Бес жыл бұрын...
Осыдан бес жыл бұрын мектеп бітірдім.
Бірақ сол күні соңғы қоңырауға бара алмадым. Кеше, яғни 2006 жылдың 24 мамыр күні «абайсызда», «байқамай» жасыл түске өтіп бара жатып,
машинаның астында қалдым. Қалғаным қызық қой) машина дәл мынау
алдыңғы дөңгелегі аяғымның тура үстіне шыққанда, тұрды да қалды. Не ары емес, не бері емес. Менде шок, ауруды сезіп тұрған жоқпын. Бірақ 2 тонналық микроавтобустың аяғымның үстінде тұруы бір түрлі екен. Жолсеріктің терезесінен бір бас сығалап, алайған көзімен қайта ішке кіріп: «Мля, он под колесами, живой лежит»,- деді. Мен: "Әй, көке дай назад деседім". Ноль реакция. Ана жігіт қайта қарады. Сөйтіп, ақыры алдыға қарай жылжып кетті. Қыртс-қыртс (сүйегім сынып жатса керек)… Өтті де тоқтап екі орыс жігіт шықты. Менде аурудың көкесі басталды аяғымды құшақтап, жерде домалай бердім. бір қарасам, әкем әлгі жүргізуші мен соның серігін төмпештеп, ұрып жатыр екен. Енді бір қарасам, жоқ. Мені әлгі автобусқа отырғызып, ауруханаға алып кетті. Әкем жоқ…
Ақымақ, неге артқа қарай бермедің десем, артқы ара (скорость) істемейді деді. Тормозда нашар істейді екен (төртеуінің біреуі ғана істесе керек)… Ауруханада сүйегім шытынып кеткенін айтты. бір кезде әкем де келді, әкемнің соңынан бүтін бір «делегеция» апам, атам, ағалар, тәтелер, вообщем кете береді. Мама жылап жүр, мен отырмын, аяқта уже гипс. Бір кезде жүргізуші жылып қасыма келді: «Брат, у меня церез 10 дней свадьба...» (не губи жизнь, сжалься дегендей)
Не керек «фики хайр» деп кешірдім.
Жазым аяқ астында дейтін бе еді осы, қазір жазылып, құстай ұшып жүрген боларсың?