Өмір өз бейнең

Баласы мен әкесі тауды аралап келе жатыр еді. Кенеттен бала шалынып кетті. Ауырсынған ол «Аааааааа!» деп айқайлады. Баланы таң қалдырып, таудың басқа жағынан «Аааааа!» деп оған дауыстады. Таң қалған бала: «Сен кімсің?»-деп айқайлады. Ол «Сен кімсің?» деген жауап алды. «Мен саған таңданып тұрмын!» деп бала тауға айқайлады. Тағы да «Мен саған таңданып тұрмын!» деген жауап келді таудан. Ашуланған бала «Қорқақ!» деп айқайлады. Таудан «Қорқақ!» деген дауыс келді. Түкке түсінбеген бала әкесінен не болып жатқанын сұрады.
-Балам зер сал да, тыңда!-деді де әкесі айқайлып,
-«Сен – Чемпионсың!»-деді.
Таудан «Сен – Чемпионсың!» деген дауыс келді. Бала таң қалды. Бірақ әлі ештеңе түсінбеді.
-Адамдар бұны жаңғырық деп атайды. Шынында бұл өмір сияқты. Ол саған не айтып не істегеніңді өзіңе қайтарады. Егер сен өзгелер өзіңе махаббатпен қарағанын қаласаң, жүрегіңде өзгелерге деген үлкен махаббат орнат.Егер сен өзіңнің достарың саған сенгенін қаласаң, өзгелерге сен. Бұндай қарым-қатынасты барлық нәрсеге байланыстыр. Өміріңнің барлық соқпақтарына. Өмір оған берген нәрселеріңнің бәрін қайтарады!-деп жауап берді әкесі.
Алынған жері
Бөлісу:

7 пікір

Ojdan
алдын жарияланған
konvict
Мен жындымын ба десем, менен өткендер де бар екен
Ojdan
айтпа
konvict
Сен Гастаның палатасынан қашып шығыпсың
VKM
Абай, жақсы әңгіме екен.Қоя бер)