BOTY 2000 финалы: Flying Steps (Германия) vs. Waseda Breakers (Жапония)

BOTY дегенге, резіңке етік деп ойлап қалмаңдар. Battle Of The Year деп талданатын, брейкданс командаларының арасында өтетін әлем чемпионаты тәріздес шоудың аты ғой :))

Flying Steps деген Германиялық команданың атын бұрыннан еститінмін. Әлемдік деңгейдегі брейкданс жұлдыздары десе де болады. Енді солардың қай жері мықты өзі деп интернетті ақтарып жүріп, мына бір жарыстың финалын тауып алып, көріп отырмын енді.

1-бөлімі:

2-бөлімі:

3-бөлімі:


Бұл баттлда Flying Steps жеңімпаз болып танылды. Waseda Breakers тобы "Үздік шоу" номинациясы бойынша жүлде алыпты. Меніңше, жапондар жыртып кеткен сияқты. Фантазиялары да, оны іске асыратын мүмкіндіктері мен қабілеттері де баршылық екен.

P.S.: Жарыс 2000 жылы болған.
Бөлісу:

14 пікір

omarbirat
Ең есалаң баттл, шшс :)
asaubota
ілмектер өртейді :)
omarbirat
Брейкшілерден естіген бар білетін терминдерімді тізіп шыққаным ғой, типі :)
direct
Мықты БОТИ екен!!!:)
Билері жақсы, қайсы жақ жыртқанын түсіне алмай қалдым:)
omarbirat
Оң жақтағы, араларында шлем, панама қалпақ киіп алғандар — жапондар. Артистизм мен тапқырлық жағынан ұрып тұр.
direct
иә, жапондардың әртістизміне ырза болдым, дуқолшапалақтайтындай екен!
omarbirat
Иә, «оңбай кетейін, әртіссіңдер ғой» дегізеді :)
direct
Биге қызыққан адамға КЕРЕКБОТИ екен:)
asaubota
интернет нашар болып тұр. біріншісін ғана қарап шықтым. жапондарға қарағанда аналардікі креативті шыққан сияқты менің ойымша.
omarbirat
Қызық жерлері — екінші, үшіншісінде :)
asaubota
ертең қарайм онда. мен кеттім, алдавайсыңдар!
omarbirat
Мынадан өткен бір жынды баттл таптым. Сосын жариялаймын :)
asaubota
жапондардан ақ каска киген жігіт қана жақсы өнер көрсеткен сияқты. аналар по делу алған сияқты, имхо.
omarbirat
Ұқсасы жоқ трюктер жасау жағынан жапондар мықты екенін көрсетіп қалды бірақ. Флаиң степстікі классикаға көп келеді, әсіресе күшті қажет ететін трюктері. Сол үшін берген шығар :)