Жетпіс бес қабат

Демалуға келген үш жігіт номерді отельдің жетпіс бесінші қабатынан алған. Кешке таза ауаға шығуды шешкен үш жолдас шыға берісте әкімшіліктегілерден түнгі сағат 10-нан кейін лифттің істемейтінін біледі. Кешікпеуді жөн санап, саябаққа қарай бет алған жігіттер отельге түнгі сағат оннан кешігіп келген еді. Жетпіс бесінші қабатқа жаяу шығу ақылға сыймайтынын айтып әкімшіліктегілерге қанша жалынғанмен, нәтиже болмады. Ескерту де жасалған, тек кешігушілер өздері кінәлі.
Сонымен, алда жетпіс бесінші қабаттағы номерге жаяу көтерілу мәселесі тұр. Үш жігіт әр жиырма бес қабаттан бөліп алып, әңгіме дүкен құруды өз мойындарына алады. Араларындағы бірінші жігіт жиырма бесінші қабатқа дейін көңіл көтеріп, небір күлкілі оқиғаларды еске алып, көңілді біраз көтеріп тастады. Келесі кезекті алған жігіт ой қосарлық мәні бар салмақты әңгімелер айтып, кезекті үшінші жолдастарына берген еді. Үшінші жігіттің әңгімелері мұңды екен. Жетпіс бесінші қабатқа да жетіп қалған жігіттер кілт тоқтады: араларындағы біреуі өкінішті және ғибратты хабары барын айтты:
-Жаяулатып жетпіс бесінші қабатқа да келіп қалыппыз, қатты өкініп тұрмын. Бірінші қабаттағы әкімшіліктегілерден бөлмеміздің кілтін алуды ұмытып кетіппіз. Жігіттер, жетер межеге келіп, амалсыз өкініп тұрғаннан сақтасын. Жұмыр бастының ғұмыры қазіргі сәттегі жағдайға ұқсайтынын қараңдаршы, жиырма бес жасқа дейін ойын-күлкімен өтетін жастық шақ, одан әрі отбасын құрып, иттірліктің қамына көшуді бұйыртса, пайғампар жасының ар жақ бер жағында адам ана өмірге камдана бастайтынын байқауға болады. Адамдар өмір бойы жүректерінің түбіндегі «кілтті» ұмытумен өтеді. Мейірімді Жаратушымыз осындай жағдайдан сақтасын.
Бөлісу:

17 пікір

Ahi
Бірінші қабаттағы әкімшіліктегілерден бөлмеміздің кілтін алуды ұмытып кетіппіз.
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 12:22
Aizhantabyn
күшті!!!

Есіме бір анекдот түсті. Чебурашка мен Гена қолтырауын тоғызыншы қабатқа пионино көтеріп келеді екен. Чебурашка: Гена, саған бір нәрсе айтайын ба? дейді. Гена болса, кейін айтасың, жеткізіп тастайық мына пиониноны дейді. Біраздан Чебурашка тағы да: Гена, бір нәрсе айтайыншы дейді. Гена ашумен, кейін дедім ғой деп ұрысып тастайды. Ақыры тоғызыншы қабатқа көтерілгенде Гена, ал айта ғой! не болды депті, сонда чебурашка: Гена, біз басқа подездге кіріп кеттік депті))
satibaldi
****
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 12:23
AKY
құрбы деген біртүрлі екен, жолдас деген жөн болар.
satibaldi
Бәлкім навигациясы… ориентациясы дейміз бе…
Serzha
Демалуға келген үш жігіт
Erkekyz
Мен сол басында үш жігіт пен үш құрбы туралы деп түсініппін.
AKY
Соны айтам да. Махаббат тақырыбы қозғала ма деп…
konvict
Мен де жеттім осында. Давай осында тағы бір флуд ұйымдастырып жіберелік
AKY
Қойнақ, ұхтайм.
(Мында модерлер бар)
Erkekyz
Ия, тағы басталуының өзі сондай ойға итермеледі ғой, қонақ үй, саябақ деп))) Нұржол, кешір.
qisyq
Бесінші қауымдастық.
Ahi
Мен мынаны бір анекдот па деп қалдым ғой. Оқып отырып күлкіден қақалып қала жаздадым ғой. Сөйтсееееем…
Onlasyn
Әңгімеңіз жақсы екен, бірақ ана "құрбы" дегенді жолдас деп өзгерте салсаңыз. "Құрбы" деп қыздарға айтылды ғой.
aues
өте жақсы ғибратты әңгіме. жақсы мысалмен келтіргенсің.
araika
Әңгімеге беріліп кетіппін.
Мысалдайтын болсақ, өмірде 1-інші қабатқа ғана көтеріліп-түсіп жүрген жандарға үлкен сауап.