Тәлібтер Қазақстанға ескерту жасады

«Қазақстан өз елінің қалауы мен өзінің аймақтағы мүдделерін ескермей, АҚШ-тың мүддесін қорғауға ыңғайлануда. Қазақстан мұсылмандары өз басшылығының бұл ағат саясатын қолдамауға тиіс», — делінген тәлібтердің үндеуінде.
«Қазақстан тарабының бұл қадамы Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа және аймақтағы жағдайға теріс ықпалын тигізері сөзсіз және ол ұзаққа созылуы мүмкін», — делінген одан әрі.
Осы жылдың 18 мамырында Қазақстан Парламенті НАТО-мен әріптестік шеңберінде қазақ сарбаздарын Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің қатарында алты айлық әскери қызметке жіберуді қарастыратын заң жобасын мақұлдаған болатын.
www.baq.kz
13 пікір