Алғаш рет көлікпен жұмысқа келдім
Жақында көлік алған болатынмын. Анау-мынау ұсақ-түйек жөндеулерін жасатып, құжаттарын реттегеннен кейін (ескі көлік), қалаға шығып кетуге бата алмай жүргенмін. Бүгін таңертең тұрдым да, өз-өзіме: "Қашанғы үрке берем нақ, тәуекел деп шығып кетейін" дедім іштей. Жұбайымды қасыма отырғызып алып, шығып кеттім. Оның жұмысы жақын еді, оны жолшыбай түсірдім де, қаланың орталық бөлігіне тарттым. Қызықтың көкесі сонда басталды. Баяу жүргеніме өзге жүргізушілер сигнал беріп, одан мен бірнеше рет көлікті сөндіріп алып… очм, приключениелер болды неше түрлі. Әншейінше 20 минутта жететін жерге, 30-40 минуттан астам уақытта жеттім әзер дегенде. Лібә, осы көлікке қызықпайтын адам едім, қатын қояр да қоймай алғызып…
ПыСы: Көлік алғанда, құжаттарын жасатқанда, жөндеткенде көмектескен керекшілер @omarbirat, @Erbol браттарға рахмет!
ПыСы: Көлік алғанда, құжаттарын жасатқанда, жөндеткенде көмектескен керекшілер @omarbirat, @Erbol браттарға рахмет!
Автоматты беріліс қорабы бар машинамен келе жатып сөндіріп алу күнә енді.
Басқа түскенде бәрі басқаша ма? Бәр жерің терлеп кетеді иә солай жүргізіп келе жатқанда, еще истерика болады менде :)
Өткен жолы жарты күн бойы Қаскелеңге мәшинемен барып-келіп жүргенде правам үйде жатыпты, нақ әкесс :))
Бір рет бір таксиге міндім. Алдында ерлі-зайыптылар: рульде күйеуі, қасында әйелі. Жолдың ортасына келгенде правасын үйде қалып кеткені естеріне түспесі бар ма? Лібә, содан күйеуі мандраж ұстап, кәдімгідей мәңгіріп қалды. Түсетін жерімді басында нақтылап айтқанмын. Сол жерге жақындағанда ортаңғы қатармен ұрып бара жатыр сабазың. «Аға, мына жерден тоқтай салыңыз» десем, «А?» деп алды да, артта машиналар келе жатыр ма деп қарау жоқ, келе жатқан беттен оңға қарай бұра салды. Дәл сол кезде оң жақ қатарда ілесіп келе жатқан мәшине ірескі тормыз беріп, мынаған сигналдатып әбден боқтап алды :))
мен де көлікке қызықпаймын, куәлік жатыр шаң басып
жұбыңда құжаты болса, берсеңші соған, зато өзің қиналмайсың ;) менің жездем жұбының тек қасында отырғанды жақсы көреді, күледі, жұбымның білмейтін түкпірі жоқ Алматыда деп)))
менде қызықпаймын, неге екенін :( былай соңғы кезде жаяу жүретін, таксилететін жерлерім көбейіп кеткен соң шаршап кетемін, сол келесі жылы оқып, күзге салым машина алсамба деймін :) бірақ уақыт көрсетер, шығыны тағы бар)))