Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды
Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды. Тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлаған бес жасар бүлдіршін, абырой болғанда, дін аман қалды.
Шыңғыс Тәйтенов үйде жалғыз қалған екен. Сыртта өзімен қатарлас балалардың доп қуып жүргенін көрген ойын баласы терезені ашып, секіріп кетіпті. Бүлдіршін тура жерге түскен. Оқыс жағдайға куә болғандардың таңданысында шек жоқ. Шыңғыс тек басынан жеңіл соққы алып, сан сүйегі сыныпты. Сонда да жан сақтау бөліміне жеткізілген Шыңғысты дәрігерлер келесі күні-ақ жарақатты таңу бөліміне ауыстырған. Дәрігерлер: «Баланы «періштесі қаққан шығар, ендігі ғұмыры ұзақ болады» -дейді.
www.ktk.kz/
13 пікір