Оған ешкімді серік қоспаңдар!» сөздерімен сәйкес. “Илләл-Ллаһ” – Аллаһтың ғана құлшылыққа лайықты шынайы тәңір екенін растау болып саналады, ал бұл «Аллаһқа құлшылық етіңдер» сөздеріне сай.
Араб грамматикасына жүгінсек, талдап жатқан аятымызда ширктің барлық түрлері, әрі серік ретінде қосылуы мүмкін болған бүкіл нәрселер қамтып алынғанын көре аламыз. Себебі, «Оған ешкімді серік қоспаңдар!» сөздерінде «тушрику» деген нақ осы шақтағы етістік келген (фи`л мудори`). Ал ол өз кезегінде екі нәрседен тұрады: масдар (естістіктен жасалған зат есім) және зәмән (уақыт). Масдардың әрқашан нәкира (тұйық райында) болатыны араб тілін үйренген адамның баршасына мәлім. Тура сол сияқты, «шәй-а» («ешкімді») деген сөз тұйық райында, яғни “әлиф-ләм” артикілісіз келіп тұр. Ондай болса, араб тілінің мына қағидасы еске түседі: “Егер тұйық райындағы сөз тыйым салу, теріске шығару, шарт қою, сұрақ қою сөйлемінде келіп тұрса, онда ол жалпы мағына береді”. Назар аударсаңыз, «Оған ешкімді серік қоспаңдар!» сөйлемі тыйым салу мағынасында келіп тұр. Демек, бұл аяттың мән-мағынасын толыққанды жеткізу үшін оны былай аударған дұрыс: “Оған қандай да біреуді және қандай да бір нәрсені серік қосудың қандай да бір түрімен ортақ етпеңдер!”
Аллаһқа ешкімді серік қосуға болмайды: пайғамбарды да, періштені де, әулиені де, тіпті дүниені де. Егер адамның басты уайымы дүние болса, ол оған құл болып кеткені. Сол үшін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Динардың құлы құрыды, дирһамның құлы құрыды» (Бухари 2/327).
Раббымыз: «Аллаһқа құлшылық етіңдер», — деп бұйырған соң, «Оған ешкімді серік қоспаңдар!» — деп ширктен қайтарды. Өйткені, ширк құлшылықты бұзып жібереді. Дәретсіздік намаз бұзылатыны секілді, Аллаһқа серік қосу да ғибадатты бұзады. Сондықтан, Аллаһ ширкті тыйым салмай қоймады.

1 пікір