Соңғы қоңырау!!!
БАРЛЫҚ, БАРЛЫҚ, БАРЛЫҚ ОРТА, ОРТА АРНАУЛЫ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІТІРУШІЛЕРІНЕ!!!
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!
Аңсаған армандарыңа жетіңдер!
Болашақтарың жарқын болсын!
Кездесу ұйымдастырып жатқан ТҮЛЕКТЕР! Үлгілі әке, ана болыңыздар! Әрқашан қуанышта бастарыңыз қосылсын!!!
/Жазып кете берсем
«кеңестік открыткаға жазғандай»
деп күлер деп ойладым :)/
Мектептегі махаббат — махаббаттың патшасы
Енесей мен Еділді шатастырып картадан,
Ең алғашқы махаббат, басталады партадан.
Күндей таза көңілің, қардай таза парақты,
Махаббаттың толғағы басталады партадан.
Шығармаң сол жазатын, шығаратын есебің
Бүгініңді ұялтар еске түссе кешегің
Түк жауап жоқ кешегі түнде жазған хатыңнан
Білмегендей ол да үнсіз өте шығар қасыңнан
Кешпегендер басынан сенбе мейлі сен мейлі,
Ең алғашқы махаббат бірін бірі көрмейді.
Айта алмас ем ерте деп, айта алмаймын кеш деп мен,
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен.
Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең тоңды,
Ең алғашқы махаббат болу керек ең соңғы.
Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы,
Ең алғашқы махаббат — махаббаттың патшасы.
***
Ең алғашқы махаббат махаббаттың бастауы
Ең алғашқы махаббат махаббатың патшасы… /Наби Аймұратов орындаған/
/Кезінде барлық естелік-анкеталарға сия тауысып жазушы едік/
● ● ● ● ●
Қоштасар жылғы ең қимас сәттерім, сағыныштарым көп менің
Қақтырдың қанат қияға қырандай, менің мектебім
Бойжеткен қайда шашына ақ бантик жүрген тағынып
Әке болсақ та әр үйде, сендерді жүрміз сағынып © Z@ttybek
Көз жасыңды тишы енді болды.
Еске алайықшы қайта қызықты күндерді
магинтупон силайтын едік баяғыда. Оларды кәзір қолданады дегенге сенбаймін. ол мектеп инвентарына қосып «дүние» көретін дүниеқоңыз «запхоздар» ған. СД диск оқитын центр силағанда завхоз тығып қойып 5 жылдан соң МП3 шыққанда береді. Жап жаңа. Бірақ қолданбайсың. НАҚ дейсің сонда
Сыйлаған аттың тісіне қарама
Лазердің картридж бағасы қымбат.
Қазіргі кезде екі қолын қалтаға салып, көше кезетін мектеп оқушыларына қарағанда, біздің дәуірде бәрі әлдеқайда жақсы болған екен ғой. Комсомолға жете алмасақ та, ант беріп (Ахи көзін жұмсын), пионер қатарына өттік. Ереже мен тәртіпке бағындық, оқи жүріп армандай білдік.Ұстазымыз дұрыс емес әрекеттерімізге бола жерден алып, жерге салса да, басымыздан нұқып жіберсе де (болды ғой :)) сол қалпында қабылдайтынбыз. Күнделіктерімізді уақтылы толтырып, алған бестіктерімізді ата-анамызға көрсетуге асығатынбыз… Тағы… тағы… Осындай ерекше сәттерді сыйлаған мектеп қабырғасымен қоштасу бір жағынан қуаныш, бір жағынан көңілсіз.
Үлкен өмірге жолдама беретін 25-Мамыр құтты болсын!
Шар сол күйі ұшпады…
Мектебің мынау класың, осында 10 жыл тұрасың, бейкүнә болып кіресің, оңбаған болып шығасың! Мектебің, мынау сыныбың, осында талай жыл қыдырдың, талай-талай гүлдердің бұтақтарын сындырдың. Мектебің, мынау лесница, осында талай құладың, екі тізеңді быт-шыт қып, отырып алып жыладың! Мектебің, мынау учительский, бұл жерге талай келгенсің, төбелеспеймін деген уәдені талай-талай бергенсің! Мектебің, мынау директор, барлығын ол тіреп тұр! Мектебің, мынау класың, осында 10 жыл тұрасың, биттей болып кіресің, иттей болып шыгасың!