Шаш алу керек еді

Бүгін 25 мамыр, оқу жылының соңғы күні, ертең жазғы демалыс. Осы күн ерекше есімде сақталып қалған күндердің бірі. Мектеппен қоштасу ретінде емес, осы күні менің шашым алынатын еді. Бір жола сырып тастайтын, әкем жарықтық. Түсқайта көшеге „көкбас„ (асфальтта өсендердің басына күн тимейді шамасы) болып шығатынмын. Көрші балдар қызықтап түртіп кетуге әуес еді, кейбіреулері таяқ та (әрине әлің жетсе) жейтін.
Соңғы рет 10 бітірген жылы тақыр бас болыппын.
Бірде әкеме қатты ренжігенім бар еді, 2-3 кластар шамасы -ау деймін, 26 мамыр күні Совет одғының батыры Қайырғали Смағұловпен кездестік. (фотоны тапсам ілермін). Клас болып, ортаға апай мен батырды алып суретке түстік, елестеттіңдер ме? :)

Онбір бітіретін жылы әкем дүние салды, сол жылы шашым да алынбады, кейде отырып әкем болғанда выпускнойға қалай барады екенмін деп қоямыз.
Бөлісу:

3 пікір

alisha
Клас болып, ортаға апай мен батырды алып суретке түстік, елестеттіңдер ме? :)
Көз алдыма Абзал келе қалды бірден:))))
sigma
Оған Қарылғаштың да қатысы барын ұмытпа (Ренжиді ғо)
Daniar-Alan
Енді өзің алып жүрген жоқсың ба? :)