Жапония күнделігінен: Huis Ten Bosch-тағы екінші күн
Оқырманым ұмытпаған болса, біздер Huis Ten Bosch қаласында жүрміз.
Бұл жер теңіз жағасында орналасқандықтан, желдің ызғары әсіресе кешке қарай күшейді. Салқындық та бар, күндіз шақырайып шыққан күннің ізі де қалмаған.
Біз қонақтаған қонақ үй де, ондағы қызмет көрсететін персонал да көңілімізден шықты.
Әр қонақ үйдің қонағына арнап саунадан шыққан соң киетін жеке костюмі де болады екен. Бәрі жапон стилінде, еркегі де, әйелі де неге бірдей киіммен жүргенін енді ұқтым
Қонақ бөлмесі:
Менің таң қалғаным, Жапониядағы қонақ үйлердің барлығында дерлік монша бар. «Монша» дегенде біздікіндей емес, әлдеқайда дамып кеткен!!! Ол туралы жанна да өз блогында жазған толықтай: altygradus.wordpress.com/2010/12/08/%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B1%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B/
Ал маған сол жерде болудың сәті түсті. Жапонияда жер бедері, қыртыстарының өзгешелігінен ыстық бұлақтар да көп екен. Міне, соны босқа кетірмей, халықтың қажетіне жаратқандарын көрмеймісің! Неше түрлі құрамды су, оған қоса ыстық саунасы, тұзды саунасы, ең бастысы – тазалық! Сосын келушілерді аяқ киіммен кіргізбейді.Кіре берістегі жәшіктеге салып, әрі қарай жалаң аяқ кетесің.
Саунадан шыққан бетте айна алдын шаш кептіретін феннен басқа бетке, шашқа, қол-аяққа арналған арнайы крем, маска, лосьондар толып тұр. Монша ішінде де шашқа арналған шампунь, кондиционер, душ гелі тұр.
Huis Ten Bosch туристтер қаласы екенін тағы бір айқындайтын жер – қонақүйде де адамдардың көп болуы, жанұясымен демалатындар көп, әке-шешелерін де сүйемелдеп тасып жүреді. Солармен бірге қыдырғанды жақсы көреді. Соны көрген кейінгі ұрпақ та үлкенге ізеттілігін жоғалта қоймас деп ойлаймын.
Қонақ үйдегі таңғы астан соң кеше кеше қарауға үлгере алмай қалған парктегі қызғалдақтарды көруге бардық. Сол жерден суреттер:
Паркте қызғалдақтардан басқа да гүлдер өсіріледі, табиғи ма, жасанды ма, көлдерде аққудар жүзіп жүр балапандарымен. Нағыз идиллия!!!
Қатты өсіп кеткен гүлдерді арнайы бағбандар қазып алып, өткен-кеткен жүргіншілерге тегін таратады екен. Біздің де қолымызға 4-5уі тиді.
Біз тұрған қонақ үй:
Бұл жерлерді де түске дейін шарлап, қимастықпен қоштасып, Сасебо қаласына жол жүріп кеттік.
Вокзалдағы мына композиция ұнады.

Бірақ туған елімізге не жетсін
Ауызымның суы құрып отыр, барсам ғой мен де :)