Мерген Best Original Songs байқауының 4-і кезеңіне өтті. Қолдау білдірейік!



Осыдан біршама уақыта бұрын @batyr «Мерген» деген лақап атпен ән салатын Ақмарал есімді әншіні таныстырған еді. «Адасқан жан» деген клипін көріп, жаңашылдыққа ұмтылғанын көріп, тәнті болған едім.

Клипін іздеп отырмас үшін қайыра ұсынып отырмын.



Содан бері Ақмаралдың twitter-дегі жазбаларын оқып отырамын. Қызық қылғанда ол да менің жазғандарымды оқып тұрады екен. Бір күні екеуміз бір іс-шарада жүргенде туит жазған кезіміз болды. Мен сахнаға шығатын әншілерді тізбелеп, дайындықтың нашарлығын айтып тұрсам, дәл сол сәтте сахна сыртында тұрып ол да туит арқылы ұйымдастырушыларды сыбап отыр екен :)

Мерген қазір «Best Original Songs»деген америкалық байқауға қатысып жатыр. Байқаудың төртінші кезеңіне де өтті. Ендігі кезекте 30-мамырға дейін онлайн дауыс беру басталды. Мүмкіндіктеріңіз болса, сілтеме бойынша өтіп, Мергеннің әндеріне дауыс бере салсаңыздар болады.

Дауыс беру үшін

1. Мына сілтемеге өтіңіз
2. Тізімдегі The Game (Ойын) — Mergen
Monshak kar (Snow as a beads) — Mergen деген әндердің тұсынадағы Vote дегенді басасыз.

Маған «Моншақ қар» деген әннің атауы ұнады :) Тыңдап көріңіздер

Find more artists like Mergen at Myspace Music

Пы.сы. Ән бәріне бірдей ұнамауы мүмкін. Мергеннің орындауындағы басқа әндерді facebook-тағы парақшасынан да тыңдауға болады.
Бөлісу:

16 пікір

urimtal
Бізде әншілер деген қауымдастық бар ма? Мүмкін тақырыпты сол жаққа көшіруім керек шығар, ә?
omarbirat
Конкурс қанша кезеңнен тұрады екен?
asaubota
сілтеме ашылмады менде
Aizhantabyn
міне өнер!!!

Таңатаров дейсіңдер ғой))))))))))))))))))))))
chimaq
Daiynbyn(chekteu bolmasyn dep tilei berein )
Altygradus
@direct ілген суреттерді көру бақыты бұйырмаушы еді, енді @urimtal ілген клипті де тамашалау бақыты бұйырмапты:)
monti
фаварит әнші деген жерде көбі соңғы кезде Мерген деп көрсететін болыпты. Мен 1 де 1 әнін естіп көрпетім(ұялып қаған смай)
konvict
Мен өлеңін ести алмадым
urimtal
Soundcloud-тан тыңдауға болады екен. Жаңа сілтемесін салып жіберді.
chimaq
dauys berdim,dostaryma da aittym,solardan bolmaghanda 100 adam daus bere alady dep senemein…
omarbirat
Mergen
Приходите все на artcamp.kz/sound/ в субботу 28 го мая в new building в КИМЭПе, буду читать лекцию на тему музыкального продакшна. По расписанию в 14.40. Приглашаю всех!
дейді.
urimtal
mergenmusic туиттеріне жазыпты: «Получила письмо „Congratulations, Your songs is one of the 6 finalists...“ переходим на 5 уровень, только 6 финалистов… 6 песен. Круто!!!»

Қолдау білдерген баршаларыңызға алғысын айтып жатыр.